Жеке жұмыс
Жұптық жұмыс
Топтық жұмыс
Ұжымдық жұмыс
Оқытудың маңызды факторы – оқушының тақырыпты өз бетімен меңгеруі, түсінуі мен бағалай алуы.Біз сабақ беріп жүрген сыныптарда топтық және жұптық жұмыс түрлерін көп пайдаланамыз. Мұндай тәсіл оқу үдерісіне оқушының өзінің де қатысуын талап етеді. Осылайша оқушы да өзінің оқуы үшін жауапты болады. Оқушы мұндай жауапкершілікті көбіне сабақ беру барысында мұғалім қалыптастыратын ортада сезініп, қабылдайды.
Оқушылар жұпта немесе топтарда жұмыс істегенде«мұғалім – оқушы» сұхбатына қарағанда, мейлінше «симметриялы» болып есептелетін «оқушы — оқушы» қатынасынданегізделген дәлелдерді әзірлеуде және қадағаланатын оқиғаларды сипаттауда түрлі мүмкіндіктерге ие болады.
Топтық, жұптық жұмыста оқушыларға берілетін тапсырма бір сарынды емес, әртүрлі сипатта болуы керек. Топтық және жұптық жұмыс жеке шешуге болатын тапсырмаларды емес, анағұрлым күрделі тапсырмаларды шешуді көздейді.
Әр сабақтағы дұрыс ұйымдастырылған топтық және жұптық жұмыста оқушылар:
Өздігінен тапсырманы орындайды, топ мүшелерімен немесе жұбымен ойынбөліседі, пікір алмасады;
Жоспарланған тапсырмалар туралы айта алады;
Өз мүмкіндігін біледі;
Өзінің оқуы үшін үлкен жауапкершілік алуға қабілетті болады;
Назарын бақылай алады және алаңдамайды;
Өз тәртібі мен өзгенің тәртібі туралы, оның салдары туралы айта алады;
Нені қалай жасағаны туралы немесе нені үйренгені туралы айта алады;
Өз сезімі мен өзгелердің сезімі туралы біледі, көмектеседі және тыныштандырады;
Жаңа тапсырманы сеніммен қолға алады;
Өзін оқушы ретінде жағымды жағынан көргісі келеді.
Топтық және жұптық жұмыстың нәтижелері:
Топтық, жұптық жұмысты пайдалану сабақтың нақты мәнін терең ашуға көмектеседі.
Оқушылардың барлығын сабаққа қатыстыруға мүмкіндік туады.
Олардың әрқайсысының деңгейін анықтай аласың.
Оқушылардың көбін бағалауға мүмкіндік аласың.
Оқушыларды ізденіске баулып, жұппен, топпен жұмыс істеуге үйретеді.
Оқушылардың қабілеттері, сөз саптау еркіндігі, ұйымшылдығы, шығармашылық белсенділігі артады.
Жеке тұлғалық сипатын дамытуға, шығармашылығын шыңдауда өзіне деген сенімін қалыптастырады.
Сабақтарға қатысқан мұғалімдер топтық, жұптық жұмыс оқушының ұжымда бірлесіп жұмыс жасауына мүмкіндік беретіні, соның негізінде көшбасшылық қасиетініңдамитыны, оқушының өзіне сенімді болуына, білімнің тереңдігі әрі тиянақтылығы артатындығын, танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім алуға, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал ететіндігін атап өтсе, оқушылар оқудың (сабақтардың) қызықтыөтетіндігін баяндайды.
Үй тапсырмасы. Оқушыларға үй тапсырмасын беру мұғалім құзыреттілігінде. Сабақ беру процесінде кейбір тақырыптар бойынша оқушы өздігінен оқып-ізденуін қажет етеді. Үй тапсырмасы берілгенде оқушы өз білімін пысықтайды.
Достарыңызбен бөлісу: |