Әдебиет туралы ғылым және оның салалары


ГЛОССАРИЙ Авторлық идея



бет62/86
Дата03.04.2024
өлшемі462.32 Kb.
#497435
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   86
дебиет туралы ылым ж не оны салалары

ГЛОССАРИЙ


Авторлық идея – көркем шығармаға арқау еткісі келген суреткердің о бастағы ой өзегі.
Амбиваленттілік – (латынша amphi – екі жақты, valentia - күш), бір нысанның адам бойында бір-біріне қарама-қарсы, қайшы келетін екіұдайы сезімдік көңіл-күйді тудыруы, яғни қарама-қарсы сезімдерді туғызатын жағдайды білдіретін психологиялық ұғым. Алғаш рет «амбиваленттілік» терминін швейцар психологы А.Блейлеф ұсынды. К.Юнг оны мәдениеттануды қолдана бастады. М.Бахтиннің әдебиеттану еңбектерінде орта ғасырлар мен Қайта өрлеу дәуіріндегі күлкі мәдениетіне тән бейнелерде қолдана бастады.
Анаграмма атау сөз ішіндегі әріп орнын алмастыру арқылы бүркеншік ат жасау. Мысалы, Мұзафар Әлімбаевтың – «Мәлім», Мырзалиев Қадырдың «Мырза Әлі» деген лақап аттары бар.
Антитеза - (грек. аntithesis - қарама-қарсы) стилистикалық айшықтау тәсілі, образдар мен ұғымдарды бір-біріне қарама-қарсы қою. Қазіргі әдебиеттанудағы қарама-қарсылықты (контрасты) айқындау, көбінесе ашық, антоним сөздер арқылы да беріледі. Көптеген жазушылар шығармашылығында А. ойлау жүйесі мен поэтиканың негізгі ұстанымына айналады (Дж.Байрон, А.А.Блок). Адам табиғатының қарама-қайшылығын бейнелеудің эстетикалық және философиялық ұстанымы ретінде романтизм поэтикасында кеңірек, тереңірек көрініс тапты. А. Айшықтаудың бір түрі – антиметабола.
Антропоморфизм (грек. Antropos - адам, morphe - пішін) – табиғаттағы құбылыстарды, нәрселерді, жан-жануарларды, өсімдіктерді, географиялық нысандарды адамдарға ұқсату, бір деп қарау. Ол байырғы мифологиялық эпос үлгілерінен, діни аңыздардан айқын байқалады.
Анахронизм – грек тілінен енген сөз – жоғары, қарсы, уақыт деген мағынаны береді. Әдеби шығармада өткен дәуірді бейнелегенде одан кейінгі уақытта болған оқиғаны, кейін пайда болған әдеби шығармада бір мақсатпен келтіру.
Аноним – грек тілінен енген – белгісіз деген мағынаны береді. Әдеби шығарманың әр түрлі себептерге көбінесе, саяси жағдайға байланысты авторы көрсетілмей жарияланады. Мұндайда бүркеніш есім де қолданылмайды.
Антитеза – шендестіру – (гр. қарама-қарсылық) – бір-біріне керағар құбылыстарды, мән мағынасы әр тарап ұғымдарды, түр-түсі бөлек заттарды өзара бетпе-бет қою арқылы бұлардан мүлде басқа құбылыстың, ұғымның, нәрсенің суретін анықтау, елестету, беру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   86




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет