ҚАН ФИЗИОЛОГИЯСЫ
ЕРІТІНДІЛЕР ДАЙЫНДАУ
Қан дегеніміз организмнің сұйық ткані. Қан, лимфа және ұлпа сұйығы организмнің ішкі ортасын қүрайды. Бүл орта күрамының физикалық және биологиялық қасиеттері динамикалық тұрақтылығымен (гомеостаз) белгілі. Қан екі бөліктен құралады: біріншісі — қан сұйықтығы — плазма, екіншісі — қанның клеткалық элемент-тері: эритроциттер, лейкоциттер және тромбоциттер. Қан плазмасында 8—10% белок (альбуминдер, глобулиндер, фибриноген), қалдық азот (0,02—0,03%), глюкоза 40— 60 мг), майлар (0,15%), минералды элементтер (0,9% кездеседі, оның 0,6%-іп ас тұзы құрайды), гормондар, витаминдер, ферменттер және антиденелер болады.
Қан тасымалдау, қорғаныш, жылуды реттеу, корре-лятивтік және басқа қызмет атқарады.
Жұмыстың мақсаты. Ерітінділер дайьшдау әдісін мецгёру, олардың химиялық құрамып зерттеу және изотониялық, гипотониялық, гипертониялық ерітінділердің эритроциттерге тигізетін әсерін зерттеу.
Керекті заттар мен қуралдар. Микроскоп, пипеткалар, төсеніш және жапқыш шынылар, өлшегіш цилиндр, таразы, әр түрлі салмақты гирьлер, шыны стакандар, фибринсізденген қан, дистильденген су және NaCl, СаС12, КCl, NaHC03
Жұмыстың барысы:
1. Физиологиялық (изотониялық) ерітінді дайындау:
Дистильденген су (Н20) — 100 мл;
NaCl — 900 мг.
2. Жылы қанды малға арналған Рингер ерітіндісін дайындау:
Н20 — 100 мл;
NaCl — 900 мг;
СаС12 — 20 мг;
KC1 — 20 мг;
NaHC03 — 20 мг.
3. Гипотониялық ерітінді дайындау:
Н20 — 100 мл;
NaCl — 300 мг.
4. Гипертониялық ерітінді дайындау:
Н20 — 100 мл;
NaCl — 5 г.
Төсеніш шыныға бір тамшы қан тамызып, оны жап-қыш шынымен жабады да, микроскопией қарайды. Эритроциттердің мөлшеріне көңіл аудару керек. Жап кыш шынының -шетін көтеріп, бір тамшы гипотониялық ерітінді тамызған соң, микроскоптың үлкен ұлғайтқы-шымен тамшыны қайта қарайды. Эритроциттер ісінеді де, жарыла бастайды. Тәжірибені гипертониялық және изотониялық ерітінділермен қайталайды.
Тәжірибе нәтижелерін салыстырып қорытынды жасау керек.
Достарыңызбен бөлісу: |