Эллипсис (грекше ellepsis - аттап кету, тастап кету) – мәтін ішінде сөйлемдерді толық жазбау, яғни, ой арасында айтпаса да түсінікті кейбір сөздерді әдейі түсіріп тастау. Эллипсис прозалық шығармада да, поэзиялық шығармада да кеңінен қолданылады.
О.Бөкеевтің «Жетім бота» повесінің шешімінде Ақботаның тағдыры жұмбақ күйінде қалады. Шығарма соңы:
«Тасжан балконға шыққанында Атыраудың бетіне алтын жол салып, жарықтық күн де көтеріле берген. Сол теңіз үстіндегі алтын жолмен асықпай аяңдап, жетім ботасын жетелеген Ақбота кетіп бара жатты.... Жетім бота жетелеген қыз, әне, су бетімен шашбауы сылдырап, үкісі желбіреп кетіп барады... Мәңгілік сапарға жаяу кетіп барады....» - деген жолдармен аяқ- талады. Өркениетті қоғамнан орын таба алмаған Ақботаның алтын күнді бетке алып теңіз бетімен жаяу кетуі реалды шын- дықпен орайлас жатқан, мүмкіндігі ықтимал дегеннен де со- лай болса екен деген тілектен, арманнан туған. Мұнда эллип-
сис ойды шегіне жеткізбей, белгісіздікті көрсету мақсатында қолданылған.
Эллипсис кейде адамның ішкі халін, көңіл-күйін, шытыр- ман психологиялық иірімдерін беру үшін де қолданылады.
Кірпігінде жасы мөлт-мөлт...
...Ұйқы жеңді, ойды күңгірт.
Күңгірт ойы – көмескі түс... (М.Жұмабаев) М.Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасында бала-
сын емдеп жазамын деп, аққудың өліміне себепкер болған ана- ның жынданған, өң мен түс арасындағы есалаң ахуалын сурет- теуде эллипсис жұмсалған:
«Қазір, ботам... Мінеки, таң атады...
Қазір ботам аққумен ұшықтаймын... Жазыласың құлыным... балапаным!
Қасиет!.. О, қасірет!
Осындай ма ең?!
Сорымның қалыңдығы шашымдай ма ең!.. Қасиет!..
Қасиеттер ұшып кетті, Қасірет!..
Қасымдағы досымдай ма ең!.. Қасиет...Қасірет...
Қасірет...қасиет...»
Параллелизм – екі ұдай нәрсені, құбылысты, ұғымды, сезімді қатар қойып, жұптап суреттеу. М.Мақатаевтың мына өле- ңінде кетіп бара жатқан құстар мен қалжыраған шал көңіліндегі сезім қатар суреттелген:
Қаздар қайтып барады мекеніне, Қанаты бар мақұлық кетеді де.
Тәй-тәй басып, қалжырап, қария тұр, Дәрмені жоқ таяғын көтеруге. (М.Мақатаев)
М.Жұмабаев өлеңдерінде ақынның жан сырын көбінесе аймен жұптап суреттеу жиі ұшырасады. Мысалы,
Қалдым жалғыз,
Тірі жансыз күңіренем.
Шер шегемін, кеңесемін мұңменен. Досым жырақ,
Сөнді шырақ. Сөнемін.
Сөнеді ай,
Мен де ұзамай өлемін. Батады Ай.
Батады ой. Мен батам.
Тілдің көріктеу құралдарының барлығы бір-бірімен тығыз байланыста, бір-бірімен жарыса қолданылады. Алайда тіл бай- лығы дегеніміз естіген-білген сөздерді орынды-орынсыз тық- палай беру емес, оны шеберлікке ұластыру керек. Жазушы тілін суретші бояуына теңер болса, ол барынша нәзік, үнеммен орынды жұмсалғанда ғана әсемдік дүниесіне айналмақ. Көркем шығармада авторлық баяндаулар мен суреттеулер араласып оты- рады. Шындықты әншейін хабарлап қойса, баяндау болмақ, көз- ге құбылысты қиялмен елестетіп, көркем образ жасап, сөзден кестелі айшық, өрнек төксе, суреттеу болады.
Достарыңызбен бөлісу: |