Әдебиеттануға кіріспе және әдебиет теориясы



Pdf көрінісі
бет48/54
Дата12.01.2024
өлшемі1.55 Mb.
#488982
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   54
2022 tasmagambetova z zh debiettanu a k r spe zh ne debiet teoriyasy ump

 
?!
Тапсырмалар
 
1) Жазушы шығармашылығындағы тақырып ерекшелігіне мысал 
келтіріңіздер. 
2) 3 жазушының шығармасынан олардың тіл ерекшеліктерін танытатын
үзінділер жазып алып, топта талқылаңыздар. 
3) Белгілі бір қазақ ақын-жазушысының шығармашылық лабораториясы 
туралы мәлімет жинаңыздар. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


59 
Өздік жұмысқа арналған тапсырмалар 
 
№1 БӨЖ 
Тақырыбы: А. Байтұрсыновтың «Әдебиет танытқыш» еңбегі 
Тапсырма: Еңбекпенен танысып (6-20 б.б.), негізгі ойларын конспектілеу, тест 
сұрақтарына жауап беру 
1. А. Байтұрсынов тіл образдылығы, тіл бейнелілігі деген ұғымды қалай 
қазақшалаған: 
A) Тіл көрнекілігі. 
B) Тіл тазалығы. 
C) Тіл суреттілігі. 
D) Тіл әсемдігі. 
E) Тіл нақышы. 
2. А. Байтұрсынов әдебиеттің үш тегін қалай атады: 
A) Әуезе, толғау, айтыс-тартыс. 
B) Эпос, лирика, драма. 
C) Ұлы әңгіме, эпос, толғау. 
D) Айтыс-тартыс, эпос, ұзақ әңгіме. 
E) Ұзақ сөз, көңілді сөз, көсем сөз. 
3. А.Байтұрсынов "ұлы әңгіме» деп қай жанрды атады: 
A) Роман. 
B) Повесть. 
C) Әңгіме. 
D) Поэма. 
E) Драма. 
4. «Дарынды сөз» деп А. Байтұрсынов нені атаған: 
A) Шешендік сөз. 
B) Қара сөзді. 
C) Өлең сөзді. 
D) Көсем сөзді. 
E) Ауызекі сөзді. 
5. Публицистикалық жанрды А.Байтұрсынов қалай атады: 
A) Дәйек сөз. 
B) Еркін сөз. 
C) Көсем сөз. 
D) Ақыл сөз. 
E) Пайым сөз. 
6. Тіл тазалығы дегеніміз А.Байтұрсыновша айтқанда: 
A) Жергілікті сөздерді қолданбау. 
B) Жаңа сөздерге үйір болмау. 
C) Ана тілді басқа тілдің сөзімен шұбарламау. 
D) Ескі сөздерге жоламау. 
E) Көп мағыналы сөздерді қолданбау. 


60 
7. А.Байтұрсынов лириканы қалай атады: 
A) Әуезе жыр. 
B) Ойламалдау. 
C) Толғау. 
D) Күй. 
E) Көңілді саз. 
8. Әдебиет өнердің қай түріне жатады: 
A) Кескін. 
B) Сурет. 
C) Сөз. 
D) Мүсін. 
E) Саз. 
9. А.Байтұрсынов көрнек өнерін нешеге бөлген: 
A) 4. 
B) 5. 
C) 6. 
D) 3. 
E) 7. 
10. «Әдебиет танытқыш» еңбегі қай жылы жарыққа шықты? 
11. Сөз өнері адам санасының үш негізіне тіреледі? Қандай? 
12. Шығарма сөздің бәрінен бұрын байқалатын тысқы нәрселері? 
13. Шығарма мазмұнында байқалатын негіздік түрлер? 
14. Сөз өнері ғылымы: 
1) шығарманың ... ғылымы; 
2) шығармагың ... ғылымы. 
15. Абай шығармашылығы туралы жазған мақала қалай аталады? 
16. А. Байтұрсынов өнерді қандай негізгі екі түрге бөледі? 
17. Сөзбен қалай кескіндеуге болатынын көрсету үшін Абайдың қандай 
өлеңдерін мысал ретінде алады? 
18. Мазмұнның үш мүшесі? 
19. Шығарманың мазмұны қандай түрлерде айтылады? 
20. Толықтырыңыз: «Шығару түрі шығармаларда дәйім бір өңкей болып, осы 
көрсеткен мысалдардағыдай кілең ... түрінде, я кілең . түрде, яки кілең ... 
түрінде болып айтыла бермейді. Көбінесе ... түрде айтылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет