Әдебиет туралы ғылым және оның салалары


Әдеби процесті зерттеудегі әдебиеттанудың басты әдістері



бет59/86
Дата03.04.2024
өлшемі462.32 Kb.
#497435
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   86
дебиет туралы ылым ж не оны салалары

Әдеби процесті зерттеудегі әдебиеттанудың басты әдістері


Жаһандық әдебиеттану ғылымының даму тарихында көр- кем әдебиетті зерттеудің өзіндік әдіс-тәсілдерін ұсынған әртүрлі мектептер болды.
Әдеби процесті зерттеудегі әдебиеттану әдістерінің біріне француз сыншысы Ш.О.Сент-Бев «Әдеби-сыни портреттер» (1836–1839) атты іргелі еңбегінде алғаш қолданған биография- лық әдіс жатады. Ол әдеби шығарманы автордың өмірбаяны не- гізінде талдап, түсіндірді. Жазушы тұлғасы мен оның өмірбаяны
әдеби шығармашылықты айқындаушы басты фактор ретінде танылды. Биографиялық әдіс әдеби бағыттарды жоққа шығарды.
Биографиялық әдісті дамыта отырып, әдебиеттану тари- хында ХІХ ғасырда Батыс Еуропа мен Ресейде психологиялық мектеп (Э.Эннекен, В.Вундт, И.Фолькельт және А.Потебня «Ой мен тіл» еңбегі) қалыптасты. Психологиялық мектептің зерттеу нысаны - шығармашылықтың ішкі, психологиялық жағы, ең алдымен, автордың ішкі жан дүниесі. Осыған сәйкес олар әр шығарманы - автобиографиялық, суреткердің iшкi толғаныста- рының жемiсi, суреткердің жан дүниесінің моделі деп таныды және өнерді суреткер сезімдері мен әсерінің образдаудағы субли- мациясы ретінде қарастырды. Психологиялық мектеп әдеби құбылыс болмысқа тәуелсіз рух жемiсi деп санады. ХХ ғасырда психологиялық мектеп психоанализге орнын берді. Әдебиеттегі психологизмнің туып, өсіп-өркендеуіне әр кезеңдері рухани өмірімізде дүниеге келген психологиялық мектеп, сана ағымы (поток сознания), модернизм, психологиялық талдау т.б. секілді әдеби-философиялық, психологиялық бағыттар өз үлестерін қосты.
Салыстырмалы әдісті қолдана отырып, мифологиялық мек- теп өкілдері (Ағайынды Гриммдер «Неміс мифологиясы» еңбегі, Ф.И.Буслаев) әртүрлі халықтардың фольклорындағы ұқсас құбы- лыстарды олардағы көне мифологияның ұқсастығымен түсін- дірді. Бұл мектеп ХІХ ғасырда романтизм дәуірінде пайда бол- ды. Еуропада романтизм үстемдігі тұсында мифтік шығармашы- лықты молынан пайдалану басым болды. Шеллинг пен ағайынды Шлегельдердің мифологиялық идеяларына сүйенген неміс романтиктері фольклористика мен әдебиеттанудағы алғашқы терең, ғылыми бағытты - мифологиялық мектепті қалыптас- тырды. Мифологиялық мектепке кез келген өнердің бастауы ре- тінде мифті алып, әдеби шығарманың негізінде миф жатады деп түсінді. Дегенмен бұлар фольклор мен салыстырмалы фольк- лористиканы дамытты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   86




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет