Әбу Насыр әл-Фарабидің «Китаб әл-Әәдаб әл-Мулукийа уа әл-Ахлақ әл-ихтийарийа» атты трактатына қысқаша



Pdf көрінісі
бет2/10
Дата15.12.2022
өлшемі1.34 Mb.
#467308
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
1765-1-4244-1-10-20211213

 
 
Кіріспе 
Әбу Насыр әл-Фарабидің бізге жеткен 
трактаттарының белгілі бір бөлігі әлеуметтік-
этикалық бағытта жазылған трактаттар. Әл-
Фарабидің «Китаб тахсил әс-Саьада» ( باتك
ةداعسلا ليصحت – Бақытқа жету жайында), «Китаб 
әт-Танбиһ аләә сәбил әс-Саьада» ( ىلع هيبنتلا باتك
ةداعسلا ليبس – Бақыт жолын сілтеу), «Китаб әс-
Сийаасаат әл-Мәданийа» (ةيندملا تاسايسلا باتك – 
Азаматтық саясат), «Китаб фусул әл-мәдани» 
(يندملا لوصف باتك – Мемлекеттік қайраткердің 
нақыл сөздері), «Китаб Әраа әһлу әл-Мәдина 
әл-Фадила» (ةلضافلا ةيندملا لهأ ءارآ باتك – Қайы-
рымды, ізгі қала тұрғындарының ой-пікірлері) 
деп аталатын трактаттарында әлемдегі барлық 
заттардың қалай пайда болғандығы туралы
тіршіліктің түрлері, адам және оның күш-
қабілеттері, қоғамның пайда болуы, ұжымдасып 
өмір сүру формалары, ондағы азаматтардың 
мінез-құлқы мен әділетті басшыға қойылатын 
талап-шарттар, қайырымды қала тұрғындарына 
ортақ мәселелер, ерік-жігер мен таңдау ара-
сындағы айырмашылықтар, бақыт, әділдік тура-
лы түсінік-тұжырымдар әр қырынан талқыға 
түседі. Осы орайда, «Әл-Фарабидің әлеуметтік-
этикалық еңбектерінің тақырыптары бірыңғай 
бола тұрса да, ол бұл еңбектерінің әрқайсы-
сында қандай да болсын бір жаңалықты баян-
дайды, басқа еңбектерде келтірілген қағида-
ларды тереңдетеді немесе жаңа тұрғыдан қарас-
тырады» (Әл-Фараби, 1975: 385), – деген 
пікірмен келісуге болады. Бір сөзбен айтқанда, 
сонау ортағасырларда өмір сүрген Әбу Насыр 
әл-Фарабидің айтқан философиялық ой-
толғамдары, талқыға салған тақырыптары 
бүгінде өзектілігін жойған жоқ. Керісінше 
қазіргі жаһандану заманында күллі адамзат 
баласына ортақ құндылықтарды дәріптеу
белгілі бір ұлттың емес, барша халықтың бейбіт 
әрі бақытты өмір сүруіне қолайлы орта 
қалыптастыру, Шығыс пен Батыс арасындағы 
түсінік алшақтығын жақындастыруда барша 
адамзаттың игілігін көздеген әл-Фараби 
трактаттарының өзіндік орны бар екендігі талас 
тудырмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет