Диалог, монолог – кейіпкерлердің характерін сомдауда ай- рықша роль атқаратын, логикалық шешімдердің, іс-әрекеттің на- нымдылығын дәлелдейтін көркемдік бейнелеу құралдары. Көр- кем бейне жанды және нақты әрекет үстінде, сөйлеу барысында толыққанды тұлғаланып, мінез-құлқындағы өзіндік ерекшелігі ашылады. Демек, образ сомдауда кейіпкер тілі шешуші орын алады.
Шығарма сюжетін ширықтырып, оқиға динамикасын кү- шейтетін көркемдік компонент - диалог. Диалог - (грекше dialogos – әңгіме, сөйлесу) көркем әдебиеттегі сөйлеу түрі, екі немесе одан да көп адамдардың өзара әңгімелесуі. Алайда диа- логтың қызметі адамдардың сөйлесуімен шектелмейді. Шығар- мада әр кейіпкердің өзіне тән сөз саптауы, сөйлеу мәнері арқылы
оның болмыс-бітімін, характер даралығын, нақты жағдайдағы эмоциялық көңіл-күйін, сезім толғанысын аңғарамыз. Диалог арқылы шығарманың идеясы мен кейіпкердің мінез табиғаты танылады. Бұл турасында М.Бахтин: «Шындықты іздеудің диалогтық әдісі дайын шындыққа ие болғысы келетін нақты монологизмге, сонымен қатар, қандайда бір шындықты білеміз деп ойлаған адамдардың сенімділігіне де қарсы қойылады. Шындық жеке адам басында туындамайды және болмайды, ол шындықты іздеуші адамдар арасында олардың диалогтық сөй- лесуі кезінде туындайды»1. Расымен, көркем туындыда адам- дардың бір-бірімен тығыз қарым-қатынасы негізінде ғана олар- дың рухани-мәдени деңгейі, шынайы табиғаты танылады.
Орыс тіл білімі мен әдебиеттану ғылымында көркем диа- лог үлгілерінің типологиясы жасалып, оның төмендегідей түр- лері көрсетіледі: диалог – сұхбат, диалог – тергеу, хабарлама диалог, диалог – тартыс, диалог – дау, диалог – қайшылық, диа- лог – ой-талқы, диалог – өтініш, диалог – ұсыныс, диалог – ой- түрткі, диалог – жинақтау, диалог – сәлемдесу, диалог – қоштасу т.б.
Б.Майлиннің әр шығармасындағы диалогтық қолданыс ерекшелігі автордың өзіндік қолтаңбасын, суреткерлік шебер- лігінің қырларын танытып отырады. Оның «Мырқымбай» өлеңі түгелдей диалогқа құрылған. Мысалы:
- Бара алмаймын,
Оған пенде бола алмаймын. Тентіретіп жіберсең де,
Бұл тіліңді ала алмаймын!.. Мырқымбай, Мырқымбай, Мырқымбай! Бай, бай, бай, ит-ай,
Күйдіріп-ақ болдың-ау! Әй, құдай-ай!..
Мұндағы диалог әке мен баланың мінезін, олардың ара- сындағы қарама-қайшылықты терең ашып берген. Ал өлеңнің
1 Бахтин М. Эстетика словесного творчества. – М., 1986. – С. 26.
интонациясы осы диалогқа қосымша сипат үстеп, көркемдік құн- дылығын аша түскен.
Д.Исабеков әңгімелерінде диалогтың қызметі көптеген мә- селелерді қамтиды. Мәселен, кейіпкерді мінездеу, шығарма оқи- ғасын дамыту мен идеясын айқындау – жазушы шығармала- рындағы диалогке тән нәрсе. Д.Исабековтің «Конфронтация» әңгімесінде оқиға мен характер динамикасы диалог арқылы дамиды: «Арада екі жыл өткен соң барып Ережеп ақшаны кон- вертке салып, бұртиып жүрген Елеместің ашуын тарқатпақ боп, оны әйелімен қосып үйіне шақырды... Ол... ақшаны мұқият санап шықты. Санап болды да: "Алмайм" деді.
Неге?- деді Ережеп түкке түсіне алмай.
Аз.
Неге?
Сол. Аз.
Азың қалай? Төрт жүз сомың түгел.- Ол конвертті қолына алып, ақшаны көзбе-көз санауға беріп еді, анау оны тоқтатып тастады.
Әуре болма,- деді ол дүңк етіп. - Сен менен ақша алған кезде бір тіс елу сом болатын, қазір жүз сом.
Ережеп пен әйелі ауыздарын ашып, бір-біріне қарады. Сонан соң көмек сұрағандай Елеместің әйеліне бұрылып еді, "Не естіп отырсыңдар, сол" дегендей ол да мелшиіп қапты.
С... сонда... мен сс-саған...
Сонда сен маған сегіз жүз сом бересің. Былтырдан бері алтынның екі есе қымбаттағанын білмейсің бе?
Мен сегіз тіс емес, алты тіс салдырғам. Міне,- деп ол аузын ашып, тісін көрсетті.- Жүз сомын дәрігерге бергенбіз.
Онда менің шаруам жоқ. Не сегіз жүз сом, не сегіз тіс. Болды». Диалогтың лексикалық құрамымен қатар, синтаксистік құрамына да назар аударылуы тиіс. Жай сөйлемдердің, сұраулы, бұйрықты, лепті сөйлемдердің мағыналық қызметіне қарай кейіпкер тілінің ерекшеліктері сараланады. Мұндағы жақтырмау мәніндегі сұраулы сөйлемдер, бір сөзді қайталау, интонация ерекшелігі т.б. кейіпкердің мінезін сипаттауға көмектеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |