Әдебиет туралы ғылым және оның салалары



бет27/86
Дата06.03.2023
өлшемі462.32 Kb.
#470439
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   86
zhanuzakova kt debiettanuga kirispe

Антонимдер бір-біріне керағар, қарама-қарсы мағына- дағы сөздер. М.Мақатаев өз өлеңдерінде ойын айқындау мақса- тында антонимдерді жиі қолданады:
Өмірді қалай сыйласаң, Өлімді сондай жат көрме!
Өмірдегі, қоғамдағы қайшылықты құбылыстарды қарсы қою арқылы оларды көрнектірек суреттеуге, бір-бірінің қасиетін аша түсуге мүмкіндік туады, эстетикалық әсер молаяды:
Өледі кімдер, туады кімдер, Батады күндер, шығады күндер. Семеді гүлдер, өседі гүлдер, Келеді күндер, көшеді күндер.
Бір-біріне қарама-қарсы мағынадағы етістіктерді қолдану арқылы ақын жаратылыс туындыларына – ол адам, күн немесе гүл болсын, барлығына ортақ заңдылық барын, өмірдің өзі соған негізделетінін ескертеді. Өмірдің қас-қағым сәтте-ақ өтіп кете- тінін, ол мезеттің қайтып оралмайтыны турасында философия- лық ой түйеді.
Әдеби талдау барысында көркем шығармадағы архаизм- дер, историзмдер, неологизмдер сияқты лексиканың түрлі топ- тарын айқындау аса маңызды. Архаизм (грекше archaios – бағзы, көне) – бұрынғы, баяғы кездері болған, көп айтылған, алайда қазіргі уақытта көнеріп, күнделікті қолданыстан шығып қалған, ескірген сөздер. Мысалы:
Ескі шаһар таң дүние, Салар болсаң назарың, Не көресің?
Көресің –
Майдан сайын мазарын. (М.Жұмабаев)
Архаизмдер прозада да, поэзияда да кездеседі. Тілшілер архаизмге көнерген сөздер деп ғана қараса, әдебиетшілер көр- кемдік мақсатына орай архаизмді зерттеп-зерделеп, өз шығар- маларында жиі пайдаланады. Архаизмдердің көпшілігі көтеріңкі лексикаға жатады. Өткен ғасырлардағы, көне кезеңдерде болған оқиғаларды суреттейтін тарихи шығармаларда сол дәуірдің, тарихи тұстың ерекшелігін бейнелеу мақсатында жиі қолданы- лады (мысалы, М.Мағауиннің «Аласапыран» романы). М.Шахановтың «Нарынқұм зауалы» поэмасындағы
«Махамбеттің соңғы сөзі» бөлімінде ақынның туған еліне қарата айтқан монологында көнерген сөздердің қолданылуы заңдылық:
Алдан жарқын күн шыққанша, Кескініңді көрмейінші шаршаған.
Пасық ойлар тұншыққанша, Дулығаны қақ жарып гүл шыққанша, Жер астынан қарап жатам мен саған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   86




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет