Әдебиеттануға кіріспе және әдебиет теориясы


Мазмұн мен форма жайын сөз еткенде, бірінші - мазмұнның



Pdf көрінісі
бет14/54
Дата12.01.2024
өлшемі1.55 Mb.
#488982
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   54
2022 tasmagambetova z zh debiettanu a k r spe zh ne debiet teoriyasy ump

1. Мазмұн мен форма жайын сөз еткенде, бірінші - мазмұнның 
бірнеше формасы болатыны. Өмірде де, өнерде де солай. Мысалы, совет 
халқының Ұлы Отан соғысының ғылым мен әдебиеттегі пішіндерінің әр 


16 
алуандығын өз алдына қойғанда, бір ғана сөз өнерінің өзінде, айталық, 
Қ.Аманжоловтың «Ақын өлімі туралы аңызы» мен Хамит Ерғалиевтің «Әке 
сырындағы», яки поэзиядағы пішіні бір бөлек. Бауыржан Момышұлының 
«Москва үшін шайқасы» мен Тахауи Ахтановтың «Қаһарлы күндеріндегі», яки 
прозадағы пішіні бір бөлек болса, Мұхтар Әуезов пен Әлжаппар Әбішевтің 
«Намыс гвардиясындағы», яки драматургиядағы пішіні өз алдына бөлек. 
2. Сонымен қатар мазмұнға қарағанда форманың өзгерімпаздығы. 
Өмірде де, өнерде де солай. Айталық, махаббат. Бұл-өмірде тұрақты шындық, 
өнерде мәңгілік тақырып. Абай әдемі айтқан: 
Махаббатсыз – дүние бос, 
Хайуанға оны қосыңдар. 
Бірақ өмірдің осы шындығының өнерде көркем жинақталу пішіні әр 
дәуірде әр алуан. Мәселен, қазіргі махаббатты баяғының Ләйлі – Мәжнүнінің 
немесе Қыз Жібегі мен Төлегенінің арасындағы сезімдерше суреттесе, осы 
дәуірдегі мазмұнға мұндай пішін сай келмеген болар еді. 
3. Бір мазмұнның өзі әр дәуірде әр түрлі формаға көшіп отырады. 
Мазмұн мен форма тарихи категория. Әрбір жаңа дәуірде көне мазмұн тың 
пішін тауып, жаңғырып, жасарып қана қоймайды, әр дәуір өз шындығын, 
демек, өз мазмұнын ала келеді. Мәселен, ғасырлап бойы үнсіз мүлгіп, 
тылсымдай тынып, құлазып жатқан қазақ даласына Қазан революциясынан 
кейін күре тамырдай тарамданып темір жол жосылды да, оның бойымен бұрын-
соңды бұл маң көрмеген жаңа көлік – поезд жүйткіді. Бұл - өмірдегі жаңа 
шыңдық болса, өнердегі – жаңа мазмұн. 
4. Жаңа мазмұнға жаңа пішін іздеуге әбден болады; бірақ пішін іздеу 
бар да, құр пішінділікке (формализмге) салыну өз алдына басқа. 
Сонымен, әдебиеттегі мазмұн мен форманың бірлігі дегеніміз сөз 
өнеріндегі орасан маңызды заңдардың бірі, өнер туындысының көркемдігі үшін 
ауадай қажет жағдай боп табылады. Көркем шығармадағы мазмұн мен 
форманың бірлігі – оның эстетикалық бағалылығы. 
Әдебиеттегі мазмұн мен форманы көркем шығармаға көшірсек шығарма 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет