Әдебиеттануға кіріспе


Орта көлемді эпикалық түрге



бет16/39
Дата20.11.2023
өлшемі234.31 Kb.
#483840
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   39
дебиеттану а кіріспе

Орта көлемді эпикалық түрге повесть, поэманы жатқызады.
Повесть ғасырлар бойы бірде әңгіме деген ұғым берсе, бірде роман деген ұғым берген.
В. Шкловский: «Ежелгі орыс шежіресінде, одан келе «Игорь полкі туралы сөзде» повесть деген атау бар, екеуінде де бұл термин «болған оқиға жайлы әңгіме» деген ұғымда қолданылған, ал ХҮІІІ ғ. елуінші жылдарында Тредиаковский бұл сөзге бұрынғыдан гөрі анығырақ жанрлық сипат беріп, французша «роман» - орысша «повесть» деп түсіндірген».
В. Сорокин: «Повесть – үлкен әңгіме немесе кішкене роман».
Ф. Головченко: «Пушкиннің «Капитан қызы» повесі Лермонтовтың
«Біздің заманымыздың геройы» романын үлкен... Повестің жанрлық ерекшелігі көлемінде емес, мазмұн тереңінде жатыр».
Гоголь повестің аса құнды қасиеттерін – мазмұны мөлдір шындықтан туатынын, оқиғасы адам мінезін ашуға ғана қызмет ететінін, идеясы жалаңаш емес, тереңде жататынын, көркемдік дәрежесі биік болатынын саралап айтқан.
Повестің жұрт таныған жанрлық сипаты – мұнда бірнеше оқиға, адам өмірінің бір алуан кезеңді құбылыстар кеңірек, даытыла суреттеледі. Әңгімеге қарағанда, көлемі үлкен, сюжеті күрделі. Өмірлік тартыстардың оқиғаларға тұтаса басталуы мен байланысы, шиеленісі мен шешімі әлдеқайда табиғи, заңды, оқиғаға қатынасатын қаһармандар біреу емес, бірнешеу, кейде ондап
саналады. Персонаждардың ішкі-сыртқы бітім бейнелері бедерлі, ара қатынастары арналы, әжептәуір өріле, өрістетіле, қалыптасу, даму үстінде көрсетіледі. Повесть мазмұнындағы ең өзекті шындық – бас қаһарманның өмірі. Поэма (грекше poiema- туынды) – орта көлемді эпос түрі, өлеңді повесть, өмірде болған, не болуға тиіс күрделі құбылыстар мен келелі оқиғаларды, алуан адам тағдыры мен заман шындығын көлемді, желілі, эпикалық не лирикалық сипаттағы өлеңмен суреттеу. Сюжетті, сюжетсіз поэмалар болады. Поэмаларда жасалатын адам образдары әр алуан: эпикалық, лирикалық, романтикалық,
реалистік. Поэма өзінің туу, даму тарихының әр кезеңінде әр сипатта болды.


Көне дүние әдебиетінде

классикалық халық эпосы

«Иллиада», «Одисея»

түрінде туды

Ауыз әдебиетінде

батырлар жыры

«Қобыланды батыр», «Ер
тарғын»

лиро-эпос

«Қозы Көрпеш – Баян сұлу»,
«Қыз Жібек»

тарихи жырлар

«Бекет», «Бекболат»

түрінде дамыды

Жазба әдебиетте

романтикалық дастандарға

«Медғат-Қасым», «Адасқан өмір»

реалистік поэмаларға

«Сұлушаш», «Құлагер»

ұласты





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   39




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет