Жаратылыстану 5 сынып Бөлім: 1В Ғалам. Жер. Адам



Дата07.12.2022
өлшемі2.17 Mb.
#466695
түріСабақ
Пятница

Жаратылыстану 5 сынып Бөлім: 5.1В Ғалам. Жер. Адам.


Тақырыбы: Жерде тіршіліктің пайда болуы
Сабақтың оқу мақсаты: 5.2.4.1. Жерде тіршіліктің
пайда болуын сипаттау
Жаратылыстану ғылымындағы маңызды сұрақтардың бірі – тіршіліктің қалай және қашан пайда болғандығы.
Сендер білесіңдер, «Үлкен жарылыс теориясы» бойынша Жер ғаламшары осыдан шамамен 4,5 - 4,6 миллиард жыл бұрын пайда болған. Ол кезде Жер бетінде жанартаулардан атқылаған ыстық бұлақтар, улы ыстық газдар және үздіксіз жерге түсіп жатқан метеориттер басым болды. Сол себепті ол тірі ағзалар үшін жарамсыз еді.
Алдыңғы сабақтардан алған біліміңді пайдаланып, геохронологиялық кесте бойынша Жердің даму тарихындағы эраларды ретпен орналастыр.
Эралар: Архей эрасы, мезозой эрасы, палеозой эрасы, кайназой эрасы, протерозой эрасы.
1._________________
2. _________________
3. _________________
4. _________________
5._________________
Жерде тіршіліктің пайда болуы – ең қызықты жұмбақ­тардың бірі.
«Тіршілік» деген сөзді қалай түсінесіздер?
Тіршілік - ірі органикалық молекулалардан құралып, өздігінен ұдайы өсе алатын, зат пен энергия алмасуы нәтижесінде қоршаған ортада өз әрекетін сақтап қалуға бейім күрделі жүйенің өмір сүру үрдісі.
Мыңдаған жыл­дар бойы адамға Жерде тіршіліктің пайда болуы туралы болжам қызығушылық тудырып келді. Олардың кейбірін негізсіз деуге болады. Басқалары мейлінше материалистік, бірақ олардың ішінде қазіргі заманғы ғылымды толығымен жоққа шығаратындары да бар.
Болжам дегеніміз – бұл жорамалдау немесе болжалдау.
«Эволюция» деген болжамды ұсын­ған Чарльз Дарвин. Оның ойынша, Жердегі тіршілік – тіршілік иесінің ең мықтысы өмір сүреді деген табиғи сұрып­талу және тіршілік үшін күрес арқылы сақталып келеді.
Чарльз Роберт Дарвин (1809 – 1882) – ағылшын
табиғат зерттеушісі, саяхатшы. Оның табиғи сұрыптау теориясы биологиялық көптүрліліктің пайда болуының революциялық негіздемесін берді.
Дарвин идеялары «Түрлердің шығу тегі туралы» (1859) еңбегінде жарық көрді. Оның түрлердің біртіндеп эволюциялық дамуы туралы идеяны білдіретін ғылыми тәсілі кең таралды.
Басқа болжам бойынша, Жерде өмір ғарыштан пайда болды (панспермия болжамы). Оны 1865 жылы неміс ға­лы­мы Рихтер ұсынған. Оның болжамы бойынша, жерден тыс тірі организмдер Жерге метеориттер және ғарыштық шаңмен келген.
Абиогенез болжамы бойынша, Жер бетінде тіршілік органикалық қосылыстардың ұзаққа созылған дамуы нәтижесінде, яғни абиогендік жолмен (өлі элементтерден) туындаған. 
Абиогенез болжамын кеңес биохимигі Александр Иванович Опарин жасаған. Ол 1924 жылы «Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы» атты еңбегін жариялады. Опарин болжамы бойынша, Жер бетінде тіршіліктің пайда болуына әкелген үдеріс үш кезеңге бөлінуі мүмкін:
1. Органикалық заттардың пайда болуы;
2. Ең қарапайым органикалық заттардан өсетін, қоректенетін, тыныс алатын, бөлінетін, зат айналымы бар биополимер заттары мен гелийдің пайда болуы.
3.Қарапайым өздігінен көбейетін организмдердің пайда болуы.
Жеке жұмыс
Жердегі тіршіліктің пайда болу болжамдарын сипаттаңыз. Берілген кестені толтырыңыз.

Болжамдар

Сипаттамасы

Негізін қалаушы ғалым

Эволюциялық



Панспермия



Абиогенез



Ғалымдар Жердегі тіршілік 3,5 миллиард жыл бұрын сулы ортада пайда болғанын дәлелдеді.
Жер ғаламшарымыз пайда болғаннан бір миллиард жыл өткеннен кейін су қоры жеткілікті, тіршіліктің негізі болып есептелінетін әртүрлі микробты тіршілігі бар тыныш күйге өтті. Жер бетінде ядросы толық қалыптаспаған, қазіргі бактерияларға ұқсас алғашқы тіршілік иелері прокариоттар осы элементтердің әсерінен пайда болуы мүмкін. Прокариоттар оттегімен тыныс алмайтын анаэробты жәндіктер.
Прокариоттардан ядросы қалыптасқан біржасушалы эукариоттар пайда болды. Олардың ең қарапайымы – амёба. Уақыт өте эволюциялық даму жолымен суға, құрлыққа, топыраққа бейімделген тірі ағзалар түзіле бастады.
Дамудың эволюциялық жолымен әртүрлі ортаға (су, құрлық, топырақ арасына) бейімделген тірі ағзалар пайда болды.
Сонымен, Жер бетінің алғашқы тіршілік иелеріне ядросы толық қалыптаспаған, оттегімен тыныс алмайтын прокариоттар болды. Кейін, ядросы қалыптасқан біржасушалы эукариоттар пайда болды. Алғашқы балдырлар, медузалар, маржандар, теңіз лалагүлдері 500 млн-дай жыл бұрын пайда болған. Қолайлы орта 350 млн жыл бұрын жер үстінде алып қырықжапырақтарға, қырықбуындарға және плаундардың өсуіне мүмкіндік берді. Бұл өсімдіктер таскөмір шоғырларының пайда болуына себеп болды. Одан кейін алғашқы құрлық жануарлары – ертедегі қосмекенділер пайда болған. Олардан алғашқы бауырымен жорғалаушылар пайда болды (кейбір ұша алатын кесірткелер). 225 миллион жыл бұрын Жерде динозаврлар заманы басталады. Бұл кезеңге қарай гүлді өсімдіктер, құстар, сүтқоректілер пайда болып, тарала бастады. Жердегі тіршіліктің пайда болуы бірнеше миллиард жылға созылды.
Тапсырма: «Уақыт таспасы»
Таспаны мәтінге қатысты кадрлармен толықтыр. Кадрда жердегі тірі ағзалардың даму кезеңдерін алғашқысынан бастап орналастыр.
Үйге тапсырма:
Қазақстан аумағында табылған ежелгі жануарлардың қаңқалары туралы хабарлама дайындаңдар. Олар өмір сүрген кездегі қоршаған ортаның жағдайы қандай болған?

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет