24
1) Әдебиеттің тектері – эпос, лирика, драма;
Әрбір әдеби туындының жанрлық табиғаты әр алуан: көлемді эпикалық
шығармада өмір шындығы нақты көркем тұлғаларға жинақталып,
олардың
өзара қарым-қатынастарынан туған қат-қабат оқиғалар арқылы ашылады;
лирикада адамның жеке басына тән көңіл-күйі, нәзік және терең психологиялық
тебіреністері суреттеледі; драмалық шығарма
көбіне адамдардың қимыл-
әрекетіне, қақтығыстарына, тағдырлар тартысына құрылады.
Сөз өнерінің осы үш түрін кейде бейнелеу өнерінің үш түрімен
(живопись, орнамент, графика) салыстыруға болады.
Әрбір әдеби шығарма – белгілі дәуірдегі қоғамдық шындықтың сәулесі.
Әр дәуірдің өз шындығы бар. Әр дәуірдің шындығын сәулелендірген
шығармалар да бірін-бірі қайталамайды: тектері мен түрлері ұқсас болғанымен
Шекспир трагедиясы Мүсірепов жазған трагедиядан,
Бальзак романы Әуезов
романынан, Абай поэзиясы Жансүгіров поэзиясынан өзге екені даусыз.
Эпос
Эпос– (грекше: epos –баяндау, әңгімелеу, тарихтап айту) – көркем
әдебиеттің байырғы,
негізгі тектерінің бірі, өмір шындығын мейлінше мол
қамтып кең суреттейтін адам мінезін мүмкіндігінше терең ашып,
жан-жақты
танытатын іргелі, күрделі жанр.
Эпостың лирика мен драмадан айырмасы – шындық кең көлемдегі
баяндау, әңгімелеу арқылы жинақталады. Эпикалық шығармадағы авторлық
суреттеу мен қаһармандардың диалог-монологтары –
эпостық баяндауды
жүзеге асыру жолдары, амалдары мен тәсілдері ғана.
Белинскийдің пікірінше, драмадағы басты нәрсе - адам болса, эпостағы
басты нәрсе – оқиға.
Өмір
шындығын қамту, адам мінезін ашу мүмкіндіктеріне қарай
эпикалық жанр үш түрге бөлінеді:
шағын, орта және кең көлемді.
Қандай эпостық шығарма болсын, осы үш түрдің біріне жатады.
Достарыңызбен бөлісу: