Әдебиет туралы ғылым және оның салалары


Повесть – орта көлемді эпикалық түрдің үлгісі. Повесть мазмұнындағы ең өзекті шындық бас қаһармандікі. Поэма –



бет70/86
Дата03.04.2024
өлшемі462.32 Kb.
#497435
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   86
дебиет туралы ылым ж не оны салалары

Повестьорта көлемді эпикалық түрдің үлгісі. Повесть мазмұнындағы ең өзекті шындық бас қаһармандікі.
Поэма – (грекше – туынды) - өлеңді повесть, өмірде болған не болуға тиіс күрделі құбылыстар мен күрделі оқиғаларды, алуан-алуан адам тағдыры мен заман шындығын көлемді, желілі, эпикалық не лирикалық сипаттағы өлеңмен суреттеу.
Пролог – (грекше – алғы сөз) – көркем шығармаға кіріспелердің бір түрі. Мұнда негізгі сюжетке дейінгі бірнеше оқиға баяндалуы мүмкін.
«Менің құрдастарым» алғашқы тарауларын пролог түрінде бастаған.
«Сұлушаштағы» кіріспе, «Бақытсыз Жамалдың» кіріспесі, «Шұғаның белгісінің» басы, т.б. прологтың сипаты әр түрлі болады, көне Грекияда
пролог көрермен көңілін сахнаға аудару, арнау, жарлау мағынасанда да қолданылған.
Прототип -әдеби шығармадағы кейіпкердің бейнесін жасауға негіз болатын, өмірдегі бар, түпкі, негізгі тұлға.
Роман-эпопея эпостық шыңы, оның негізгі қаһарманы – халық, суреткер шындығы – халық басынан өткен кезеңдік құбылыстар.
Риторика – грек тілінен енген сөз – шешен, ділмар деген мағынаны білдіреді. Көне Грекиядағы шешендік өнер туралы ілім.
Рефрен – әннің қайталанып келетін бөлігі. Әдебиеттану терминологиясында өлеңнің қайталанып отыратын жолы осылай аталады.
Сонет – (итальянша – сылдырлау, сыңғырлау) - арнайлы өлшеммен, әр түрлі тақырыпқа жазылатын сырлы өлең. Сицилияда он үшінші ғасырда пайда болып, Данте, Петраркалар көп қолданған, Шекспир классикалық үлгілерін жасаған лириканың түрі. Көлемі он төрт жол болады, алғашқы сегіз жолы бірінші бөлім – катрен, ақырғы алты жолы – терцет, мазмұны ұқсас болады.
Сентиментализм (франц. сезімталдық) ХҮІІІ-ХІХ ғғ. бас кезінде Еуропа халықтарының әдебиетіндегі бағыт. Ағылшын әдебиетінде С. орнықтырған Л.Стерн. Оның «Сентименталдық сапарлары» Еуропаға кең тарады. Орыс әдебиетінде Н.М.Карамзиннің «Бейшара Лиза» повесінен С.нің негізгі сипат-өзгешеліктерін айқын аңғарамыз.
Силлабикалық өлең өлшеміндегі шешуші нәрсе – буын; ырғақ, шумақ, тармақ, бунақ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   86




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет