Әбілқасым Айжан Ақшаханқызы Адамгершілік және жыныстық тәрбие Мақсаты



бет1/3
Дата08.05.2023
өлшемі306.69 Kb.
#473355
  1   2   3
ерте үктіліктің алдын алу


Түркістан облысы Ордабасы ауданы Темірлан елді мекені
Амангелді атындағы жалпы орта мектебі
Педагог-психолог:
Әбілқасым
Айжан
Ақшаханқызы
Адамгершілік және
жыныстық тәрбие
Мақсаты: Ерте жүктіліктің алдын алу, әдет-ғұрыпты,салт-дәстүрді қыз баланың бойына сіңіре отырып, келешекте ана алдында қоғамның, ұлттың тыныс-тіршілігі барысындағы үлкен жауапкершіліктің тұрғандығын сезіндіре отырып, әдепті, сыпайы, адамгершілігі мол, білімді жан жақты жетілген қыз бала болуға тәрбиелеу. Ерте жастағы жүктілік, оның алдын алу жолдары туралы оқушы қыздарға айтып, түсіндіру.
Міндеттері:
  • ұрпақ тәрбиесіне байланысты ата-бабалар ілімдері туралы түсініктерін қалыптастыру;
  • отбасын құру мен бала тәрбиесіне байланысты жауапкершіліктерін арттыру;
  • жүрек тәрбиесі мен ақыл тәрбиесінің мән-мағынасын ашып көрсету.

Ерте жүктілік деп 13-19 жаста болған жүктілікті айтамыз. Бұл кезде қыз балада бойжеткен кезеңі гормоналды ауысу кезеңі басталады.
Бұрын ерте жүктілік жағдайы төмен отбасыларында болады деп есептелген, бірақ қазір бұл пікір өзгерді. Себебі тұрмыс жағдайы жақсы отбасында өскен балалар жауапкершілікті сезінбейді.
Көпшілік ата-аналар балаларының сексуалды өмірлеріне араласқылары келмейді. Мұны бұқаралық құралдардан, интернеттен біледі деп ойлайды.
Контрацепция құралдарын, контрацепция жайлы кітаптар алу жеткілікті емес, ең бастысы балаға оларды қолдануды әдетке айналдыру маңызды. Сондықтан қаламаған ерте жүктілік – жыныстық тәрбиенің жүргізілмегенінің нәтижесі.
Ерте жүктіліктің кауіп-қатері. Жүктілік кезінде жүрек-қан тамыр жүйесіне, эндокриндік жүйеге және басқа да жүйелерге қосымша жүктеме түсетіні белгілі. Ал бойжеткен кезінде әлі толық қалыптаспаған ағзаға одан да күшті жүктеме түседі. Жас ана жүктілікті физикалық көтере алмайды. Жас анада қиын таңдау тұрады: аборт жасау немесе баланы қалдырса өзін және нәрестені кауіпқатерге тігеді. Толық қалыптаспаған организм жүктілікпен және босануды көтере алмауы мүмкін, сондықтан мерзіміне жетпеген нәресте немесе ақауы бар нәресте туылуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет