Əбіш Кекілбаев АҢыздың


Туркестанская Библиотека - www.turklib.ru – Turkistan Library



Pdf көрінісі
бет24/119
Дата15.12.2023
өлшемі1.6 Mb.
#486596
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   119
A 1187 yzdy 1187 a 1179 yry Kitapkhana ucoz com 231129 214600

Туркестанская Библиотека - www.turklib.ru – Turkistan Library
60 
бұның жүзіндегідей таңырқау, тамсану жоқ. Əке көзінің өткір сұғы 
бұның өн бойына ине боп шаншылып жатқандай. 
Кəрі шебер балапан көңіл баласының ұп-ұлпа жүйкесін сол бір 
шаншудай қадалатын сұсты жанарымен ширықтырмақ. Əйтпесе, албырт 
жастың ыждаһаты да лақтың түбітіндей, иірілуден гөрі түтілуге оңтай 
тұрады. 
Жаппар шын шеберді шыңдайтын өзгенің көзі екенін сол əкесінің ертеден 
қара кешке міз бақпай қараған мір жанарынан ұқты. Əкесінің 
шеберханаға бөгде жұртты неге кіргізбейтінін де енді түсінді. Шебер де 
он екі мүшесіндегі ен сұлулықты шəйімен қымтап, көлденең көзді оқыс 
жалт еткен ай дидарымен ынтық қып қоятын кермиық кербез сұлудай, кез 
келген тіміскі көзге сыр шаша бермеске керек. Жұрт оның маңдайындағы 
шып-шып терді, қалжыраған жүзін, кірбиген қабағын көрмеске керек, 
көрсе қолынан шыққан бұйымды көрсін, таңдансын, қызықсын, бас исін. 
Шын шеберге содан артық мұрат жоқ. Өзгенің телміре қараған сұсты 
жанарынан қысы-лып-қымтырылмаған, өзгенің өз қолынан шыққан 
бұйымына тамсана қарағанына іштей масайрап мадиықтанып қалмайтын 
қанжылым мінезден шебер шықпақшы емес. Əкесі Жаппардың қолынан 
шыққан бұйымнан гөрі сол көлденең көзге енжар қарамайтын 
сезімталдығына сүйсінді. Соны көрді де, өзге балаларындай жабы түйсік 
емес, əсершіл ұлы барына риза болды. Баласын өзінің кəсібіне баулуға 
ынт-жынтымен кірісті. 
Жаппар осы бір жан-жағынан сыз аңқыған тар лашыққа таңертең кірсе, 
кешке бір-ақ шығады. Əуелде та-науын жарып кете жаздайтын күйген 
саздың күңірсік иісі қазір байқалмайтын болды. Құмыра қырнайтын 
шарықтың зыр көбелек суылына да құлағы үйренді. 
Бала осынау шұқшима кəсіптен қанша шаршағанмен зеріккен жоқ. Күніне 
бір құпиясы шығып тұрады да, құныға түсті. 
Əкесі баласын қиын кəсіптен ə дегенде зеріктіріп алмайын дегендей, 
ауық-ауық дүкенін апта бойы ашпай, бой жаздырып алады. Ондайда бала 
əрі-беріден соң қол бос жүрістен іші пысып, дүкенге, шарыққа асығады. 
Көп ұзамай қыстаққа Жаппардың қолынан шыққан құмыралар да тарай 
бастады. Алғаш рет ол өз қолынан шыққан құмырамен суға бара жатқан 
қызды көргенде, дарияға жеткенше, анадайдан соңынан ерді де отырды. 
Қыз талдырмаш денесі бұралаңдап, бұның қолынан шыққан қыш 
құмыраны суға толтырады да, май топырақты имене басып, қыстаққа 
қайта бет түзегенде, манадан бері қыр соңынан қалмай еріп келе жатқан 
бала шебер жақын тұрған дуалдың тасасына зып береді, қыз неге еріп 
келе жатқанымды біліп қоя ма деп қысылады... 
Қазір қыстақта Жаппардың қолынан шыққан құмырасы жоқ үй кем де 
кем. 
Енді, міне, əкесі аяқ астынан алыс жолға шығып, бұл білмейтін беймəлім 
бір жерге ертіп келеді. 
Мынау құм басқан елкеде бұл екеуінен басқа ешқан-дай тірі пенде 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   119




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет