Әдістемелік нұсқау н 2-1-31-2021


№1,2 Зертханалық жұмыс ХИМИЯ ЗЕРТХАНАСЫНДА ЖҰМЫС ІСТЕУ КЕЗІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКА ЕРЕЖЕСІ



бет2/27
Дата27.02.2022
өлшемі0.82 Mb.
#455787
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
Химия лаб

№1,2 Зертханалық жұмыс

ХИМИЯ ЗЕРТХАНАСЫНДА ЖҰМЫС ІСТЕУ КЕЗІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКА ЕРЕЖЕСІ

Лабораториияда химиялық тәжірибелерді орындаған кезде мынадай ережелерді бұлжытпай орындаумен қатар техника қауіпсіздігі ережесін есте сақтау керек:

1. Зертханада жұмыс жүргізетін білімгер алдымен оқулықтағы зертханалық жұмысқа қажетті тарауларды, лекция конспектісін оқып және тәжірибені жасауға қажетті жағдайды нақтылы білу керек.

2. Әрбір заттардың қауіпсіздік техникасын, сәтсіз жағдайда қарсы тұру тәсілдерін және көрсетілетін алғашқы көмектің түрлерін білуі керек.

3. Тәжірибеге қажетті құрал-жабдықтардың ( электр плиткасы, аппараттар, приборларды) бұзылғандары болса, лаборантқа немесе оқытушыға дер кезінде хабарлау керек.

4. Тәжірибеге қажетті құрал-жабдықтардың , ыдыстардың жұмыс орнының тазалығын, техника қауіпсіздігін тексермей тұрып тәжірибені жасауға болмайды.

5. Тәжірибе кезінде зертханада орынсыз қозғалыс жасап, сөйлеуге және сырт киіммен тұруға, тамақ жеуге, зертханалық стаканмен су ішуге, темекі тартып, газет, журнал басқа кітаптарды оқуға болмайды.

6. Зертханалық жұмыс біткеннен кейін әрбір білімгер, жұмыс орнын, пайдаланған ыдыстарын жуып, тазалап лаборантқа өткізуі қажет.

7. Зертханада лаборантсыз жұмыс істеуге болмайды.

Тез оталатын заттармен жұмыс істеу.

Өздігінен және тез оталғыш заттар: эфир, спирт, сірке этилэфирі, күкіртті көміртегі, бензол, бензин, керосин т.б. жұмыс істеу кезінде мынадай сақтық шараларын есте ұстау керек:

1. Жанғыш заттарды өлшегенде немесе құйғанда оларды көзінен алыс ұстау керек.

2.Тез оталғыш сұйықтарды айдап бөлуде жалыннан алыс қойған су ваннасын пайдалану.

3. Тез оталатын сұйықтардан электр приборларын алыс ұстау керек.

Қопарғыш және күйдіргіш заттармен жұмыс істеу.

Химияның зертханалық жұмыстарында көбнесе металл натрий, күйдіргіш сілтілер, концентрациялы қышқылдар және кейбір қопарғыш заттар қолданылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет