Әдебиет туралы ғылым және оның салалары


Шумақ - аяқталған белгілі бір синтаксистік ойды білдіреді. Ол тармаққа, бунаққа жіктеледі. Эллипсис



бет74/86
Дата06.03.2023
өлшемі462.32 Kb.
#470439
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   86
zhanuzakova kt debiettanuga kirispe

Шумақ - аяқталған белгілі бір синтаксистік ойды білдіреді. Ол тармаққа, бунаққа жіктеледі.
Эллипсис – (грекше – түсіріп тастау, аттап айту) – сөйлем ішіндегі не өлең шумағындағы атап айтпаса да түсінікті кейбір сөздерді әдейі жазбай тастап кету.
Эпос (грекше – баяндау, әңгімелеу, тарихтап айту) – көркем әдебиеттің байырғы, негізгі тектерінің бірі, өмір шындығын мейлінше мол қамтып кең суреттейтін, адам мінезін мүмкіндігінше терең ашып, жан-жақты танытатын іргелі, күрделі жанр. Эпостық шығарманың арқауы ішкі субъективтік шындық емес, сыртқы объективтік шындық , - жекелеген адамдардың көңіл күйі ғана емес, бүкіл халықтың тұрмыс-тіршілігі, тарихи тағдыры, ұлттық даму заңдылықтары.
Эпилог – (грекше – соңғы сөз) – көркем шығарманы қорытудың бір түрі. Тартыс аяқталған соң, сюжеттік шешімнен кейін басты қаһармандардың одан арғы хал-жағдайына қысқаша мәлімет беру.
«Ботагөздің», «Тағдыр», «Махаббат қызық мол жылдар» романдарының эпилогтары.
Эпитет - заттың, құбылыстың айрықша сипатын, сапасын анықтайтын суретті сөз.
Эстетикалық идеал – эстетикалық кемелділік пен оған жетудің жоғары нормасы туралы ұғым. Адамдардың қоршаған әлемге эмоциялық қатынасымен тығыз байланысты. Ол суреткер дүниетанымынан ажырағысыз, суреткердің адам жөніндегі концепциясынан байқалады. Идеал суреткердің шығармашылығында көркемдік шешім тауып, оның нақты болмысқа берген жазушылық бағасынан көрінеді. Эстетикалық
идеал да жазушының өз дәуірінің әлеуметтік өміріндегі өзгерістерді зерделеуіне байланысты қалыптасады, айқындала түседі.
Ырғақ, ритм – қимылдың, құбылыстың, үннің жүйелі, мерзімді, мөлшерлі қайталануы.
ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ



  1. Ұлттық әдебиеттер арасындағы көркемдік дәстүр жалғастығы

А) Әдеби байланыс В) Әдеби мұра
С) Әдеби сын
D) Әдеби тек
Е) Әдеби процесс





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   86




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет