Туркестанская Библиотека - www.turklib.ru – Turkistan Library
61
жоқтай. Қажыған көзің қарайған іздесе, қасына келсең – не жүзген, не
сексеуіл боп шығады.
Жазғытұрым жабырқау құм ішіндегі мимырт жүріс осы бір онсыз да
беймəлім сапарды одан сайын мəнсіздендіре түскендей.
Жаппар тұқшыңдаған көк есек пен ерге қарай емпеңдеген əкесінің
соңынан ере беруге жалыққандай бір ауық құм үстіне шалқасынан түсіп
жата кетті. Төбеде де мелшиген үнсіз аспан. Мөлдір көкте бұлттан
жұқана жоқ. Тек дөңкиген шағылдарға астасқан жері ғана сəл
мұнартады. Биіктеген сайын тұп-тұнық. Ол телмірген аспанға қарап
жатты-жатты да, қайта тұрды. Сосын сусыма құмды борбайлап кешіп, көк
есектің соңынан салды.
Күн еңкейе деңбек шағылдар сиреп, олар құмақ жазыққа шықты. Сол-ақ
екен, əкесі кілт тоқтап, айналаға көз салды.
Əжім-əжім құм... Əкесі жаяу борасыннан сақина-сақина боп шимайланып
қалған майса құмақтан əлдебір сиқыр жазып кеткен дұға оқып тұрғандай,
шұңірек көзін шүйілте төңкеріп, төңіректі ұзақ шолды, ұзақ ойланды.
Сосын есегінің басын шығысқа бұрды.
Олар қызыл шағыл қара қатқақпен астасар жеріндегі шұңғыл түлейге
кірді. Жаңа ғана жер табандап жатқан қызыл шағылдар көлеңке ұзарған
сайын бірте-бірте биіктеп, ніл ыдырай бастаған кешкі аспаннан енді-енді
көрінген кілегей бұлттарға араласыи кеткендей.
Көк есек құдды құрдымға сіңіп бара жатқандай... Əуелі əншейін көлбеуіт
басталған ойпат күрт тереңдей түсті. Əкесі қара түлейдің қақ ортасына
кеуделеп енуге дəті бармай, көз ұшынан ернек көрініп тұратындай жерге
барғасын, есегін сексеуілге байлады. Жаппарды жиырма қадамдай
аулаққа алып шықты. Сосын ұйысқан сексеуілдің қалыңдау жеріне
жетектеп апарып, бұталардың арасындағы анадай жердегі кемер ернек
еміс-еміс көрінетін оймақтай саңылаудан көзіңді аударма деп тапсырды.
- Қашан өзім келгенше қыбыр етпе.
Əкесі кес-кестеп тұрып алған сексеуіл бұталарын қолымен көтеріп,
басқа бір жаққа жылыстай берді. Сексеуіл бұталарының сытыры
əлдебір уақытта барып басылды. Шамасы, əкесі де қойлайлы орын тапса
керек...
Тоғай арасы сыз, салқын... Жаппардың танауын дым-қыл жүзген мен
сексеуілдің əлдебір көңірсік иісі жарып барады. Күннің қызғылт нұры ит
тұмсығы өтпес қалың жыныстың ту төбесіне іркіліпті. Ағаш арасына
қараңғылық ұйыса бастады. Көз алдындағы селдір саңылаудан құмақ
ернек қана қылауытады. Жалғыз қалған Жаппар елегізіп, төңірекке
құлағын қанша тұрсе де, ештеңе естілмейді.
Бір уақытта мимырт жүрістен əбден қалжырап қалған өне бойы дел-сал
тартып, кірпігі ілініп барады екен, жалма-жан көзін ашып ала қойды.
Дəл маңдай алдындағы селдір саңылаудан əлдене бұлаңытқандай болды.
Жаппар көзін уқалап, қайта қарады. Түйелі адам. Басына дағарадай қып
сəлде орап алған біреу бұлар тығылып жатқан түлейді алыстан орағыта
|