Әдебиет туралы ғылым және оның салалары



бет82/86
Дата03.04.2024
өлшемі462.32 Kb.
#497435
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   86
дебиет туралы ылым ж не оны салалары

Әдебиеттің халықтығы мәселесі орыс әдебиетінде қай кезеңде ерекше көтерілді?

А) ХІХғ. ортасы мен 2 жартысы В) ХХғ.
С) ХҮІІІғ.
D) ХХІғ. Е) ХҮІІғ.

  1. Сюжетте баяндалар оқиғалардың, адамдар арасындағы қарым-қатынастың, тартыстың аяқталуы қалай аталады? А) Шешімі

В) Шарықтау шегі С) Пролог
D) Эпилог
Е) Экспозиция



  1. Сюжетті немесе оқиғалы өлеңнің бір түрі:

А) Баллада В) Арнау С) Сонет
D) Толғау Е) Ода

  1. Кереғар ұғымдарды бетпе-бет қоятын айшықтаудың бір түрі:

А) Антитеза. В) Анекдот. С) Анаграмма.
D) Омоним. Е) Анафора.



  1. Диологқа құрылған өлең:

А) «Ыбыраймыз, Ыбыраймын». В) « Бостандық».
С) « Кедейге».
D) « Кел, балалар, оқылық». Е) « Мене жастарға сенемін»



  1. Эпикалық бейнелеудің ерекшелегі:

А) Өмір құбылыстарын кең қамтып, суреттеу мүмкіндігінің молдығы. В) Суреттеу-бейнелеу тәсілдерінің шектеулілігі
С) Жекелеген жайларды бейнелеуі
D) Характер, тип жасауға әуестігі Е) Тақырып таңдауы



  1. Мінез сомдаудың бір жолы, көңіл-күйін білдіретін толғау сөз:

А) Монолог. В) Диолог. С) Ода.
D) Ырғақ. Е) Арнау.



  1. Көркем шығармада көрініс табатын өмірде бар адам:

А) Прототип. В) Образ.
С) Персонаж.
D) Мінез.
Е) Пейзаж.



  1. Силлабикадағы шешуші нәрсе.

А) буын В) дауыс С) үн
D) ырғақ Е) екпін

  1. Көркем туындыдағы бірнеше тақырыптардың тұтас жүйесі

А) Тематика В) Интерьер С) Сюжет
D) Проблематика Е) Мазмұн



  1. «Сюжет...типтің, характердің қалыптасу тарихы» деген:

А) Горький. В) Добин.
С) Шкловский.
D) Веселовский. Е) Аристотель.



  1. Мәтінде дыбыстық қайталаудың қай түрі орын алған?

Толқыннан толқын туады, Толқынды толқын қуады
Толқын мен толқын жарысад (Мағжан) А)Аллитерация
В)Эпифора С) Ассонанс
D) Еспе қайталау Е) Анафора



  1. 12-15 бәйіттен тұратын,сүйіспеншілік-философиялық мазмұндағы арабтардың монорифмикалық лирикалық өлең түрі: А) Гәзәл

В) Ақ өлең С) Аруз
D) қара өлең Е) Ямака

  1. Н.Буало сипатталған ағым:

А) классицизм В) пессимистік
С) сентиментализм
D) «Зар заман » ағымы Е) декаденттік



  1. Сюжеттің негізі

А) идея
В) композиция С) фабула
D) тақырып Е) тенденция



  1. Этимологиялық жағынан тілінде латын «үлгілі» деген мағына білдіретін сөзбен байланыстағы әдеби бағыт:

А) Классицизм В) Реализм
С) Барокко
D) Сентиментализм Е) Романтизм



  1. Өлеңмен жазылған повесть қалай аталады:

А) Поэма
В) Фельетон С) Сатира
D) Очерк Е) Мысал



  1. Әдеби шығармада бейнеленген шындық:

А) Көркем шындық
В) Өмірдің шындығының шынайы көрінісі С) Автордың өмір жолы
D) Басқа бір шығармадан алынған оқиға Е) тарихи оқиғалар жаңғырығы



  1. Қиял-ғажайып ертегілерінде жиі орын алған мотивтің бірі:

А) Су асты патшалығы жайлы В) Өгей шеше мен өгей қыз
С) Табиғат аясындағы адам
D) Асыраушы аң жайлы
Е) Бір нәрсені (есік, сандық т.б. ) ашуға тиым салу



  1. Еділдің бойы ен тоғай, Ел қондырсам деп едім. Жағалай жатқан сол елге

Мал толтырсам деп едім , деген Махамбет өлеңінің ұйқасы:
А) Кезекті ұйқас В) Егіз ұйқас
С) Ерікті ұйқас
D) Шалыс ұйқас Е) Аралас ұйқас



  1. Озық үлгілі әдебиет

А) бұқаралық әдебиет В) беллетристика
С) классика
D) тривиальды әдебиет Е) параәдебиет



  1. « Әдебиеттегі өзегі- адам, мақсаты- катарсис, яғни адамдардың сезімін барлық жағымсыз, келеңсіз нәрселерден арылту» деген ойды айтқан көне дәуір ойшылы:

А) Аристотель В) Лао цзы
С) Аристофан
D) Гораций Е) Платон



  1. Туған айдай нұрланып,

Дулыға кидім, өкінбен...-деген жолдардағы көркемдік тәсіл
А) теңеу
В) метонимия С) эпитет
D) әсірелеу Е) метафора



  1. Арай ма, сұлтан, арай ма,

Астыма мінген арғымақ
Аяңдай түсіп, марай ма,-деген өлең тармақтары неше бунақтан тұрады?
А) үш В) төрт С) алты
D) екі Е) бес



  1. Өлең мен ән-күй қатарласа жүретін сахналық шығарма

А) опера В) драма С) комедия
D) трагедия Е) балет



  1. Әдебиетті өзге өнер түрлерінен ерекшелендіретін динамикалық сипат қалай көрініс табады?

А) бейнелі сөз арқылы В) тақырып арқылы С) мазмұн арқылы
D) фабула арқылы
Е) композиция арқылы

  1. «Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы » деген өлең жолында

«қақтаған ақ күмістей» деген тіркес қандай көркемдеу құралы?
А) эпитет, теңеу
В) литота, архиаизм С) теңеу, синоним
D) антоним, омоним
Е) полисемия, гипербола



  1. Эллипсис деген не?

А) сөз тастап кету В) алмастыру
С) астарлау
D) ұлғайту Е) пернелеу



  1. З.Қабдолов өлеңге ең бірінші шарт деп нені атаған?

А) ырғақ. В) буын. С) жорғақ.
D) бунақ. Е) екпін.



  1. «Гогольге хаттың» авторы:

А) В.Г.Белинский В) А.Герцен
С) Н.Добролюбов
D) Л.Н.Толстой
Е) Н.В.Чернышевский



  1. Көркем туындының әңгімеден айтуға болатын мазмұны

А) сюжет В) фабула С) пішін
D) композиция Е) әдеби тіл



  1. Байтұрсыновша, өлеңді айтқан сезілетін дауыс толқынының соқпа-соқпасының арасы:

А) бунақ В) шумақ С) тармақ
D) айшық Е) буын



  1. Әдеби сынның жанрлары: А) пікір, рецензия, шолу мақала В) «дөңгелек стол», пікір таласы С) сұхбат, жолсапар күнделігі

D) очерк, деректі әңгіме, новелла Е) баяндама, жарыссөз



  1. « Есіл ер хан боп неге тумады екен

Қарадан неге туған, алда сорлы!
Бұл сорлы Дулат па екен, Үйсін бе екен? Күйшім боп өмір бойы жүрсін бе екен? Сүйкімді жігіттің бұл бұлбұлы ғой Қарашаш осыған-ақ тисін бе екен?! »
Үзіндіде кейіпкер күйі қандай суреттеу тәсілімен берілген?
А) риторикалық сауал В) зарлай арнау
С) жырлау арнау
D) психологиялық егіздеу Е) ішкі монолог



  1. Өнерде (әдебиетте ) идеяны танытудың қанша жол-тәсілі бар?

А) бес В) үш
С) екі жолы бар
D) бір-ақ жолы бар Е) алты



  1. Шығармада автордың көзқарасын білдіретін ұғым

А) көркемдік идея В) пішін
С) автор сөзі
D) тематика Е) мазмұн



  1. Стилистика зерттейтін нысан

А) Сюжет В) Тақырып С) Образ
D) Идея Е) Тіл



  1. Даму кезеңдерінен тұратын күрделі тұтастық:

А) Сюжет
В) Экспозиция С) Эпилог
D) Композиция Е) Тақырып



  1. Негізінен диалогқа құрылатын шығармалар түрі:

А) Комедия, трагедия, драма В) Баллада, сонет, элегия
С) Әңгіме, повесть роман
D) Арнау, толғау, ода
Е) Пародия, эпиграмма, фельетон



  1. «Өлең өнерінің қағидалары туралы трактаттың » авторы:

А) Әл-Фараби В) Аристотель
С) А.Байтұрсынов
D) А.Құнанбаев Е) В.Белинский



  1. Л.Тимофеев пен З.Қабдолов бойынша әдеби әдіс қанша?

А) 2.
В) 6
С) 4.
D) 5. Е) 3.



  1. «Еңлік -Кебек» пьессасының жанры:

А) трагедия В) эпика С)баллада
D) комедия Е) фельетон



  1. Автордың түпкі ойына сәйкес шығарманың құрылымын айқындап, көркемдік детальдан бастап шығарма атауына дейін қамтитын тақырыптық мазмұнды белгілейтін ұғым қайсы?

А) Проблематика В) Символ
С) Композиция
D) Мазмұн Е) Образ



  1. Әдеби шығарманың сыртқы түрінің симметриясы ғана емес, сонымен қатар ішкі сырының гармониясы:

А) Композиция В) Пішін
С) Мазмұн
D) Сюжет Е) Стиль



  1. Орыс ақындары ойлап тапқан өлең жүйесі

А) Силлабо-тоникалық
В) Нәзира
С) Лирикалық
D) Метрикалық Е) Силлабикалық

  1. Образ жасаудағы типтендіру деген не?

А) әлеуметтік топ өкілдерінің бір образ басына жинақталып берілуі В) кейіпкердің өмірде болған адамнан алынуы
С) кейіпкердің сырт келбетінің шығармада суреттелуі
D) әдеби кейіпкердің ішкі болмысын даралап суреттеу
Е) шығармадағы кейіпкердің автор берген бағасының шығармада сақталуы



  1. Сентиментализмнің романтикалық тенденцияларға жол берген кезеңі:

А) ХІХғ. 50-60ж. В)ХҮғ. 30-50ж.
С) ХХғ.б.
D) ХІғ. Соңы
Е) ХҮІІғ. 80-90 ж.



  1. Жағымды қаһармандар ретінде барша адамзат азаттығы үшін күрескерлерді бейнелеген бағыт:

А) Төңкерісшіл романтизм В) Ағартушы реализм
С) Симболизм
D) Классицизм
Е) Сыншыл реализм



  1. Типтик бейне. Бұл кейіпкерді қай тұрғыда саралау?

А) стиль ерекшелігіне В)жанрға байланысты
С) әдебиеттің тегіне байланысты D)көркемдік әдіске байланысты Е)тақырып пен идеяға байланысты



  1. Туындыдағы адамдар арасындағы байланыстар мен қарама- қайшылықтар анықталып,адам мінезінің түрлі қырлары айқындалатын және кейіпкерлердің қалыптасуы мен өсу тарихы көрінетін сюжет бөлшегі:

А) Әрекет дамуы В) Шарықтау шегі
С)Байланыс
D) Экспозиция Е) Пролог



  1. А.Байтұрсыновтың әдебиет теориясына арналған еңбегін көрсетіңіз.

А) Әдебиет танытқыш В) Сөз өнері
С) Әдебиет теориясы
D) Қазақ өлеңінің құрылысы Е) Поэтикалық өнер



  1. Тармақ:

А) Өлеңнің бір бөлшегі В)Троптың бір түрі С)Сюжеттің бөлшегі
D) Лириканың жанрлық түрі Е)Жанрдың атауы





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   86




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет