Әдебиет туралы ғылым және оның салалары



бет48/86
Дата06.03.2023
өлшемі462.32 Kb.
#470439
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   86
zhanuzakova kt debiettanuga kirispe

Драма жанры. Драманың эпостан бірнеше айырмашылық- тары бар:

  1. драмада эпосқа қарағанда баяндау мен суреттеу жоқ;

  2. ол сахнаға қойылу үшін жазылады;

  3. режиссер және актерлер өнерімен бірлікке түсіп, қо- сымша бейнелеу мүмкіндіктеріне ие болады;

  4. драманың әдеби мәтінінде негізгі екпін кейіпкерлер- дің іс-әрекеттері мен тіліне, диалог пен монологтарға, сюжетке түседі;

  5. сахна өнерімен тығыз байланыста болғандықтан дра- мада эпоспен салыстырғанда көркемдік шарттылықтар мол (мы- салы, «төртінші қабырғаны» елестету, «сыртқа» қарап сөйлеу, кейіпкерлердің өз-өзімен оңаша сөйлесуі, сахналық ым-ишарат- тардың молдығы т.б.);

  6. қаһарман бейнесі эпостағыдай толық, жан-жақты, бар- лық тәсілдер арқылы суреттелмейді, бірақ оның сөйлеу мәнеріне, тіліне аса мән беріліп, психологиялық салмақ жүктеледі;

  7. қаһарманға мінездеме сюжет және оның іс-қимылы, әрекеттері арқылы беріледі.

Драмадағы түйінді нәрсе - қимыл-әрекет, ал әрекет қақты- ғыс нәтижесінде дамиды, сондықтан драмалық туындыны тал- дауды қақтығыстың дамуын айқындаудан бастаған жөн.
Драмадағы көркемдік әлемнің өз ерекшелігі бар: барлық мәлімет кейіпкерлердің өзара әңгімесі мен авторлық ремаркалар арқылы беріледі. Сондықтан драма оқырманнан емеурін, тұспал- дар арқылы кейіпкерлердің сыртқы келбетін, заттық әлемді,
пейзажды көзге елестете алатын қиял мен ойдың жүйріктігін қа- жет етеді.
Драмаға берілген авторлық ремаркаға кейде субьективті бояудың да араласуы мүмкін, кейде кіріспе сөздер автордың баяндау монологына ұласып кетуі де ықтимал. Мысалы, М.Әуезовтің «Еңлiк-Кебек» трагедиясының 1922 жылғы «Тари- хи әңгiме ескi қазақ тұрмысынан» деп аталған алғашқы нұсқасы мынадай «Сөз басымен» берiледi:
«Ардақты оқушы!
Кей кездерде қазақтың өткен күнiн сен де еске алушы едiң!
Атаңның кешiрген дәуренiн, iстеген ерлiгiн, тауып айтқан сөзiн жұбанышпен, құрметпен сөйлеушi едiң ғой. Қайратына қуанушы едiң, ақылына сүйiнушi едiң. Өз заманыңды қызығы кетiп азған заман, ел берекесi кетiп тозған заман деушi едiң.
Кешегi арқаның ескек желi желдеткен ала тудың астына жиылған жер қайысқан қол қайда? Оның орнында бұл күнде күң- гiрт пiшiндi, қоңыр момын қазақ ақсақ-тоқсағын түртпектеп жүр. Кешегi ұраншыл ел, аламаншыл батырдың орнына қараң-
ғы түндi жамылып, ағайынның малын жетектеудi өнер қылған қорқақ ұры жүр.
Кешегi сарнаған қобыз, тамылжыған шерлi сыбызғы, күңi- ренген домбыра дауыстары қайда, о да өшкен. Бұл күнгi дала жым-жырт мұңды, жүдеу...
Кешегi серi жiгiт, ерке ақын әнiн тоқтатқан... дауысын өшiрген, тыңдаушы қазақ қаяуланған...
Оқушы! Зор кеуделi оқыған болсаң, сен де осы мiнезден арылған жоқсың. Атаңның ескi жолында сен де жүрсiң. Әлi де оқушы қара қазақ болсаң ойлан. Өзiңдi өзiң сына. Сен де осы аурумен ауырып жүрсiң. Туысқан бауыр, туған ел! Ойлансаң осыған ойлан, сынасаң осыны сына. Алдымен, көзiңнiң құйры- ғымен өз iшiңе үңiлiп өт»1.
Ұлттық әдебиетімізде драманың теориялық мәселелері ту- ралы алғаш ғылыми пікір айтқан, осы жанрдың қазақ әдебие-

1 Әуезов М. Жиырма томдық шығармалар жинағы. –Алматы: Жазушы, 1982. – Т.11. – 156-157 б.


тінде қалыптасуына көп тер төккен М.Әуезов драманы «суретті әдебиет iшiнде көпке жететін, дегенi дөп тиетін, әсері мол бо- латын түр» деп анықтайды. М.Әуезов – драма жанрын алғаш зерттеушілердің бірі ғана емес, жаңа сипаттағы туындылар бер- ген жасампаз драматург. Оның «Еңлiк-Кебек» трагедиясы - қазақ драматургия өнерінің тұңғыш тұсауын кескен туынды. Халық- тың ежелден берi сақтап келе жатқан фольклорлық мұралары – батырлық, ғашықтық, тарихи жырлардың тақырыбы мен сюже- тiн негiзге ала отырып, ол «Айман-Шолпан», «Қара Қыпшақ Қо- быланды», «Бекет» сынды уақыт сынына төтеп берген драмалық шығармалар тудырды.
М.Әуезов драманың басқа жанрлардан көркемдік ерекше- лігі туралы: «конфликт – өлеңді белгілейтін поэтика элементтері сияқты драматургияның негізгі компоненті. Драмалық шығар- маны анықтап, проза, поэзиядан бөлшектеп тұратын шартты белгі – жалғыз-ақ конфликт. Әрбір пьеса шиеленіскен қайшы- лықтарға, жігер, сезім, ой, еңбек, мақсат, т.б. құрылады. Осы қа- рама-қарсы ағымдар оқиғаның орталық, параллель және қосалқы линияларында конфликт тудырып дамытады. Ал конфликті нағыз сауатты жазылған драманың өзегі, негізі болады» - дейді.
Осы пікірді бағдар тұтсақ, драмадағы басты нәрсе – ди- намикалық тартыс. Күшті әрекет, қарқынды қимыл, мазмұнды диалогтар – драма жанрының басты көрсеткіші. Драма авторлық баяндаулардан ада. Оқиға кейіпкер сөзі арқылы дамиды. Диалог- тар мен монологтар арқылы болмыстың сан алуан шындығын ашуды көздейтін драма сахнаға қойылу үшін жазылады. Дра- маның көркемдік дәрежесі оның тілдік сипатымен анықталады. Драмалық шығарманың қуаттылығы да, әлсіздігі де тілінен көрініс табады. Сондықтан тіл – драманың өзіндік қасиеті таны- татын басты қаруы.
Қазақ драматургиясы туралы Ә.Тәжiбаевтың «Қазақ дра- матургиясының очеркі» (1964), М.Дүйсеновтің «Қазақ драма- тургиясының жанр, стиль мәселесi» (1977), Е.Жақыповтың «Дас- таннан драмаға» (1979), Н.Ғабдуллиннің «Ғ.Мүсірепов – драма- тург» (1982) сынды арнаулы еңбектері жазылған болатын. Жанр- дың осы ерекшелiгiн ескерген театр сыншылары Б.Құндақбаев, А.Тоқпанов, Қ.Қуандықов, У.Садықова, Ә.Сығай,
Б.Нұрпейісовалар еңбектерінде драматургия хақында аса құнды пiкiрлері бар. Әйтседе, драматургияның теориясын айқындауда ғалым Р.Нұрғалиевтің «Телағыс», «Драма өнері», «Арқау» т.б. еңбектерін ерекше атап өткенiмiз жөн.
Ұлттық әдебиетімізде драма жанры трагедия, комедиямен бірге дүниеге келді. Жанрлардың өзіндік байланыстары да бар. Жанрлық жіктеудің шарттылық екенін де есте шығармауға тиіс- тіміз.
Әлем әдебиетіндегі драманың қалыптасу тарихы б.з.б. Ү ғасырлардағы ежелгі грек драмасының туу және қалыптасу тарихымен тығыз байланысты. Трагедия жанры дифирамбадан туды. Дифирамба - Дионис құдайды ұлықтау мақсатында айты- латын хор әні. Хор Динонистің серіктері – теке аяқты сатир- ларды бейнеленетін болған. Б.з.б. ҮІ-Ү ғғ. Афиныда бүкіл қала халқына Акропольдың кесе сияқты бөктерінде 17 мың көрер- менді сыйдыра алатын Дионистің театры құрылды (әуелі ағаш- тан, кейіннен б.з.б. ІҮ ғ. тастан). Мұнда жыл сайын театрлық қойылымдардың сайысы өткізілді.
«Трагедияның атасы» саналатын Эсхилл қойылымға екінші актерді кіргізіп, драмалық шығарма ретінде трагедияның спецификасын айқындап берді (кейіннен Софоклдың үлгісі бойынша үшінші актерді енгізді). Ол трагедиядағы қимылдың, әрекеттің қызметіне баса назар аударды. Ұлы трагик әрекет ар- қылы трагедиядағы басты компонент тартысты меңзейді. Бізге дейін оның 7 трагедиясы жетті: «Парсылар», «Фивыға қарсы жетеу», «Орестея», «Агамемнон», «Хоэфорлар», «Эвменидтар»,
«Бұғауланған Прометей». «Бұғауланған Прометей» - трагедия- ларының ішіндегі ең атақтысы. Прометей – Зевс үстемдігіне қар- сылық көрсетіп, әлемдік әдебиеттің мәңгілік образдарына айнал- ған монументальды, тұтас тұлға.
Ежелгі гректер шығармашылығында алғаш пайда болған трагедия жанры заман өте келе әр елде кеңінен қанат жайып, өркендеп келеді. Трагедия - сахнаға арналып жазылатын қайғы- лы мазмұндағы, мұңды драмалық шығарма. Онда шиеленіскен, бітіспес қайшылықтары, мол күрделі оқиғалар оған қатысатын адамдардың іс-әрекеті, ымыраға келмейтін талас-тартысы, күресі, диалог пен монологтар арқылы беріледі. Қазақ драматур-
гиясын жан-жақты зерттеген Р.Нұрғалиев трагедия табиғаты ту- расында былай ой қорытады: «Трагедия драматургияның қаһар- лы тартыстар мен адасулар шайқасы, қат-қабат өмірдің объек- тивті қайшылықтарын терең образдар арқылы ашып, зор айқас- тар, үлкен күрестерді бастан өткеріп, шындыққа жету жолында опат болатын күрделі тұлғаның қайғы-шері, мұң-ызасы эмоция- лық-эстетикалық ғаламат әсермен оқырманға (көрерменге) бері- летін, болмыстың қаны сорғалаған сұрапыл шындықтарын ай- қара ашып, қопара бейнелейтін іргелі жанры» 1.
Әлем әдебиетінде трагедия ағылшындық Қайта өрлеу дәуірінің шыңы Уильям Шекспир шығармашылығында, испан- дық Лопе де Вега, Кальдерон туындыларында жаңа белеске кө- терілді. У.Шекспирдің жеке моделі әлемдік әдеби процестің бүкіл даму тарихындағы ең ықпалды болды. Оның әрбір траге- диясы құрылымы жағынан бірін-бірі қайталамайды. Кейбір тра- гедияларында фантастика элементтері де басым. Шекспирдің әлемдік әдебиеттің алтын қорына қосылған ұлы трагедиялары –
«Гамлет», «Отелло», «Лир патша», «Макбет». Трагедияларының магистралды сюжеті – елден ерек тұлғалардың тағдыры, адамның әлемнің шынайы бетін ашуы. Трагедиядағы характер өзгерді: адам ұлылығына сенген ренессанстық оптимизм жоға- лып, кейіпкерлер өздері үшін әлемнің қарама-қайшылығын, өз- дері танып білмеген жауыздық күштерді ашады, сол арқылы әрі қарай өмір сүру үшін маңызды таңдау жасайды. Шекспир траге- диясының кейіпкерлері – орасан, титандық тұлғалар, өз тағды- рын өзі жасап, өз шешімі үшін жауап бере алады (тағдырларын
«жазмыш» анықтайтын грек трагедияларымен салыстырғанда).
Орыс классикалық әдебиетінде де трагедияның озық үлгі- лері бар (А.Пушкиннің «Борис Годуновы»). Қазақ әдебиетінде ХХ ғасырдың 20-30 жылдары трагедия жанры жақсы дамыды. М.Әуезовтің махаббат тақырыбына жазылған «Еңлік-Кебек»,
«Қарагөз» трагедиялары қазіргі кезеңде классикалық дүниеге ай- налды. Сонымен бірге осы жанрдың озық үлгілеріне «Абай»,

1 Нұрғалиев Р. Драма өнері. –Алматы: Санат, 2001. 38-б.


«Хан Кене» пьесаларын, Ғ.Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш-Баян сұлу», «Ақан сері - Ақтоқты», Д.Исабековтің «Әпке» т.б. шығар- маларын жатқызамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   86




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет