Әдебиет туралы ғылым және оның салалары



бет2/86
Дата03.04.2024
өлшемі462.32 Kb.
#497435
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   86
дебиет туралы ылым ж не оны салалары

Әдебиет сыны – көркем шығарманы әдеби-эстетикалық тұрғыдан талдап, оның идеялық мазмұнын, эстетикалық қуатын, көркемдік ерекшелігін ашатын әдебиеттану ғылымының бір саласы. Әдебиет сыны - көркем шығарманы өз дәуірінің әдеби үдерісінің аясында талдап, саралайтын, оның орнын анықтайтын, ақын-жазушыларға бағыт сілтеп отыратын әдеби-публицисти- калық, ғылыми-эстетикалық шығармашылық түрі. Әдеби сын әдебиет теориясы, әдебиеттің тарихы жеткен жетістіктерге сүйе- неді.
Әдеби сынды шығармаларды сынап, мінеу деп, бір жақты қабылдайтын түсінік те кездеседі. А.Пушкиннің сөзімен айтсақ:
«Сын – өнер мен әдебиеттің туындыларындағы сұлулық пен кем- шілікті ашып отыратын ғылым». Яғни, сын көркем шығарманың олқы тұстарымен қатар, оның көркемдік жетістігіне, артықшы- лығына, әдебиетке қосар жаңалығына да баса назар аударуы тиіс. Шын мәнінде, әдеби сынды бүгінгі әдебиеттің аяқ алысы мен тақырып ауқымын, әдеби шығармашылыққа талдау жасап, эстетикалық баға беретін әдебиеттің құнарлы арнасы деуге бо- лады.
Әдеби сын қалыптасуы жазба әдебиеттің, ғылымның да- муымен тікелей байланысты. Ш.Уәлихановтың, А.Құнанбайұлының, Ы.Алтынсариннің әдебиетке қатысты айт- қан пікірлері қазіргі қазақ әдеби сынының бастаулары іспеттес. ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында «Түркістан уә- лаятының газеті», «Дала уәлаятының газеті», «Айқап», «Қазақ» басылымдарының беттерінде әдебиетке қатысты материалдар- дың басылуы әдеби сын тарихындағы жаңа кезең болды. Бұл басылым беттерінде Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынұлы М. Дулатов, С. Торайғыров қазақ әдебиеті жайлы құнды пікірлер айтты.
ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы әдеби процесте қазақ әдеби сынының дамуы қарқын алды. Ұлттық әдебиеттануымыз- дың келелі мәселелері жөнінде С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов, С.Мұқанов, Ғ.Тоғжанов, Н.Төреқұлов, Қ.Кемеңгеров т.б. өз ойларын ортаға салды. 30-шы жылдарда әдеби сынның аннотация, рецензия, мақала, айтыс мақала, шолу, шығармашылық портрет сияқты түрлері баспасөз бетінде жиі көрініп, жанр ретінде қалыптасты.
Әдебиет сыны әдеби даму үрдісіне араласып, үн қоса оты- рып, әдеби туындыны терең талдауды мақсат тұтады, сол дәуірге сай оның көркемдік құндылығын айқындайды. Әдеби сында сыншының тұлғасы маңызды роль атқарады. Сыншы қызметі өз дәуіріндегі әдебиет дамуының маңызды компоненті болады. Сыншының мақсаты – жаңадан жазылған көркем шығармаларды өз пікірін негіздей отырып бағалау. Әдеби сын жазушылар мен оқырмандар арасындағы шығармашылық дәнекер қызметін ат- қарады және жазушы еңбегін ынталандырып, бағыт береді. Әде- би сынның деңгейі алдымен сыншыға байланысты. Сыншы оқырманның талап-талғамын жеткізіп, әдебиеттің барлық жанр- дағы жетістіктері мен олқылықтары турасында қоғамдық ой қозғайды. Әдеби шығарманың көркемдік табысы мен кемшілігін дөп басып, эстетикалық тұрғыда әділ бағалау сыншыдан дарын- дылықты, үлкен жауапкершілікті, эрудицияны, сауаттылықты талап етеді. Сын түзелмей, мін түзелмейді. Екінші жағынан, орыс сынының басында тұрған В.Белинскийдің өзі: «Барлық сыншылардың ішінде ең данышпан, ең қателеспейтін сыншы –
уақыт» - деп бекер айтпаған. Кемел шығарма қашанда уақыт сы- нына төтеп бере алады.
ХХ ғасырдың 70-шы жылдары әдеби сынның дамуына мол мүмкіндіктер жасалды. «Уақыт және қаламгер», «Сөзстан» сияқты әдеби сын мақалалар жинақтарын ұдайы шығару үрдісі қалыптасты. Қазақ әдеби сынын дамытуда С.Қирабаев, С.Әшімбаев, З.Серікқалиев, Б.Ыбырайым, А.Егеубаев, С.Жұмабек, Б.Кәрібаева, Қ.Ергөбеков, Ә.Бөпежанова, Т.Шапай, Д.Ысқақов, Ә.Меңдеке т.б. елеулі үлес қосты. Осы ретте қазақ әдебиеті сынының даму тарихын, қалыптасу жолын, теориялық негізін зерттеген Т.Кәкішевтің еңбегі ерекше. Әдеби сынның өр- кендеуі баспасөзбен тікелей байланысты. Себебі әдеби сын оқырманға баспасөз арқылы жетеді. Әдеби процестің дамуы мен өрістеуіне, әдебиеттанудың өзекті мәселелерін талқыға салуда қазақ басылымдарының, атап айтсақ, «Қазақ әдебиеті», «Жұл- дыз», «Жалын», «Әдебиет айдыны», «Әлем әдебиеті», «Үркер»,
«Ақиқат» т.б. әдеби газет-журналдардың үлесі қомақты.




    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   86




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет