Әдебиет туралы ғылым және оның салалары



бет30/86
Дата06.03.2023
өлшемі462.32 Kb.
#470439
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   86
zhanuzakova kt debiettanuga kirispe

Метафора, ауыстыру (грекше metaphora) – ой бейнелілігін күшейту үшін заттар мен құбылыстарды өздеріне ұқсайтын, кейде тіпті ұқсамайтын басқа нәрселермен жақындастыратын, бір-біріне балайтын, сол арқылы суреттеліп отырған затқа не құ- былысқа мүлдем жаңа мағына беретін троптың ең әсерлі түрі. Құбылту да суреткердің идеялық, эстетикалық мақсатына сай жасалады. Мысалы, М.Мақатаев аруларды (жай ғана әйелдер деп атамайды) әр үйдің шаңырағына, сол шаңырақ арқылы кірген таң нұрына, күннің сәулесіне балап, өлеңге ерекше мән үстейді:
Арулар – әрбір үйдің шаңырағы, Әрбір үйге от болып жағылады. Әрбір үйге таң болып атты-дағы, Әрбір үйге сәуле боп жамырады.
Өмірде қымбат асылдар – күндер, Өмірде қилы ғасырлар - күндер».
М.Жұмабаев «Берниязға» деген өлеңінде махаббаты үшін басын өлімге қиған ақынды балаға, бөбекке балай отырып, ақын табиғатының аңғал, сенгіш мінезін, албырт, қиялшыл жасқа тән елден ерек тұлғасын сомдағанын аңғарамыз:
Өмір – дала, ақын – бала қаңғырған, Жан сусынын көз жасымен қандырған. Ақын - бөбек, өмір – көбік, тылсымды, Ойнап, арбап, бөбекті естен тандырған.
Кейіптеу – әр түрлі жансыз табиғат құбылысын тірі адам кейпіне көшіру, яғни табиғат құбылысын, жансыз нәрселерді адам кейпінде жан бітіре суреттеу. Орыстың белгілі жазушысы В.Короленко бұл құбылыс туралы: «Көптеген суреткерлер таби- ғатты адам кейпінде, адамға тән сезімдермен суреттейді: боран жылайды, күрсінеді, ашуланады, долданады, күйінеді, тұлан тұ- тады. Бұл заңды әрі шынайы: шартты мағыналар арқылы сіз та-
биғат пен адам жанының арасындағы тығыз, құпия, мәңгі үзіл- мейтін, байырғы байланысты сезінесіз. Адам жаны да – табиғат- тың құбылысы, сондықтан ол табиғатпен өзінің мың-миллион жанды әсерлерімен, сезімдерімен тығыз байланысты» - деп пікір түйеді.
Кейіптеу – ертегі, аңыздарда жиі қолданылатын тәсіл. Ол поэзияда да, проза да табиғатты суреттеуде кездеседі. Мысалы: М.Жұмабаев «Тұранның бір бауында» өлеңінде табиғатқа жан бітіре суреттейді:
Ай қалқыды, сәуле аспаннан сорғалады, Ағаштар ерке арудай ырғалады.
Арудың аққу мойны бұрылғанда, Жұлдыздай жарқ-жұрқ етіп сырғалары.
Д.Исабековтің «Гауһар тасында» Салтанат салған әсем әнге елтіген табиғат суреті жанды кейіпте бедерленген, тіпті адамдық қасиетке ие: «тастар да, дала ұйып қалған, күн әнге таңданып, бір орнында қатып қалған, дала тамсанып, көзін жұ- мып, балқып жатыр».
Аллегория - негізі меңзеу, тұспалдау болатын әдеби тәсіл немесе бейнеліліктің бір түрі. Аллегория қызметінде шартты ұғымдар (жақсылық, ар-ұят, ақиқат) мен типтік құбылыстар, ха- рактерлер, мифологиялық кейіпкерлер, тіпті жекеленген адамдар да бола алады.
Аллегория - көркем туындыда айтатын ойды туралап, нақ- ты, дәлдеп айтпай, алыстан орағытып, астарлау, ишаратпен, емеурінмен жеткізу тәсілі. Тұспалдаудың ұтымдылығы - ол ойды әншейін долбармен, жобамен айта салу емес, әдеби тілдің поэзия тілінің бейнелілік, суреттілік мүмкіндіктерін молынан пайдаланып, ойды өрнектеп, бейнелі түрде жеткізеді. Мысал өлеңдердегі құбылту, көбінесе, пернелеу, яғни аллегорияда жай ұғым қалпындағы дерексіз нәрселер көзге көрінер деректі нәр- сеге ауыстырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   86




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет