Әдістемелік нұсқау н 2-1-31-2021


-тәжірибе. Калий иодиді ерітіндісінің электролизі



бет21/27
Дата27.02.2022
өлшемі0.82 Mb.
#455787
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   27
Химия лаб

3-тәжірибе. Калий иодиді ерітіндісінің электролизі Электролизерге 10%-қ калий иодидінің ерітіндісін құйып оған катодқа алюмийниден, анодқа графиттен жасалған электродтарды батырыңыз. Электродтардың кернеуі 10 В, күші 1-1,5 А тұрақты электр тогына жалғаңыз. Электролиз процесінің жүруін бақылап анодта және катодта қандай заттар бөлінетінін анықтаңыз. Электролиз процесінде анодта және катодта жүретін реакциялардың теңдеуін жазыңыз.
4-тәжірибе. Алюминийдің пассивтенуі ( абайлап тартпа шкафта жасаңыз)
Алюминий сымын наждакпен тазалап бір минутқа концентрлі азот қышқылы ерітіндісіне батырып алыңыз. Оны суда жуып мыс сульфаты ерітіндісіне батырыңыз. Не себептен енді албминий мыс сульфаты ерітіндісінен мысты ығыстырып шығармайды? Реакцияның теңдеуін жазыңыз.
5-тәжірибе. Металдың сыртқы қорғау қабыршығының түсіп коррозияға түсуі.
Наждакпен тазаланған алюминий сымын сынап нитратының ерітіндісіне батырып алып сырты күлгін болған кезде сүзгіш қағазбен құрғақ етіп сүртіңіз. Сымның қызғаны және сыртында жұмсақ ұнтағының түзілгенін байқаңыз. Реакцияардың теңдеулерін жазыңыз.
Жаттығулар мен өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар
1. ертідінісі 4 А ток күшімен 1 сағат электролизге түсірілді.Электродтарда жүрген процестердің электрондық теңдеулерін жазып электродтарда бөлінген заттардың көлемін есептеңіз.
2. ертіндісін 7 А тоқ күшімен 5 сағат электролизге түсіргенде қанша грамм су ыдырады?
3. Бір металдың сульфатының ертіндісін 6 А тоқ күшінде 45 минут электролизге түсіргенде катодта 5,49г металл бөлініп шықты. Осы металдың эквиваленттік массасын есептеп шығарыңыз.
4.КОН ертіндісі және КОН балқымасы электролизге түскен кездегі электродта жүретін процестердің электрондтық теңдеулерін жазыңыз.
5.Анод ретінде бір рет графитті, екінші рет алюминиді қолданып жүргізілген ертіндісінің электролиз процесінің электрондық теңдеулерін жазыңыз.
6. ертіндісін 6 А тоқ күшінде 2,5 сағат графиттен жасалған электродтармен электролизге түсіргенде қандай заттар және қанша мөлшерде бөлініп шығады?
7. ертіндісін 30 минут электролизге түсіргенде катодта (қ.к.) 3,4л сутек бөлініп шықса тоқтың күші қандай болғаны? Анодта бөлініп шыққан заттың массасын есептеңіз.
Қалайымен және мыршпен қапталаған темірдің қабыршығы бұзылған кезде темірдің атмосфералық коррозиясы қалай жүреді? Анодтық және катодтық процестердің электрондық теңдеулерін жазыңыз.

22,23- Зертханалық жұмыс




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет