Әдебиет туралы ғылым және оның салалары


Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар



бет14/86
Дата06.03.2023
өлшемі462.32 Kb.
#470439
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   86
zhanuzakova kt debiettanuga kirispe

Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар:


  1. Мазмұн мен пішін деп нені түсінеміз?

  2. Тақырып дегеніміз не? Тақырыптың негізгі және жанама болу себептері неде деп ойлайсыз?

  3. Тақырып пен идея арасындағы байланыс қандай?

  4. Негізгі, жанама, объективті, авторлық идея дегеніміз не?

  5. Мәңгілік тақырыптар мен идеяларға нені жатқызар едіңіз?

  6. Мазмұн мен пішіннің байланысын Абай өлеңдерінің негізінде талдау.

  7. Мазмұнның тақырып пен идеяға, пішіннің образдар жүйесіне қандай қатысы бар деп ойлайсыз? Жауабыңызды негіздеңіз.

6. КӨРКЕМ БЕЙНЕ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЖАСАЛУ ЖОЛДАРЫ


Әдебиеттану ғылымында образ және образдылық - өзекті мәселелердің бірі. Әдебиеттегі образ, яғни бейнелілік, кейіпкер болмысы, көркем бейне сомдау ерекшеліктері - әдебиеттанушы ғалымдардың назарынан тыс қалмаған, мәнін жоймаған күрделі мәселе. Өйткені әдебиетті жасайтын суреткердің басты құралы – образ.
Сонымен бірге образ бұрыннан басқа ғылым салаларында да жиі қолданылып жүр. Философия мен психологиядағы об- раздар – нақты ұғымдар, яғни сезімдік тұрғыда қабылданған жеке заттардың (құбылыстардың, деректердің, оқиғалардың) адам санасында бейнеленуі. Олар - болмыстың жалпы, жиі қай- таланатын сипаттарын белгілейтін абстрактылы ұғымдарға кере- ғар. Көркемөнер теориясында образ «сезімдік қабылдау арқылы бейнеленген шындық» ұғымында қолданылады.
Ғалымдар образдарды ғылыми-суретті, фактографиялық және көркем образ деп ажыратады. Көркем образ спецификасы оның ойдан шығару, қиял арқылы жасалуымен байланысты. Әде- биеттегі ойдан шығару, қиял еркіндігі – образ жасаудың алғы шарты. Көркем шығарма жазу үшін мол материал керек. Сурет- кер осы материалдарды өңдеу, реттеу, салыстыру мен талдау барысында өзіне ең қажеттісін ғана талғап алады.
Образ - суретті сөз. М.Жұмабаевтың «Тұранның бір бауында» атты өлеңіндегі айдың суретін алайық:
Ай туды, күңгірт кеш еді, алтын табақ, Ару ғой ай дегенің алтын қабақ.
Жүзінен сол сұлудың нұр төгілді, Жапырақ - суда ойнаған алтын шашақ.
Күнделікті өмірде түнде көріп жүрген қарапайым айды
«жүзінен нұры төгілген алтын қабақ сұлу аруға» теңеу арқылы көз алдымызға әсем бейне елестейді. Ақын сөздеріндегі бейне- лілік пен әсерлеуден (ай – алтын табақ, жапырақ - суда ойнаған алтын шашақ), дыбыс үндестігінен (а-а, ж-ж), ой тапқырлығынан туған эстетикалық қуат та анағұрлым күшті. Образ жанымызға әсер етеді. Лириканы жүрекпен сезіну керек, ол түсіндіруге жү- гінетін қара сөз емес. Образдылық – cуреттілік, сөзбен сурет
салу немесе «қатар тұрған екі сөздің бір-біріне сәулесін түсіруі» (Потебня).
Образ – кейіпкер, тұлға, қаһарман. Сөз өнеріндегі өмір шындығы адам бейнесі арқылы ғана көркем жинақтау дәре- жесіне көтеріледі. Көркем туындының негізгі нысанасы – ең ал- дымен, сол адамның өзі екені белгілі. Образ - әдеби шығарма- дағы адам. Адам – күрделі жаратылыс. Е.Замятин: «Адам – роман сияқты: соңғы бетіне дейін қалай аяқталатынын білмей дал боласың. Олай болмаса, оны оқып та керегі жоқ» - деп жа- зады. «Адамның ең алдымен зерттейтіні - өзі, өзінің жан-дүние- сі» - дейді Л.Толстой. Адам тағдыры - өмірді танудың өзгеше жолы.
Ғалым Б.Ыбырайымның: «Әдебиеттегі көркем образ - суреткердің идеялық-көркемдік концепциясының, шеберлігінің, дүниетаным тереңдігінің куәсі, сондай-ақ болмыстағы алуан құ- былыстардың, өмір шындығының өзекті сипаттарының жанды- бейнелі көрінісі, дәлелі. Сол себепті бірегей, толыққанды сом тұлғалар – көркемдік кепілі»1 - деген сөзіне ден қойсақ, сурет- кердің басты құралы - образ. Көркем шығармада өмір шындығын сығымдап, сырын жеткізетін, жанымызға эмоциялық-эстетика- лық әсер беретін – кесек, сом образдар. Көркем шығармада кейіпкердің дүниетанымы, өмірге көзқарасы, болмыс-бітімі жан-жақты ашылады. Кейіпкер – көркем шығармаға жан бі- тіретін, шығарма арқауын бір арнада өрбітуге негіз болатын көркем тұлға.
Кейіпкер кейде жазушының таза қиялының жемісі (Н.В.Гогольдің «Мұрын» повесіндегі мұрынынан айырылған майор Ковалев, О.Бөкеевтегі Қар қызы, Т.Әбдіковтің «Парасат майданы» повесіндегі Күнделік иесі) болады немесе нақты өмір сүрген адамды бейнелеу нәтижесінде (мысалы, тарихи тұлғалар, жазушының өзіне етене таныс, жақын адамдар) туады. Әлем әдебиетінде бұрыннан танымал әдеби кейіпкерлерді қайта бейне- леу нәтижесінде де жасалады. Мысалы, Дон Жуан, Фауст бейне- лері. Көркем шығармада жеке тұлғалармен қатар, топтық, ұжым- дық кейіпкерлер де маңызды (А.С.Пушкиннің «Б.Годунов» тра-

1Ыбырайым Б. Сырлы әлем. –Алматы: Ана тілі, 1997. 82-б.


гедиясында алаңдағы халықтың ой-пікірін білдіретін бұқара, М.Әуезовтің «Қилы заман» повесіндегі көтеріліске шыққан топ). Шығармадағы өмір шындығын жазушы характер арқылы ашып көрсетеді. Характер жазушының өмірді тануымен, түйсі- нуімен сабақтас. Характер – адамның ішкі болмысы мен психо- логиялық ерекшеліктері, белгілі қоғамдық жағдай қалыптастыр- ған қоғамдық құлқы. Әдеби шығармада суреткер адам бейнесін жасай отырып, оның бойына сол кейіпкер тіршілік еткен орта- ның, дәуірдің типтік сипаттарын жинақтайды, сонымен қатар оның жеке басына тән ерекшеліктерді даралай суреттейді. Су- реткердің образ жасаудағы мақсаты адамның ішкі дүниесіне үңілу, ой-сезіміне, іс-әрекетіне баға беру арқылы ол өмір сүрген қоғамның шындығын, тіпті тұтастай дәуірдің кескінін бейнелеу. Мінез – адамның психологиялық ерекшелігі болса, мінездеу де- геніміз – кейіпкердің мінез-құлқымен, психологиялық қасиет- терімен, рухани-мәдени болмысымен таныстыратын сипатта-
малар.
Әдеби туындыдағы кейіпкер бейнесімен автор бейнесі тығыз байланысты. Кейіпкердің мінез-құлқы, өмірге көзқарасы негізінде жазушының дүниені тану ерекшелігі, эстетикалық мұ- рат-мақсаты жатады. Эстетикалық мұрат суреткердің шығарма- шылығында көркемдік шешім тауып, оның нақты болмысқа берген жазушылық бағасынан көрінеді және оның өз дәуірінің әлеуметтік өміріндегі өзгерістерді зерттеп-зерделеуіне байланыс- ты қалыптасады, айқындала түседі.
Қаламгердің өз кейіпкерлеріне деген қарым-қатынасы әр- түрлі болады. Автордың өз қаһарманына деген жанашырлығы сезіледі, кейде оны ұнатпайтынын аңғартып қояды, кейде ол ту- расында объективті түрде тек бақылаушы ретінде баяндайды. Автор мен кейіпкер арасында үнемі ара қашықтық сақталады, өйткені ол кейіпкерді өз дәуірінің биігінен, өзінің өмірлік тәжі- рибесі тұрғысынан бағалайды.
Көркем шығармада образды сомдайтын кіші бөлшек – көркемдік деталь. Көркемдік деталь шығармада құбылысты тұта- сынан суреттемей, суреттелетін нәрсенің нақты бір қырын, жеке белгісін, бүтіннің бөлшегін дәл тауып, ұтымды бейнелеу арқылы оны көз алдымызға келтіреді. Жазушы шеберлігі, ең алдымен,
өмір құбылыстарын іріктеу мен оны дәл детальдар арқылы бей- нелеу ерекшелігінде көрінеді. Кейде деталь арқылы автор ойын түсінуге, қаламгер қолтаңбасын, стильдік ерекшелігін тануға болады. Толыққанды бейненің құрамдас бір бөлігі болатын деталь өзі де ең кіші көркем бейне, микрообраз қызметін атқарады. Деталь қай кезде де өзінен ірі, қомақтырақ бейнені құрайды: мы-салы, қатал күзетшідей сыздана, тесіле қарайтын жалғыз сау көз, қаздың жұмыртқасындай сопақ бас, өңірін жапқан ұзын сақал, қадала сөйлейтін мәнер – осы детальдар біріге келіп, Құнанбайдың портретін кескіндесе, ол өз кезегінде одан да ірі көркем бейнені – тұтас адам бейнесін, мінезді сомдауға қызмет етіп тұр.
Көркемдік детальдарды портреттік, заттық, пейзаждық, тілдік детальдар деп жіктеуге болады. Көркемдік детальдар шы- ғармада түрлі қызмет атқарады. Деталь туындыдағы оқиға динамикасына ажар кіргізе отырып, характердің көркемдік сипатын белгілейді. Мыс: Б.Майлиннің «Қара шелек» әңгімесіндегі заттық деталь – шелек Айшаның характерін ашуға септеседі. Қаламгер пайдаланған деталь образ характерінің жан дүниесін, нанымдылығын көрсетеді.
Деталь суреттеудегі эстетикалық әсерді, эмоциялық бояуды молайтады. Оның эстетикалық функциясы бүтін мен бөлшектің бөлінбес бірлігінде көрінеді. М.Әуезов «Абай жо- лында» Тоғжанның кескін-келбетін оның киіміндегі бір деталь – сылдырлаған шолпысын суреттеу арқылы оның сұлулығын, әсем де кербез жүрісін, сымбатын, көркем мінезін ашады және сол арқылы Тоғжан образын тереңнен таныта түседі.
Әдеби туындыда көркемдік детальдың кейіпкер психоло- гиясын, ішкі құпия сырларын танытудағы көркемдік ролі зор. Ә.Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» романының көркемдік шеші- мінде Әмірші құла түзде, шөлде келе жатып өмір мен өлімнің арасында жанталасқан шынашақтай құсты көріп қалады. Тамағы бүлк-бүлк еткен, жер апшысын қуырған аптаптан жанын қоярға жер таппай, шырылдаған кішкене құстың ақтық азабына қара- ғысы келмей, көзін теріс әкетеді. Осы тұста – түз тағысының, құстың бүкіл қимыл-әрекеті деталь. Ажал алдында адам да, аң да, құс та бірдей. Әмірші қаһарымен халықты қақыратқанымен,
оның ажал алдындағы дәрменсіздігі, астан-кестең көңіл-күйі ұтымды бейнеленген.
Әр суреткердің шығармада өз кейіпкерін сом тұлғаға ай- налдырып, характерін даралау үшін қалап алған әр алуан амал- тәсілдері болады. Портрет, пейзаж, психологиялық параллелизм, диалог, монолог т.б. түрлі көркемдік тәсілдердің көбінесе образ- дың мінез-құлқын, ішкі жан дүниесін, рухани әлемін және ол тір- шілік ететін ортамен тартыс табиғатын ашудағы қызметі айрықша.
Характер сомдауда, оны психологиялық тұрғыда ашып көрсетуде портреттің маңызы зор. Қазақ әдебиеттануында портрет поэтикасын зерттеп, портреттің әдеби шығарманың тұтастық жүйесін қалыптастырудағы үлесіне арнайы тоқталған зерттеушілердің бірі – Б.Майтанов. Ғалым портретке: «Портрет
– өзгеріп тұратын, алайда не-ғұрлым тұрақтылыққа бейім құрылым. Портрет поэтикасында да ортақ дискурстар басым. Портрет адам бейнесіне қатысты мето-нимиялық құбылыс, бірақ көркемдік тұрғыда толымды құбылыс. Ол – жаратылыстың шеберлігіне, өмірдің күрделі табиғатына тәнті қылатын, тарихи мәні зор эстетикалық, эмоционалды-психологиялық, пластикалық, антропометриялық құбылыс» - деп анықтама береді1. Әр адамның сыртқы кескіні оның ішкі жан әлемінің айнасы сияқты. Портрет – мінездеудің заттық нұсқасы, кейіпкердің сыртқы бітім-пішінін, кескінін, характерін жасайтын бейненің материалдық болмысы. Көбінесе автор кейіпкер таби- ғатының аса маңызды тұстарын портрет арқылы сипаттайды.
Қазақ әдебиетіндегі портреттің даму тарихына көз жібер- сек, әдеби бейнеліліктің бұл түрі жалпылама-абстрактылы порт- реттік сипаттамадан біртіндеп адам келбетінің өзгеше жеке қа- сиеттерін даралауға қарай дамығанын бақылаймыз. Әдебиет да- муының ерте кезеңіндегі әдеби үлгілерде қаһармандардың сырт тұлғасы шартты-символикалық кейіпте кескінделген, мысалы, қазақ ертегілеріндегі немесе эпостық жырлардағы батырлар мен хас сұлулардың портреттері бір-біріне ұқсас келетіндіктен, олар- ды ажырату қиынға соғып жатады. Мұндай портрет үлгілерінде

1 Майтанов Б. Портрет поэтикасы. Ғылыми зерттеу. - Алматы: Қазақ университеті, 2006. – 127 б.


кейіпкер туралы жалпы ақпарат қана бар, өйткені бұл кезең әде- биетінде мінездер әлі даралана қоймаған.
Уақыт өте келе портрет адамның өзіне ғана тән жеке қа- сиеттерін айқындауға ұмтылып, бір қаһарманды екінші қаһар- манмен шатастыра алмайтындай қайталанбас қолтаңбамен, дара- лықпен ерекшеленетін болды. Қаһарманды даралайтын портрет- тік детальдің тек сол қаһарманды тайға таңба басқандай таныта- тын тұрақты белгісіне айналатын тұсы да бар, мысалы, Құнанбайдың «қатал күзетшідей» көзі, Тоғжанның «хас жендет- тің жауға шабар жебесіндей» қасы немесе сылдырлаған шол- пысы, Ұлпанның «мақпал қара меңі», Еламанның «үсік шалған қап-қара екі беті, шыт-шыт еріндері», Қожаның қаралығы т.б.
Портрет шығармада сан алуан сипатта көрінуі мүмкін. Көлемді прозалық туындыларда портрет шығармадағы сюжеттік желіге байланысты баяндау барысында қайта-қайта толықтыры- лып отырады. Суреткер кейде кейіпкерінің келбетін жан-жақты, егжей-тегжей суреттесе, кейде бірер белгісін ғана беріп, сараң сипаттайды. Бір кейіпкердің келбеті екінші кейіпкердің қабыл- дауы, ой-танымы арқылы бейнеленеді. Портрет көбінесе автор тарапынан, үшінші жақтан суреттеледі, сонымен қатар қаһарман- ның өзіне-өзі сипаттама жасап, сырт пішінін, мінезін суреттейтін жағдайлар да баршылық. Осы тұрғыдан келгенде, Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романында кейіпкердің портретін беру тәсілі қызық. Ж.Аймауытовтың Бекболат, Мұқаш сияқты кейіпкерлері монолог арқылы портреттерін өз аузымен мүсін- дейді. «Мұқаш» тарауында кейіпкер оқиғаны бірінші жақтан баяндай отырып, өзінің сырт тұрпатын кескіндей бастайды.
«Мен таңқы мұрын, бадырақ көз, шұнақ құлақтау, жарбақтау, кірпі шаш, қырыс маңдай, қара сұр жігітпін. Жасым 35-те. Әкем Тойбазар, өзім Мұқаш болғалы аузым асқа, ауым атқа жарыған емес. Ес білгелі есікте жүрдім» - деп басталатын монологта бі- рінші жақтық баяндау дара портрет поэтикасын жаңа мазмұнмен байытқан. Портретті зерттеушілер оны бірнеше түрлерге жіктейді: толық, дара, жұптық, психологиялық, динамикалық, статикалық, бұқаралық, жалпы, живописьтік, ситуациялық, сатиралық, гро-тескілік, портрет-мінездеу, автопортрет т.б.
Портрет шығарманың жазылу әдісіне қарай да алуан реңк- ке ие болады. Романтикалық сипаттағы шығармаларда портрет кейіпкер мен оны қоршаған орта арасындағы қайшылықты, конт- расты суреттеп, бедерлі, айшықты, оқыс та әсерлі тілмен бейне- ленеді. Реалистік шығармаларда психологиялық портрет үлгісі кеңінен тараған. Мұнда кейіпкердің сырт тұрқы, киімі, жүріс- тұрысы, сөйлеу мәнері, тегі, белгілі бір әлеуметтік топқа қатысы да дәйекті, егжей-тегжей суреттеледі.
Әдеби шығармада қаламгер кейде кейіпкерді оқиғаға кіріс- тірмес бұрын оның кескін-кейпіне, сыртқы келбетіне тән жеке- леген детальдарды ғана береді. Динамикалық портрет көбіне өсу, даму, тынымсыз іс-әрекет үстінде көрінеді. Кейіпкердің өзіне тән портреттік пішіні бірден беріле салмай сюжеттік желі барысында көбіне жүре келе, қимыл-қозғалыс, іс-әрекет үстінде ашылады. Мұнда кейіпкердің сыртқы келбеті жан толғанысымен тұтасты- рыла суреттеледі. Д.Исабековтің «Гауһартас» повесінде тау ба- уырында ән салып жүрген Салтанаттың динамикалық портретін автор: «Ол әнді ғажап айтатын еді. Ерке мінезді, сәби сезімді менің жеңешем әнші де екен-ау. Оның дірілдеп шыққан ашық үніне мына тастар да, анау созылып жатқан кең дала да ұйып қалған секілді. Қыр басынан көтеріліп жатқан күн Қаратұмсық бауырынан кенет естілген әсем әнге таңданып, бір орнынан жылжымай қатып қалыпты.
Салтанат әннен өзге дүниенің бәрін мүлде ұмытып кеткен секілді. Ол бірде көк аспанға шалқалай қарап, дәл төбесінде шы- рылдап тұрған бозторғайдан көз алмай әндетеді, енді бірде ерке қызының нәзік үніне тамсанып, көзін жұмып балқып жатқан кең даласын түп-түгел құшағына сыйдырып алғысы келгендей екі қолын жайып тастап, айналасына таусылмас махаббатпен мейір- лене қарайды. Осы даладағы сұлулық біткен Салтанаттың кеуде- сіне кеп құйылып жатса, оның өн бойындағы сұлулық көмейінен ән боп төгіліп, төңіректі жаңа леп, жаңа нұрға бөлеп тұрған сияқ- ты» - деп суреттейді.
Д.Исабековтің жұп портреттерінде контраст поэтикасы басым. «Гауһартас» повесі інісінің өз ағасының мінез-құлқын, кескін-келбетін суреттеуінен, яғни Ыбыштың портретінен бас- талады. Повесте баяндаушы қызметін атқарған Қайыркен сыры-
нан біз Ыбыштың сезімге де, сөзге де сараң, бойына сыймаған қара дүрсін күш иесі екендігін ұғамыз. Қашанда салқын қанды, сабырлы, жайбарақат ол өз сезімін жария етуді әлсіздік деп біледі. Повесте оның я күлгенін, қуанғанын немесе ағынан жа- рыла сөйлегенін көрмейміз. Томаға-тұйық, мінезі қатал, өзім- шілдігі де жоқ емес. Үнсіздік, қаталдық жайлаған осы шаңы- раққа келін болып жаңа түскен Салтанат күндей сәулесін төгеді. Салтанаттың портретінде лиризм басым: «Елегізген еліктің жанарындай мөлт-мөлт етіп ойнақшыған көздері өз иесінің бейкүнә пәк сезімділігін паш етіп тұрғандай. Бақытты күлкі ой- наған әсем еріндерінің ар жағынан көрінген аппақ әсем тістері төгіле кететін ақ маржан секілді тізесіне төгілген білектей қос бұрымы, ақ тәніне жабысқан көк жібек көйлегі оны бұрынғыдан да құлпыртып, көріктендіре түсіпті». Салтанаттың даралық порт- ретінде қиял, ұлттық қасиеті мол эпитет, теңеулер мол қол- данылған. Қаламгер портрет, адамның сыртқы келбетіндегі ерек- ше белгілер арқылы қаһарманның мінез-құлқын, әдет-дағдысын ашады.
Жалпы портретте кейіпкердің өзіне тән тұрақты, үнемі көрінетін сипат-белгілері суреттелсе, ситуациялық портретте кейіпкердің бір сәттік эмоциялық күйі бейнеленеді. Көркем туындыдағы топтық портреттердің әр түрлі әлеуметтік топ өкіл- дерінің таным-түсініктерін, мінез-құлықтарын, дағдыларын бейнелеудегі көркемдік қызметі қомақты. Ж.Аймауытовтың
«Ақбілек» романы Алтай аруларының топтық портретінен басталады: «Әлгі Алтайдың аруларын айтуға тіл жетпейді. Жүзі айтарлықтай айнадай боп, көзі құралайындай боп, күлкісі атқан таңындай боп, бойы құба талындай боп, былқ-сылқ етіп бұраң- дасып, күбірлесіп, көлеңдесіп, езу тартса – есің кетіп, бойың бо- сап, ойың босап, қиялың қия кезеді». Жазушы әрі қарай Ақбілектің сыртқы келбетін суреттеп жатпайды, алайда топтық портрет Ақбілектің сұлулығын асыра суреттеп, даралауға қызмет еткен.
Ә. Нұршайықовтың «Махаббат, қызық мол жылдар» рома- нында қыздардың топтық портреті Ерболдың қабылдауы арқылы беріледі. «Гүл бақшасында болып па едіңіз? Гүл ашылған ғажа- йып сәтті көріп пе едіңіз? Бақшаның жер нәрі, күн нұрына қа-
нып, толысқан ақ, қызыл, қызғылт, сары, көк гүлдері біртіндеп, бірімен бірі жарыса ашыла бастағанда жаныңызды ләззәт кер- неп, өз-өзіңізден өзгеше бір рахатқа кенелмейтін бе едіңіз. Сол гүлдердің торғыннан жұқа әсем үлбіректерінің әр дірілі жаны- ңызды толқын-толқын қуаныш боп кернеп, басқаның бәрін ұмыттырып, елжіретіп, елтітіп әкетпейтін бе еді?! Міне, қыз- дардың менің сәлемімді алып, еріндерін сәнмен қозғаған осы бір сәті менің көз алдыма гүл бағын елестетті. Иран бақ деген осы болар деп ойладым. Қыздардың томпақ, толық, жұқа, жұмсақ еріндері сәл ашылғанда олардың ауыздарынан ақ маржан ақта- рылып кеткендей көрінді. «Ал, енді не айтасың» дегендей, жазық маңдай, қыр мұрын, ақ құба, аққу мойын, аршын төс, қара торы, қиғаш қас, ақ сары қыздар әлі маған жаудырап қарап отыр. Енді не айтарымды өзім де білмедім. Алма ағаштың бұтақтарын қайыстырып, «өзіме кім қолын созар екен?» деп жерге телміре қарасып сабағында самсап тұрған хош иісті піскен алма секілді осынау тәтті қыздардың қасынан ілгері қарай өте» берген Ерболдың қабылдауында поэтикалық метафоралар (қыздар – жұ- мақтың гүлдері, қыздар – хош иісті қызыл алма) арқылы бейне- ленген қыздардың эмоционалдық бояуы басым топтық пішінде- месі соншалық нанымды суреттелген. Ұлы Отан соғысынан оралған солдат Ерболдың қыздарға таңырқай қарауы, оған топта- ғы отыз қыздың бәрінің бірдей ақылды, бәрінің бірдей сұлу кө- рінуі де кейіпкер характерін аша түседі. Эпикалық шығармадағы портрет лирикалық шығармаларға қарағанда анағұрлым толығырақ және көлемді, нақты болып ке-летінін айту керек.
Әдеби шығармада кейіпкер мінезін, көңіл-күйін ашуда қоршаған ортаны, табиғатты суреттеудің маңызы зор. Пейзаж – адамның ішкі әлемін суреттеудің, яғни психологиялық талдау- дың кең тараған көркемдік құралы. Пейзаждың кейіпкердің жан дүниесін, болмысын жан-жақты бейнелеудегі көркемдік қызметі ерекше. Ол оқиғаның дамуына, кейіпкер жан дүниесіндегі ішкі өзгерістердің өсуіне тікелей әсер етеді. Пейзаждың әдебиеттегі көркемдік қызметі туралы Б.Майтанов: «Көркем туындыдағы пейзаждың функциясы үш түрлі арнаға саяды. Сюжеттік орайда ол – оқиғалық уақыттың өлшемі. Композициялық тұрғыда ол көркемдік жолмен қабылданған әлемнің тұтастығын білдіреді.
Шығарманың идеялық-мазмұндық астарларына қатысты ол ха- рактерологиялық міндеттер атқарады»1 - дейді.
Пейзаждық детальдар шығармада көпфункционалды рөл атқарады. Пейзаж кейіпкерлердің ішкі жан дүниесін ақтаруға септесіп, ерекше психологиялық фон қалыптастырады. Кейде пейзаж ұлттық ерекшеліктерді де таныта алады. Сонымен қатар әдебиет тарихында әр қаламгердің өзіне тән табиғатты суреттеу ерекшелігі болатыны да белгілі.
Жалпы әдебиеттегі пейзаж суреткердің қайталанбас дара тұлғасымен, ішкі жан дүниесімен тығыз байланыста болады. Л.Толстой, біздің түсінігімізде, Ясная Поляна пейзажынан, Ф.Достоевский - Петербург көрінісінен, М.Әуезов - Шыңғыстау табиғатынан, Ә.Кекілбаев Маңқыстау өңірінен ажырағысыз бай- ланыста. О.Бөкеевтің туған жері Алтаймен жаны да, табиғаты да туыс. Л.Толстой пейзажды көбінесе өмірге, қоғамға, адамға қа- рама-қайшы суреттейді екен.
М.Әуезовтің «Қорғансыздың күні» әңгімесінде этносоциум заңдылықтарына қарсы дәрменсіз, қорғансыз Ғазизаның өлімі- мен тұстас долданған ақ түтек боранның үдей соғуы осы қасірет- тің лейтмотиві секілді. Долы, мейірімсіз боран, қыс пейзажы қыздың трагизмін күшейтуде көркемдік қызмет атқарады. Әңгі- менің басталуында суреттелетін тау суреті трагедиялық әсер мен жалғыздық, жатсыну сарынынан емеурін танытады. Шығармада символикалық мәнге ие болған «бауыры көбінесе бораннан босамайтын», «бауырын жайлаған ел малын өлтіріп, өзге ел аман отырғанда, шолақ жұттың құрығынан құтылмайтын» Арқалық тауының, Күшікпай зиратының қатыгез, ызғарлы сипаты өмірдің үрейлі де таусылмас қайшылығына, енді болатын сұмдық дүние- ге әзірлейтіндей.
Ш.Құдайбердиевтің «Әділ-Мария» романында табиғат суреті - композицияның көмекші емес, маңызды элементтерінің бірі. Автор жанына поэтикалық қуат құйып, шабыт берген туған жер табиғатын патетикалық лепте бейнелеген. Шәкәрімге дейін қазақ әдебиетінде табиғатты дәл осылай суреттеу тәжірибесі жоқ


1 Майтанов Б. Қазақ романы және психологиялық талдау. –Алматы: Санат, 1996. 196-б.


болатын. Бұл турасында Б. Майтанов: «Шыңғыс тауы – тап-таза символикалық бейне. Өз қойнауында туған Әділмен бірге опық жеп, зар төгетін кәрі Шыңғыс. Ұқсастыра, қабаттастыра суреттеу принципі басым... Шыңғыстау мен қаламгер – автор әрі сырлас, әрі мұңдас. Жазушы өзімсіне сөйлейді. Баланың әкеге ерке- легеніндей. Тау-анадан аспан-атаның қаһарына араша сұрау. Та- биғат пен адам дүниесінің тұтастығы. Пейзаждың түпкі мәні әлеуметтік өмір қайшылығын, сұрапыл қиянаттың құрық бермес асаулығын ишаралау»1 – дейді.
Пейзаждық суреттемелер баяндаудың жалпы реңін береді, оған лирикалық бояу дарытып, әуез қосады. Романда Шыңғыстау кейіпкердің психологиялық ахуалына да сәйкес суреттелген. Әділді урядник ауылға келіп, алды-артына қарат- пай, жаламен абақтыға айдап алып бара жатқанда, кейіпкердің көңіл-күйімен табиғат та сабақтас бейнеленген: «Сол кезде Шыңғыс жақтан қайғылы қара бұлт шығып, қара дауыл болып, қарлы жаңбыр жауа бастады. Ауылдан шыға бергенде, бір қабақ- ты жел ұшырып, дедектетіп апарып құры құдыққа салғанын Әділ көріп, абақты есіне түсіп:
- Әттең, көмексіз, туысқансыз жалғыздық-ай! Шіркін опа- сыз дүние-ай! Көрсетпегенің осы екен ғой! – деп көзінің жасы сорғалап, амалсыз кетіп барады... Міне, кәрі Шыңғыстау, осы- ның бәрі сенің көз алдыңда болған іс. Дәл сол кезде сен қарлы, жаңбырлы қара дауылыңды соққызып, Әділді урядник бір айда- са, ыққа қарай сен дауылыңмен екі айдап, бурадай бұрқыраға- ның жерді қара түтек боран қылып, аспанды қара жаңбырлы қара бұлтпен қаптағаның Әділге қылған кәрің бе? Әйтпесе, рахым- сыз зұлымдыққа ызаланып, жазасызды аяп жылағаның ба?..».
Үзіндідегі «қара бұлт», «қарлы жаңбыр» сөздерінің үдеме- лене қайталануы кейіпкердің басына төнген жамандықтан, қай- ғыдан хабар береді. Ол – кейіпкер тағдырының символы. Қара бұлтты аспан, қарлы жаңбыр Әділдің жан толғанысымен байла- нысты. Кейіпкер характеріне сәйкес табиғат та құбылып отыра- ды. Адамның көңіл-күйін табиғат құбылысымен салыстыра су-
1 Майтанов Б.Қ. Қазақ романы және психологиялық талдау. – Алматы: Санат, 1996. – 30 б.
реттеу психологиялық параллелизм деп аталады. Ол адам мен табиғат, әлем бірлігінің тұңғиығына барлау арқылы жасалады.
Психологиялық параллелизм өз бастауын фольклорлық шығармалардан, халық лирикасынан алады. Фольклор поэтика- сында шарықтау шегіне жеткен психологиялық параллелизм тә- сілі біртіндеп ХХ ғасырдың басында жаңадан қалыптаса бас- таған прозалық жанрларға ауысты да, бүгінгі әдеби тәжірибеде жаңа сапалық қасиеттермен толықты. Бұл тәсілдің ерекшелігі, аллегориямен салыстырғанда адам қасиетін табиғатқа немесе табиғаттың қасиетін адам бойына тікелей әкелмейді. Ол адам мен табиғат бейнелерін қатар қояды, екеулерінің арасындағы нә- зік байланысты сабақтастырады. Табиғат образының пластикасы логикалық тұрғыда, сөзбен түсіндіруге келмейтін нәрселерді бейнелеуге мүмкіндік береді.
Психологиялық параллелизм Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романында Ақбілектің жан-сезіміндегі арпалысын, терең дағдарыс сарынын суреттеуде ұтымды пайдаланылған. Ақтар қашып, тау ішінде жалғыз қалған Ақбілекті түнде түз тағысы – қасқырлар жан-жағына қамалап қоршайды. Ақбілектің өмір үшін жан дәрмен күресі: «Қасқыр одан жаман өршеленеді. Ақбілек жанұшыра сермейді. Қасқар қамалайды. Ақбілек сабалайды» - деп суреттеледі. Табиғат жанданып, адами кейіпке түскен. Аш жыртқыш аңдар қызды қамалап, ортаға алғанда оқиға шарықтау шегіне жетеді. Ақбілек жандәрмен аласұрып, өмірі үшін жанталасады. Орыстар Ақбілектің жалғыз өзін айдалаға тастап кеткен сәтінде Алтайдың түні «қызыл көз, қасқыр жүз, қабылан азу, қара» болып бейнеленген. Поэтикалық антитеза (күздің көзсіз қара түні – ақ бас Алтай), қара түбірінен өрбитін қара түн, қара бұлт, қара бурадай шөгу, қарауыту сөздерінің қайталануы кейіпкердің басына төнген қауіп пен қатерді меңзейді. Романда жазушы күзгі түнді тұтастай бейнелей отырып, енді табиғат құбылыстарының әрқайсысына жекелей (саял-дық қара бұлттарға, күздің сарғыш жапырақтарына, бұлттарға, ызылдаған ызғырыққа) қаратпа сөзбен тіл қатады. Ақбілектің бойындағы қорқыныш, көңіліндегі үрей күзгі табиғат суретімен үндесе, психологиялық параллелизм арқылы бейнеленген. Бұл көркемдік тәсіл романда өзіндік айшығымен кейіпкердің жан дү-ниесіндегі
толқу сезімдерін суреттеуде жиі қолданылған. Таби-ғатқа арналған қаратпа сөздер мағыналық байланыста жұмсалып, ойды әсерлі жеткізген. Сөйлемдердің эмоциялық мағыналарын әлі де болса құбылта түсу үшін қаратпа сөздердің құрамына -ау модальді шылауы («мейірімсіз шіркіндер-ау!») контекстте ерек- ше психологиялық көңіл-күй тудырып, әуезділік пен суреттеліп жатқан оқиғаларға автордың қатынасын танытып отырады. Осы арқылы мәтінге «жан бітіп», поэтикалық қуат, эмоция дариды.
Психологиялық егіздеу тәсілінің кейбір жазушылардың шығармаларында стильдік ерекшелікке айналатын тұсы да бар. Мысалы, О.Бөкеев прозасында психологиялық егіздеу жеке тә- сілден тұтас поэтикаға ұласып, стильді айқындайтын ұстанымға айналған. Жазушының «Қар қызы», «Сайтан көпір» т.б. шығар- маларының бүкіл эмоционалдық тіні мен образдар жүйесі адам мен табиғаттың берік байланысын негіздейді. Кей туындыла- рында ол тұтастай сюжеттік желіні жарып өтеді. Қаламгер шы- ғармаларында өркениетке табиғат қарсы қойылады. Шынайы- лықтың, тазалықтың поэтикалық символы ретінде бой көрсеткен табиғат бейнесі адами кейіпке ие. Пейзаж өз экспрессиясымен таң қалдырады. О.Бөкеевтің сөздік қорында мистикалық «си- қыр» сөзі маңызды қызмет атқарады. Шын мәнінде, жазушы шы- ғармаларында табиғат ғажайып, сиқырлы күшке ие. Оның ға- жаптығы да табиғаттың рухтануында жатыр.
О.Бөкеев шығармашылығындағы пейзажға тән белгілердің бірі - кейіпкердің табиғатпен оңаша шын жүректен сырласуы, сұхбат құруы. Мұндай пейзаж түрі қаламгердің барлық шығар- маларында дерлік ұшырайды. Мысалы, оның "Құм мінезі" по- весінде табиғатқа тіл біткен, ол сыңсып сырын айтады. Ал, оның үнін естуді тек Барханға ғана жазған: «Иә, құм жылайтын... Иә, құм сөйлейтін... Иә, құм жырлайтын... Иә, құм толғайтын... Иә, құм ән айтатын...Иә, құдая құм күлетін, кәдімгідей сақ-сақ кү- летін... Иә, құмның даусы қандай әдемі еді десеңізші, көңіл- ден де шалғай ұжмақ дүниеден хабар жеткізгендей, алыста, әрі тым жақында жатқан сиқырлы дүниені аңсап, жалғызсыра- ғанда, жабыққанда айтар әсем әні, әмәнда ұзақ-сонар толғауға барып, бебеу қаға тоғысар еді. Қызылқұмның тілін тек өзі ғана білетін Бархан онымен күбір-күбір әңгіме шертісер еді».
Пейзаж қаламгердің философиялық ой-толғамдарын айқы- нырақ жеткізуге қызмет етеді. Суреткер шығармашылығында адам мен табиғат екеуі екі бөлек әлем емес, олар біртұтас, бір- лікте. Олардың арасында қайшылық немесе өзара үйлесім болуы мүмкін. Тек бір-біріне бейтараптық жоқ. Повесте адамдар арасында жалғызсыраған қойшының құммен өзара ұғысуы адам мен табиғат арасындағы түсіністікке ұласқан. Табиғатты ұға білу қасиеті арқылы кейіпкер характері, болмысы ашылады. Жалпы табиғатқа деген көзқараста уақыт қолтаңбасы, замана тынысы жатады. Мәселен, XX ғасырдың басындағы қазақ прозасында табиғаттың әсемдігіне емірене сүйсіну, оны идеал тұту, тазалықтың өрісі деп қарау аңғарылады. XX ғасырдың 70- жылдарындағы әдебиетте (Ш.Айтматовтың «Ак кеме», В.Васильевтің «Патша балық», В.Распутиннің «Матерамен қош- тасу» повестері, О.Бөкеев, М.Мағауин, Т.Әбдіков шығармалары) табиғатты тамашалаумен қатар, оның келешегіне алаңдау, адам мен табиғат арасындағы қарама-қайшылықты тереңнен түсіну, оны концептуалдық деңгейде суреттеу бар. Тағы бір айтатын жайт, көркем шығармадағы образды жасауда қолданылатын кез- келген көркемдік тәсілдер - портрет, пейзаж, монолог, диалог т.б. жеке-дара тұрып ешқандай қызмет атқармайтыны белгілі. Сондықтан да жазушы кейіпкерінің ішкі сезімдерін, характерін бейнелеу құралдарын өзара сабақтастыра суреттеу арқылы аша- ды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   86




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет