Әдебиет туралы ғылым және оның салалары


Сыншы – оқырманның талап,талғамының жаршысы,әдеби құбылысты жалпы мемлекеттік тұрғыдан пайымдайтын қоғамдық ой –пікірдің озық өкілі. Сюжеттің басталуы



бет72/86
Дата06.03.2023
өлшемі462.32 Kb.
#470439
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   86
zhanuzakova kt debiettanuga kirispe

Сыншы оқырманның талап,талғамының жаршысы,әдеби құбылысты жалпы мемлекеттік тұрғыдан пайымдайтын қоғамдық ой –пікірдің озық өкілі.
Сюжеттің басталуы – (латынша – дәйектеме) – оның кіріспесі іспетті; Мұнда әдеби қаһармандар өзара қарым-қатынасқа көшпес бұрынғы хал- жағдай, тіршілік, қоғамдық орта, болашақ қақтығыстар алаңы, оқиғалар орны суреттеледі. Экспозиция ол шығарманың сюжеттік желісіндегі өмірлік тартысқа тікелей ықпал жасамайды, тек мезгіл мен мекенге мегзеу, дерек, дәйек ретінде ғана болады. Мысалы, «Шұғаның белгісінің» басталуы бірден емес, бұрма экспозицияға жатады.
Сюжеттік байланыс – (завязка) – адамдар арасындағы әрекеттің басы; Тартыстың басталуы іспетті, шығарма арқауындағы негізгі оқиғаның әуелгі туындау себебі секілді. Мысалы, Шұғаның Әбдірахманды алғаш көруі.
Сюжеттік даму – адамдардың өзара қарым-қатынасынан, қимыл- әрекетінен туатын түрлі жағдайларға байланысты өрбиді.
Тақырып – жазушының шындық болмыстан таңдап, талғап алып, өзінің көркем шығармасына негіз, арқау еткен өмір құбылыстарының тобы. Тартыс – (латынша – қақтығыс, айқас, алауыздық, талас) - өмірдегі қайшылықтардың өнердегі көрінісі, адам тіршілігіндегі түрліше қарама-
қарсылықтардың, адамға тән әр алуан көзқарастығы, идеядағы, сезімдегі, нанымдағы, іс-әрекеттегі, мақсат-мүддедегі керағар құбылыстардың өнер туындсындағы жинақталуы, суреттелуі.
Теңеу – заттың айрықша белгілеріне тоқталмай-ақ, оны басқа затпен, құбылыспен салыстыра суреттеу.
Типологиялық байланыс – бірнеше халықтың сөз өнеріндегі, әдебиетіндегі әдеби ағым, бағыт, стиль, сюжет, образдар ұқсастығы, жалғас-жақындығы. Типологиялық байланыс әдебиеттің даму заңдылықтарын олардың әлеуметтік-тарихи жағдаймен сабақтастығын түсіну үшін өте қажет. Типологиялық байланысты анықтаудағы маңызды ұстанымдар қандай десек, алдымен типологиялық ұқсастықтың тарихи негізділігіне көңіл бөлу, бүтіндей әдеби құбылыстар - әдеби бағыт, жанр, стильдік ағымдардардың бірнеше халықтың әдебиетінде ұқсас келетініне назар аудару. Романтизмнің де әр ұлттың әдебиетінде өзіндік сілемдерімен ерекшеленгенімен, барлың әдебиетке ортақ типологиялық белгілері бар.
Типтік бейне - әрі әбден жинақталған, сондықтан өзі сияқтылардың бәріне ұқсайтын жалпы тұлға,әрі әбден дараланған, өзінен басқа ешкімге ұқсамайтын жалпы тұлға.
Трагедия – (гр. – текенің әні) – қайғылы , қатерлі жағдайларға құрылатын, бас қаһарманның жан азасымен, өлімімен бітетін драма түрі. Эсхил, Софокл, Эврипид трагедиялары қазіргі сахнада әлі ойналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   86




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет