Әдебиеттануға кіріспе және әдебиет теориясы


Көркем шығарманың идеялық-тақырыптық негізінің күрделілігі



Pdf көрінісі
бет16/54
Дата12.01.2024
өлшемі1.55 Mb.
#488982
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   54
2022 tasmagambetova z zh debiettanu a k r spe zh ne debiet teoriyasy ump

Көркем шығарманың идеялық-тақырыптық негізінің күрделілігі, 
яки көп проблемалылығы (З. Қабдолов «Сөз өнері») 
“Абай жолының” тек бас жағын ғана бажайлап қарайықшы. Оқудан елге 
оралған шәкірт Абай өзін қаладан алып қайтқалы барған Байтас п ауасын е ен 
жорға Жұмабайдан оқ бойы алда келе жатқан күйі, даланың таза ркін сіміре 
жұтып, рақатта серпіліп “кей-кейде өзіне таныс Қөкүйірім мен Буратиген, 
Тақырбұлақ сияқты қоныс-құдықтар-дың тұс-тұсына келгенде, оқшау шығып
астындағы жарау құла бестісін ағызып-ағызып алады”.
Осы эпизодтың өз тақырыбы (туған жер), өз идеясы (сағыныш) бар.
Одан әрі: осы жүргіншілер Көлқайнардағы Құнанбай аулына келіп, Абай 
өзін күткен апа-жеңгелерінің, Айғыз бен Ұлжанның, әжесі Зеренін, құшағына 
кезек-кезек кіріп, “өзін; шын балаға айналдырып жіберген» қалың, сүйіске 
малтиды да қалады.
Бұл эпизодтағы тақырып — анаидея — мейірім.


19 
Енді бірде аналар арасындағы “еркін, ойнақы, бала мінездің, бәрін” 
пышақ кескендей тыйып, Абайды Құнанбай шақыртады. Абай дереу бойын 
жиып ап, әкесі отырған үлкен үйге келеді. Бұл үй шешелер үйіндей көңілді 
емес, ызғар шашқандай салқын түнжыраған үнсіз.
Бұл эпизодтағы тақырып — әкеидея — тоңмойын қаталдық.
Бұдан былайғы эпизодтар да осылайша әрқайсысы бір тақырып пен бір 
идея құрап, өз apa тұтасып, өріліп, өрби береді. Сонда байқасақ, бір шығармада 
бірнеше тақырып, бірнеше идея болып шығады. 
Алайда көркем шығармадағы тақырыптар мен идеялар қанша көп 
болғанмен, олардың бәріне ортақ желі, бәріне дәнекер бірлік болады. Ол бірлік 
— идеялық бірлік. Оның өзі шығармаға арқау боп отырған шындықтан туады. 
Барлық жекелеген тақырыптар мен идеялар бірімен-бірі тоғысып, ұштаса 
жалғасып кеп, ақыр аяғында бір сағаға сарқып құяды. Осыдан келіп, оқырманда 
дәл осы шығармаға деген бүтін, тұтас бір көзқарас туады да, нәтижесінде 
шығармадағы орталық, өзекті мәселе айқындалады. Айталық, Пушкиннін 
“Евгений Онегиніндегі» ең өзекті мәселе — XIX ғасырдын, 20-жылдарындағы 
дворян қоғамының рухани дағдарысы. Ғ. Мүсіреповтің “Қазақ солдатындағы» 
ең өзекті мәселе — совет адамдарыньң моральдық-саяси бірлігі, совет 
жауынгерлерінің соғыстағы қаһармандығы; Ғ. Мұстафиннің “Миллионеріндегі” 
өзекті мәселе — колхозды ауылдағы социалистік енбектін салтанаты. 
Бір шығармадағы бірнеше және әр алуан жеке тақырыптар мен идеялардың 
басын бір жерге қосып, ip арнамен өрбітіп тұрған бірегей, өзекті мәселені 
негізгі идея дейді.
Жазушының ой өзегі әрқашан қаз-қалпында көркем идеяға айнала 
қоймайды. Осыдан келеді де әр шығармадағы авторлық және объективтік 
идеялар туралы ұғым туады.
Авторлық идея – суреткердің о астағы ой өзегі; объективті идея – нақты 
шығармадан туатын мақсатты нәтиже. Бұл екеуі ылғи бірдей бола бермейді. 
Дәлірек айтқанда, автор өзінің ойға алғанын жазу үстінде дәл өз ойындағыдай 
жинақтай беруі қиын. Кейде тіпті авторлық идеяға объективтік идея кереқар 
кеп, қарама-қарсы шығуы да мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет