Əбіш Кекілбаев АҢыздың


Туркестанская Библиотека - www.turklib.ru – Turkistan Library



Pdf көрінісі
бет43/119
Дата15.12.2023
өлшемі1.6 Mb.
#486596
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   119
A 1187 yzdy 1187 a 1179 yry Kitapkhana ucoz com 231129 214600

Туркестанская Библиотека - www.turklib.ru – Turkistan Library
79 
Соңғы айлардың ішінде əбден имиіп арып кетіпті. Өңі сұп-сұр. Терісінің 
бəрі сүйегімен сүйек боп қатып қалған. Тек екі көзі ғана тыным таппайды, 
неге түссе де, іші-бауырынан өткізіп ішіп-жеп қарайды. Ине жұтып 
қойғандай байыз таба алмай, аласұрып жүр. 
Күні кеше қара жерді ойып жіберетіндей тырп етпей табандап алған 
зілман, мұнара күннен-күнге ажарланып барады. Анадайда міз бақпай 
қарап тұрған жұрт жаңа мұнараның шаһардағы басқа мұнараларға 
атымен ұқсамайтын ерекше бір сипатын көрер көзге көріп тұрып, бірақ 
оның сыры неде екенін біле алмай, пұшайман болады. 
Көк мұнара күн орынан ауған сайын əр алуан кейіпке көшіп құбылады да 
тұрады. Қараған жан соның бəріне қайран қалады. Бірақ оның сиқыры 
неде екенін біле алмайды. 
Шебер мұнараның ұшар басының əшекейін өз қолынан өткерді, бұл 
аймақтың суық түсіп жарымайтын тағы бір келте қысы өтіп, май тоңғысыз 
шуақ орнады. Ханым бағындағы ағаштар шетінен бүршік жарып, айлапат 
қорғанның ішіне көк көбелек қаптап кеткендей, көк селдір перде 
тұтылды. Көп ұзамай көк бүршіктердің бəрі ақшыл, қызғылт гүл ашып 
үлбіреп шыға келді. 
Ханымның күнбе-күн сəскеде нөкерін ертіп серуендейтін кезі де 
жақындап келеді. Жаппар сол күнді асыға күтті. Ақыры оған да жетті. 
Қызыл ала шəйі ұстағандай ұлпа желек астынан үлбіреген көйлек киген 
бір топ əйел шыға келді. Шыға келді де, аяқтарына жем түскендей, тоқтап 
қалды. Сосын мамырлап басатын үйреншікті жүрістерінен жаңылып, 
мөлдіреп жатқан тоғанға қарай суыт аяңдасты. Тоған қасына жеткен соң 
да, баяғыдай желең көйлектерін сыпырып-сыпырып тастай салып, суға 
күмп-күмп қойып кеткен жоқ. Көк мұнарадан көздерін алмай, аңыра 
қарап тұрып қалды. Қап, бəлем, солай ма екен!.. Жаппар өз-өзінен 
масаттанып, мырс ете қалды. Көмейіне қайтқан өштің бе, əлде көкірегіне 
сый-май бара жатқан көл-көсір қуаныштың ба, бір толқыны лықсып, 
көзінің алды мұнартып кетті. Көк мұнара күннен-күнге өсе түсті. Бірақ 
сарай жақ шеті кетиіп тұр. Жаппар сол кетіктен хан бағына қарап 
телміреді де отырады. Ертең-ақ көзінен бір-бір ұшатын əсем көріністі 
қимағандай, əлгі кетікті бітегісі келмейді. Оны бітесе, хан бағында хор 
қыздарынша асыр салып ойнаған қырық сұлу да біржолата ғайып 
болады. 
Жасыл алаңқайда мамырлап басып қырық сұлу сейілге шығады. 
Ортасындағы басына жарқ-жұрқ еткізіп елден ерек сəукеле киген ханым. 
Олардың айдын жиегіне кеп иіріле қап жаңа мұнара жаққа қарап 
тұрғанын көргенде, Жаппар өзін пейіштің тас төбесінен қарап отырған 
жаратқан иенің өзі екенмін деп қалатындай. Талай рет жігерін құм қылған 
тас мұнара оған қайтадан шарықтатып шырқау көкке шығаратын шапағат 
қанатына айналды. Бірақ сол бақытының өтпелі екенін, енді бірер күннен 
соң қолынан мүлдем шығып кететінін ойлағанда ішін ит жыртқандай 
болады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   119




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет