Әдебиет туралы ғылым және оның салалары



бет46/86
Дата06.03.2023
өлшемі462.32 Kb.
#470439
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   86
zhanuzakova kt debiettanuga kirispe

Эпиграмма (грекше epigramma - жазу) деп антикалық поэ- зияда тек еркін үлгіде жазылған лирикалық шығармалардың ша- ғын, қысқы түрін атайды. Антика әдебиетінде б.з.б. 7 ғ. пайда болды. Грек әдебиетінде жанрды дамытқан Платон, Менандр, Алкей, Лукиян т.б. болса, Рим әдебиетінде Катулл, Марциал, Тибулдың туындыларын атаймыз.
Еуропа поэзиясында сатиралық сипаттағы, түйіні өткір сы- қаққа құрылған шығармаларды 16-18 ғасырларда Вольтер, Г.Лессинг, Р.Бернс, А.Сумароков т.б. жазды. Орыс әдебиетінде А.Пушкиннің озық үлгілі эпиграммалары өткірлігімен ерекше- ленді. Оның «Фаусты» жазған жанға басымды иемін, әйтсе де эпиграмманы сүйемін» деуі тегін емес.
Эпиграмма – жеке адамға жазылған әзіл-оспақ, ізгі тілек мазмұнындағы шағын өлеңдер. Арналатын адамының мінезін, іс- әрекетін, қылығын ұтқыр да өткір әзіл арқылы сынайды. Ой ұшқырлығына, тапқырлыққа, қысқалыққа, ойнақылыққа көп мән беріледі. Қазақ әдебиетінде ХҮІІІ ғасырдағы сатира жанрын да- мытқан Шал Құлекеұлының «Баспайға», «Күлен шешенге» т.б. өлеңдерінде осы жанрдың алғашқы нышандары көрінсе, Абайдың «Күйісбайға», «Разаққа», «Көжекбайға», «Дүтбайға» атты өлеңдерінде эпиграмма жанрының талаптары сақталған (қысқа да нұсқа, әзілге, сын-сықаққа, тапқырлыққа құрылған ар- наулар). «Күлембайға» өлеңін алайық:
Орныңнан тұра шабасың, Атшабар келсе қышқырып. Ояз келсе қайтер ең, Айдаһардай ысқырып?
Отырасың үйіңде,
Өз-өзіңнен күш кіріп. Босқа-ақ түсіп қаларсың, Біреу кетсе үшкіріп!...
ХХ ғасырдың алғашқы жартысында жанрды жаңа деңгейге көтерген М.Жұмабаев, С.Ерубаев, С.Сейфуллин, І.Жансүгіров,
Қ.Аманжоловтардың шағын эпиграммаларын атауға болады. М.Жұмабаев автоэпиграммасында өзі туралы былай жазады:
Қайда Мағжан, Мағжан мынау:
Көрсе әйел, Көзі жоқ ол Көбелек, -
«Біраз Фетше» эпиграммасында М.Жұмабаев Фет поэзия- сындағы түрлік жүйені жеңіл әзілмен түйреп өтеді:
Сүттей Ай. Терең сай, Бұлбұл, Гүл-гүл Екі жан, Ыстық қан.
Қазіргі қазақ поэзиясында Ж.Әбдірашевтың «Әзілің жарас- са» (1989), кейіннен толықтырылып «Құлпытас» (2002) деп жа- рияланған жинағындағы достық әзіл ретінде жазылған эпиграм- малары осы жанрды жаңа көркемдік биікке көтерді. «Әзілің жа- расса» жинағына - 179, кейінгі кітабына 261 эпиграмма енген. Мысалы, «Хамит Ерғалиевке» эпиграммасында ақын ағасына жылы жайлы юмормен наз айтады:
«Мақтау үшін Хамаңды, Білу керек шамаңды.
Бір көргеннен таниды ол, Жақсы менен жаманды!
«Қамал бұзып қырықта», Көнбей келген ырыққа, Ақжал асау және сол, Алдырмаған құрыққа.
Элегия (грекше elegia – мұңды, қайғылы ән) медитативті немесе эмоционалдық, көбінесе мұңды мазмұндағы лирикалық өлеңдер. Элегияға өмірге деген көңіл толымсыздығы тән. Бірінші жақтан жиірек баяндалады. Грецияда алғаш б.з.б. 7 ғ. (Каллин, Тибулл, Овидий) пайда болды. Орыс поэзиясында 18 ғ. В.Тредиаковский, А.Сумароков, кейін В.Жуковский, А.Пушкин шығармашылығында көрініс тапты.
Қазақ әдебиетіндегі үлгілері: М.Жұмабаевтың элегиялық мазмұндағы «Алдамшы өмір», М.Шахановтың «Отырар элегия- сы», Ж.Әбдірашевтың «Мұхтар Әуезов кешінде» оптимистік элегиясы, «Қайран жиырма» т.б. өлеңдерін атауға болады. Ж.Әбдірашев «Қайран жиырма» элегиясында жастық күндерін мұңды сағынышпен еске алады:
Қызыққа толы көп күндер, Қызыл, сары көбелек, Ғайыпқа ұшып кеттіңдер, Кеттіңдер ұшып, не керек! Қол бұлғайсыңдар түсімде, Түсімде елес қармаймын... Жайқалған орман ішінде – Жалаңаш қалған талдаймын! Қызыққа толы көп күндер, Қызыл, көк, сары, жапырақ, Қайтейін, ұшып кеттіңдер,
Қоңыр күз келмей жатып-ақ! (Ж.Әбдірашев)
Эпитафия (грекше epitaphios - құлпытастағы жазу) – дү- ниеден өткен беделді, қадірлі кісіні мақтау. Әдебиетке антика- лық эпиграмманың бір түрі ретінде енді. Орта ғасырларда, Қайта өрлеу дәуірінде және классицизм тұсында танымал жанрлардың біріне айналды. Эпитафия белгілері – көлемінің шағындығы, ар- нау сипатында жазылуы.
Қазақ поэзиясында Ж.Әбдірашевтың осы жанрда жазылған шығармалары көп. Эпитафия жанрындағы туындыларының жи- нағы да осы аттас «Құлпытас» деп аталады. Ақын алаштың қай- раткері Мұстафа Шоқайұлына жыр арнайды:
Табынып тәңірідей текті ісіне, Құлдықтың қарсы шыққан тепкісіне!.. Түбі бір түркі жұртын ұйытқалы, Ұранын еркіндіктің – етті сүре!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   86




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет