Әдебиет туралы ғылым және оның салалары



бет13/86
Дата06.03.2023
өлшемі462.32 Kb.
#470439
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   86
zhanuzakova kt debiettanuga kirispe

Тенденция (лат. ауд. бағыттаймын, ұмтыламын) – көркем шығармада өмір шындығын бейнелеудегі суреткерге тән ұста- ным, авторлық бағалау. Бұл ұғым кең мағынасында көркемдік идеяның құрамдас бөлшегі ретінде қолданылып, автордың өзі суреттеп отырған дүниеге ашық қарым-қатынасын, көзқарасын айқындайды. Осы тұрғыда ол барлық көркем шығармаларға тән және шығарма идеясымен біте қайнасып жатыр. Сонымен қатар тағы бір мағынасында тенденция - өнер туындыларынан көрініс беретін суреткердің әлеуметтік, саяси, идеологиялық, рухани- адамгершілік ұмтылыстары мен оның қоғамдық көзқарасын, ой өзегінің тұғыры. Шығармада автордың өзі бейнелеп отырған өмір шындығына деген идеялық-эмоциялық қарым-қатынасын, құштарлығын байқаймыз. Образдар жүйесі арқылы суреттелетін маңызды мәселелерді ой елегінен өткізу, оны бағалау суреткер- дің өнер туындысындағы рухани-адамгершілік ұмтылыстарынан көрініс береді.
М.Шаханов «Өркениеттің адасуы» поэмасында қазіргі қо- ғамдағы рухани құлдыраудың нәтижесінде пайда болған «жарты адамдар» мәселесін көтереді. Рухсыз білімнің зиянды екенін, имандылық, рухани-адамгершілік қасиеттерге жете көңіл бөлін- бесе, адамзат тұйыққа тірелетінін ашына жазған автордың ой тұ- ғыры, тенденциясы айқын, ашық көрінген:
Оян, Данте, Фирдоусидің және Абайдың айбыны! Бөгей алмау ғасырға сын бұл тасқынгөй қайғыны. Қол қусырып көнеміз бе,
Үнсіз жата береміз бе, Робот-түйсік арқаланған,
Мейірімі тұл жарты адамдар,
Жердің бетін түгел жаулап жеңгенше?..
Тенденция кейде сатира жанрларында, азаматтық лирикада (Абай өлеңдері, М.Дулатов «Оян қазақ», А.Байтұрсынұлы
«Маса» т.б.) ашықтан-ашық көрінсе, кейде авторлық идея көр- кемдік суреттемелер арқылы шығармаға өзара кірігіп кетеді, Л.Толстойша айтсақ, авторлық «әлем туралы идея сөйлем жол- дарының арасында» жымдасып жатуы қажет. Кеңестік эсте- тикада тенденцияны саяси мақсатта пайдаланып, әдебиеттің пар- тиялығы ұғымымен, әлеуметтік-таптық көзқараспен тікелей бай-
ланыстырса, қазіргі әдебиеттануда ол өнердің идеялық принцип- терімен сабақтас ұғым.
Әдебиет тарихына көз жіберсек, қашанда жаңа дәуірдің жаңа тақырып ала келетіні белгілі. Еліміз егемендік алғаннан кейінгі жылдар әдебиетінде жаңа бетбұрыс байқалды. Жаңа за- ман лебі дүниеге жаңаша көзқарас қалыптастырып, әдебиетке жаңа қаһармандар келді, өмірді бейнелеу кеңістігі кеңейді, фило- софиялық-драмалық сарын күшейді. Жаңа дәуір жаңа мазмұн әкелсе, көркем әдебиеттің оның табиғатына сәйкес жаңа пішінде бейнелеуі заңдылық. Осыған орай, тәуелсiздiк әдебиетінің мақ- сат-мұраты, өрнек-айшықтары да өзгеше болып қалыптаспағы заңды болатын. Кешегі кеңестік идеология келмеске кетіп, әде- биет өмірді бұрынғыдай таптық аяда бейнелемей, әлеуметтік- шаруашылық мүддені емес, ұлттық мүддемізді жоқтаған күрес- кер-кейіпкерлерді алға тартты. Әдеби шығармалар тақырып пен идеясының ауқымдылығымен, психологиялық тереңдігімен, көр- кем бейнелердің сан алуандығымен ерекшеленді. Әдебиет кеңес дәуіріндегі қуғын-сүргіннің сырын тереңдете ашуға бет қойды. Руханият, инсаният мәселелеріне терең бойлауға мүмкіндік туды. Уақыт талабына орай тереңге тамыр жайып, жаңа сапалық қасиеттермен толыса түскен әдебиетімізде, соны тақырыптар, рухани ізденістер бой көрсетуде.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   86




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет