Әдебиет пен ғылым және оның салалары, теориясы, сыны, бағыты ерекшеліктері, ұстанымдар жүйесі


Ел әдебиеті: бағыты, болмысы, идеясы, композиция, стиль, тіл



бет3/5
Дата21.12.2023
өлшемі46.81 Kb.
#487247
1   2   3   4   5
әдеб өзект мәс

Ел әдебиеті: бағыты, болмысы, идеясы, композиция, стиль, тіл
Әлем әдебиетінен бастап, кез-келген ұлт әдебиетінің бастау алар қайнар көзі, даму жолы, бағыт-бағдары, заманына қарай өзгеру, жаңару жолдары бар. Қоғам өзгерген сайын, әдебиетте жаңа сипатқа ие болады. Адамдардың тыныс-тіршілігі, психологиясы әдебиет арқылы көрініс табатыны белгілі.
Қазақ әдебиеті де сан ғасырлық ұзақ тарихында түрлі даму жолдарын басынан өткерді. «Жазба әдебиетіміз ХVIII ғасырдан басталды» деген пікір уақыт өте, VIII-XV ғасырларға шегініп, жыраулардан бергі дәуірді қамтып, зерттеле бастаған. Бірақ қаза-қаза ұлт әдебиетінің қайнат көзі – інжу-маржандары тым тереңге тамыр жайғанын байқадық. Зерттеушілеріміз ұлттық құндылықтарымызды көне дәуірден таратып, тасқа басқан бабалар мұрасы мен өсиетін бүгінгі ұрпаққа таныта білді. Жетпіс жылды еншілеген Кеңес дәуірі әдебиеті де талай асыл дүниелерді жарыққа шығарғанын жоққа шығара алмаймыз. Әдебиетіміздегі ақтаңдақ беттерді қайта қарап, келешекке кемелдігін көрсету де осы кезеңнің еншісіне бұйырды.
Әдебиет – әр халықтың рухани қазынасы, болмыс-бітімі, сана-сезімі, ой-өрісі, жаны екенін талай ғұламалар дәлелдеп, қызыл сөздің құдіретін танытып берген. Х.Досмұхамедов «Халықтың құлқы, мінезі, ойы заманындағы әдебиеттерінен білінеді әдебиет – халықтың түрлі қимылдарының айнасы»,- десе, М.Бахтин «Әдебиет – адамның жаны, оның ішкі әлемінің өзгеруі санасының көркем бейнеленуі»,- деген әдебиеттану оның ғылыми сипатын танытатын тұсы. Заман көшімен дамып, жетіліп, өзгеріп отыратын қағидалары бар зерттеу әдіс-тәсілдер мен түрлі ағымдар көрінісі.
Әдебиеттану – көркем әдебиеттің шығу тегі даму жолдары, өзіндік ерекшеліктерін зерттейтін ғылым.

Әдебиеттану, сын, сыншы еңбегі
Әдеби сынның тарихына көз жібергенде оның пайда болу, даму жолдарының әдебиеттің өсіп-өркендеу бағытымен сәйкес келіп отыратындығы байқалады. Әріге бармай-ақ 19ғ. Орыс әдеб. Пушкин, Гоголь, Толстой секілді алыптардың кезінде әдеби сын да шарықтап шырқау биігіне көтерілді. 20 ғасырдағы әдебиеттің сыны күні бүгінгі биігіне шықты. Қазақ әдебиетінде үстіміздегі ғасырдың алғашқы кезеңінде Абайдың, Ахметтің, Мағжанның, Шәкәрімнің, Жүсіпбектің т.б. шығармашылықтың жарық көруі әдеби-сыншылық ой-пікірлердің жаңаша қарқынмен дамуына түрткі болды. Әсіресе, Абайдың, Мағжанның шығармашылығы жайлы таластар шын мәніндегі профессионал сынның қалыптасып, өріс алуына ұйытқы жасады. Мысалы, кезінде М.Жұмабаевтың шығармашылық сипаты, бағыты төңірегінде түрлі даулар дуылдап тұрған кезде жазылған Жүсіпбектің «Мағжанның ақындығы туралы» мақаласы қазақ әдеби сынының биік үлгісіне айналды. Әдебиетте түрлі ағымдар, бағыттар пайда болып, тарау-тарау жолдармен дамыған тұстарда оған шырылдап жүріп тура жолды көрсеткенде- осы әдеби сын.
Әдеби сын – көркем әдебиет оның ғылым мен қоғамдық ғылымдардың тоғысында пайда болып, күнделікті әдеби өмірді зерттейтін оның жетістіктері мен кемшіліктерін саралап, бағалап отыратын, әдеби үдерісте болып жатқан құбылыстарды оқырманның дұрыс түсінуіне көмектесетін рухани әлем аясында қызмет атқаратын әдеби, ғылыми, публицистикалық, әлеуметтік сипатты шығармашылық түрі; қоғамдық ғылыми сананың бір саласы, көркем әдебиет жайлы дәуір үні.

Әдеби сынның жүйесіне оның субъектісі(сыншы), нысаны(шығарма, жазушы, әдеби өмір), мазмұны (әдебиеттің өзекті мәселелері), әдіснамасы (талдау тәсілдер), құралдары( ғылым категориялары, жетістіктері), жанрлары(рецензия), бағыты(оқырман), қызметі(танымдық, бағалаушылық), ұстанымдары(халықтығы, жауынгерлігі) жатады. Осылардың әрқайсысы қоғамдық өмірдің қоғамтанудың түрлі салаларымен тығыз байланысты. Мысалы, сынның әдіснамасы жалпы қоғамдық ғылымдармен, оның ішінде философиямен, жанрлары журналистикамен зерттеу нысаны көркем әдебиетпен қызметі педагогикамен, бағыты әлеуметтанумен(социологиямен) тікелей қарым-қатынаста.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет