Еңбекқорлық және оның табысқа әсері



бет1/2
Дата17.04.2024
өлшемі21.88 Kb.
#498977
  1   2
енбек жане табыс тарбие саг


Тақырыбы: "Еңбекқорлық және оның табысқа әсері"
Мақсаты: Оқушыларға бүгін де еңбек шешуші ұлттық фактор екенін ұғындыру және еліміз үшін еңбек етуге оқушыларды баулу, кәсіптік білім беру. Адам еңбегін бағалай білуге, еңбек адамдарын сыйлай білуге тәрбиелеу. "Табыс " сөзінің мәнін ашу. "Табыс формуласын " құру. Жеке тұлғаның өзін-өзі жан жақты дамуына жағдай жасау; өз-өзімен , қоршаған ортамен үйлесімде өмір сүретін табысты адам тәрбиелеу.
Құндылық: жеке тұлғаның өзін-өзі жан жақты дамуына жағдай жасау; өз-өзімен, қоршаған ортамен үйлесімде өмір сүретін табысты адам тәрбиелеу. еңбек арқылы барлық жетістікке жетуге болатындығын түсіндіру.
Жұмыс түрі : топта жұмыс жасау , ой қозғау, талқылау, ақпараттандыру, эврестикалық әңгіме  


Тәрбие жұмыс барысы: Бүгінгі тақырыбымыз: Әлемнің әміршісі – еңбек. Еңбек сөзін естігенде сендердің ойларыңа не келеді?
/Оқушылар өз бетінше ойларын айтып, қорғап шығады/.
Әлемнің әміршісі – еңбек. Тек еңбекпен ғана жеміс өнбек. Тек еңбек ғана қиындықты жеңбек – дегендей сендердің басты міндеттерің оқуда жақсы жетістіктерге жету. Ол үшін еңбектенулерің керек.
«Еңбек» деген сөзге топтастыру жасау.
сүйікті іс күш, жігер береді.
Жарқын болашақ қуаныш,
ләззат алу ЕҢБЕК ақша
пайдалы өмір сүруге үйретеді.
ауыр шынықтырады жеңіл
Сұрақ – жауап. Ой бөлісу
Сұрақтар:
1. Еңбек адамға не үшін қажет деп ойлайсыңдар?
2. «Адал еңбек» деген ұғым нені білдіреді? Нағыз еңбек неден басталады?
3. Еңбекқор деп қандай адамды айтамыз? Өзіңізді еңбекқормын деп санайсыз ба? Еңбекқорлық адамды қандай қасиеттерге баулиды?
4. Өздерің қандай еңбекпен айналысқанды ұнатасыңдар?
5. Адам бойында қандай қасиеттер болғанда қандай жетістіктерге жетуге болады?
6. «Еңбектің жемісі» дегеніміз не?
7. «Еңбек», «Еңбексүйгіштік» деген ұғымдарды қалай түсінесіңдер?
8. Сендердің қазіргі негізгі еңбектерің қандай?
/Оқушылардың жауаптары тыңдалып болған соң, оларды толықтырып, адамның өмір сүруіне қажеттінің барлығы еңбекпен келетіні түсіндіру./
Итальяндық ғалым, суретші Леонардо да Винчидің «Көп еңбек еткенге бақыт басын иеді» деген екен. Еңбектің пайдасы – тәрбиелейді, жігерлендіреді, күш береді, қуантады, бақытты етеді, өмір сүруге үйретеді, үнемшіл болуға үйретеді, ширатады, шынықтырады.


Экранға назар аударайық . Нені көріп тұрмыз. Дұрыс, ҚР атақты адамдары . Оларды не біріктіреді? Жақсы оны басқалай қалай айтамыз. Жарайсыздар, табысқа жеткен адамдар. Кей кезде бізге табысты өмір- өте қиын , оған тек күш жігері жоғары таңдалған адамдар ғана жете алады деп ойлаймыз. Алайда олай емес, өмір бір мезгілде жеңіл де табысты бола алады. Сіз мақсатыңызға жетуге күнделікті талпынып, көңілді жүре аласыз. Әр күніңіз сізге, жаңашылық пен жетістіктер әкеліп, мақсатыңызға жақындата түседі. Әр күн сайын күшіңіз арта түседі. Сіздің жоспарларыңыз көп. Міне табысты адамның портретін осылай елестете аламыз. Сіздің өміріңіз осылай болуы мүмкін.
Қалай ойлайсыздар , "Табыс " , "Табысты адам" дегенді қалай түсінесіздер?
Мына бір притчаны тыңдайықшы.
Бір адам, Айға ғашық болып, оны сағынып жүреді екен. Айға жақын болу үшін, ол таудың үстіне үй салып әр кеш сайын айға қарап, күндердің бір күнінде айға жететінін армандап отырады екен. Бір күні түнде айдың жарығынан түскен жол оның үйіне дейін жетеді. Адам сол жолға түсіп айға қарай беттейді. Жолдың жартысын еш кедергісіз өткеннен кейін, ол өз шамасына күмәндәніп қорқынышпен төменге қарап құлап түседі. Бұл притчаның мәні неде ? Иә, алдыңа қойған мақсатқа жету үшін, артқа қарайламай тек алға жүру қажет.
Егер де атақты адамдар табысқа жетіп жатса, онда неге кез келген адам жете алмайды? Адамның қолынан бәрі келеді.
Сіздердің ойларыңызша экранда берілген қай сөздер адамды алдына қойған мақсатқа жету үшін маңызды деп ойлайсыздар ?
- ҚОЛЫМНАН КЕЛЕДІ , ҚАЛАЙМЫН
- ҚАЛАЙМЫН , АЛАЙДА ҚОЛЫМНАН КЕЛМЕЙДІ
- ҚОЛЫМНАН КЕЛМЕЙДІ ЖӘНЕ ҚАЛАМАЙМЫН.


Тапсырма
І топ. Мақсат қояды
ІІ топ. Табысты адам бойындағы қаситеттер
ІІІ топ. Табысты болуға арналған іс-әрекеттер
Рахмет жарайсыздар.
Алдарыңызда жатқан қағазды маркермен екіге бөліңіздер
І бағанға - қуыс, мағынасыз жол ол қандай ? неге әкеледі ?
ІІ бағанға - табысқа жеткізер жол ? неге әкеледі?
Тапсырма
І топ . Табыс баспалдағын жасау
ІІ топ. Табыс формуласын құру
ІІІ топ. Өлең шумақтарын әуенге салу.
Жылдар,жылдар жылдам жылдар өтеді
Еңбек еткен табысқа бір жетеді
Ал ұйқыны жақсы көрсең егерде
Табысты болу арманың боп өтеді
Сонда табысқа бізді не жетелейді
Өмір мен ісіміздегі төзімділік жетелейді
Арман құс секілді жылдарды жарып өтеді
Табысқа жетудің жолын әр кез көрсетеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет