Әдебиет туралы ғылым және оның салалары



бет26/86
Дата06.03.2023
өлшемі462.32 Kb.
#470439
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   86
zhanuzakova kt debiettanuga kirispe

Тіл байлығының қайнар көздері көп. Оған сөздің шығу тегіне байланысты туған лексикалық мағыналары, сөздің түпкі мағынасы, туынды мағынасы, омонимдік, синонимдік, антоним- дік мағыналары жатады. Сөздің стилистикалық қызметіне бай- ланысты туған мағыналарына бейтарап және бейнелі мағына- лары, терминдік мағыналары кіреді.
Солардың бірі – сөздердің көп мағыналылығы. Әдебиет теориясы бір сөздің көп мағыналық қасиетінің әдеби шығарма- ларда әрқалай көрінуін қарастырады. Баяндау мен суреттегі дәлдік – жазушы шеберлігінің бір қыры. Айтылуы, естілуі бір, бірақ мән-мағыналары әр тарап сөздер – омонимдер. М.: Х.Ерғалиевтің мына өлеңінде бір сөздің екі түрлі мағынада қол- данылу жағдайын көреміз.
Дәмді аспен қарным тойса деген арман, Мұршам жоқ ой ойлауға одан арман.
Омофондар – айтылуы бірдей, бірақ жазылуы әр басқа сөз- дер. Мысалы, болады – болат, көнбе – көмбе. Омографтар жа- зылуы бірдей, айтылуы бірдей емес сөздер. Мысалы, алма – алма, Қалқам, жаным, қарағым, бетіңе келмес қарағым (С.Торайғыров каламбур жасау үшін пайдаланған).
Синоним – айтылуы, естілуі әр түрлі, мағыналары бір- біріне жуық, мәндес сөздер.
Сірә, маған,
Атақ, мансап жазбаған.
Қолымдағы барыма мен мәз болам. (М.Мақатаев) Мысалы, М.Шахановтың «Құз басындағы оқиға» шығар-
масында синонимдер өлеңге эмоциялық өң, ажар беру мақса- тында қолданылған.
Қыз жылады құзға шағып мұң-зарын, Қарғап, сілеп, дүниенің тарлығын -
Плеоназм (грекше pleonasmos - артық сөз деген мағынада)

  • бірнеше синонимдердің қатар, бірін-бірі үстемелей қабаттасып келуі. Т.Медетбеков «37 жыл» өлеңінде синоним етістіктерді қа- бат қолдану арқылы қандықол жауыздардың ақынға жасаған қиянатын әсерлеп, күшейтіп, шегіне жеткізе суреттеген.

Кеше ғана жүре алмайтын сыртынан, Бір опасыз, нағыз жауыз, ұрты қан.
Сейфуллиннің үзіп бір жақ топшысын, Тартқылады, жұлқылады мұртынан
Плеоназм ретті жерінде қолданылса, мағыналық жағынан сәйкесіп, үйлесіп тіркескен, мағынаны әрлейтін тәсіл ретінде көрінеді. Сонымен бірге әдебиеттануда орынсыз, артық қолда- нылған плеоназмды логикалық тұрғыдан қисынсыз, шұбарлық тудыратын сөз орамы ретінде де қарастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   86




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет