Әдістемелік нұсқаулардың титулдық парағы



жүктеу 127.46 Kb.
Дата22.02.2016
өлшемі127.46 Kb.

Әдістемелік нұсқаулардың

титулдық парағы







Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/40



Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

Философия және мәдениеттану кафедрасы

«Ғылым философиясы және тарихы» пәні бойынша

барлық мамандықтарының

магистранттарына арналған



ПӘНДІ меңгеру жөніндегі

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛар

Павлодар





Әдістемелік нұсқауларды

бекіту парағы





Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/41









БЕКІТЕМІН

ОІ жөніндегі проректор

___________ Пфейфер Н.Э
2011 ж. «___» ___________

Құрастырушы: ________ филос.ғ.к. Ахметова Г.Г.


Философия және мәдениеттану кафедрасы


«Ғылым философиясы және тарихы» пәні бойынша

барлық мамандықтарының магистранттарына арналған
ПӘНДІ меңгеру жөніндегі

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛар
Кафедра отырысында ұсынылды

20_ж. «___»____________№_____ хаттама.


ФжМ кафедра меңгерушісі__________ Ахметова Г.Ғ. 20__ж. «___» ________

Докторантура және магистратура факультеттінің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды

20_ж. «_____»____________№____ хаттама
ОӘК төрағасы ________________ Батталов К.К. 20_ж. «_____»___________
МАҚҰЛДАНДЫ:

ОҮЖжӘҚБ бастығы ____________Варакута А.А. 20__ж. «_____»_______


Университеттің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды

20__ж. «___»______________ №____ хаттама




Пәннің қысқаша сипаттамасы

Негізгі курс ғылым феноменінің мәселесін негізгі арнайы пән ретіндегі сараптамасын енгізеді. Ғылымның тарихы жэне ғылыми теориясы мен философиясы жайлы әлеуметтік сараптаманы береді;

Негізгі курс «Ғылымның тарихы мен философиясы» магистранттардың гылыми ойлау мәдениетін қалыптастырып, талдау, сараптау естіліктері мен ғылыми -зерттеу қызметіне деген дагыдыларын дамытады.

Пәннің мақсаты және міндеттері

Ғылымның тарихын оқыту арқылы ғылыми ойлау стиліне төселдіру;

- ғылыми әдіснаманың алгашқы кайнар көздері мен шет ел және отандық классикалык еңбектермен сараптамалық жұмыстар жүргізу;

- алғашқы деректермен, ғылымның шетел және отандық әдіснамашылардың класикалық еңбектермен талдау жасау;

- өз бетімен және сыни ойлауға ықпал жасау, ойлаудың кеңістігі, иілгіштігі және ашықтығы сияқты белгілерді қалыптастыру.

Білімге, икемділікке және дағды-машықтарға қойылатын талаптар

Курсты оқыту нәтижесінде магистрант мынаны біледі:

- негізгі эпистемологиялық үлгілерді, түсініктің рационалды өзгеру түсініктемесін; ғылымга дейінгі, ғылымға дейінгі, ғылыми және ғылымнан тыс танымының әдісі мен түрі, танымның қазіргі заманғы әдістамасы жөнінде түсініктері болуы;

- әлеуметті - гуманитарлық білімді қазіргі көзкараспен карау және оларды бағамдау білуі;

- ғылыми - зерттеу және тереңдетілген профессионалды білімді талап ететін кезде туындаған жұмыстардың міндеттері мен түрлері;

- зертеуге қажетті әдістерді таңдау, нақты бір ісденіс зерттеудің шешімдеріне тыс жаңа әдіс өңдеп, соған сәйкес модификациялау;

- әлеуметтік гуманитарлық және жаратылыстану ғылымының негізгі әдіснамаларының практикалық және қазіргі теориясының білімін сараптап және шынайы терең мағынада ұғыну.

Дағдылары: ғылымы-зерттеулік және ғылыми - педогогикалық қызметкерге өзіндік түсініктеме беру, бағытына сай терең білім алуды талап ету, ғылыми ізденіс жұмыстары, алуды талап ету, ғылыми ізденіс жұмыстары, педогогикалық және тәрбиелік жұмыстарды жүргізген кезде әдіснамалық және әдіспен алған білімін қолдана білу; конференцияларға, симпозиум, дөңгелек үстел т.б. ғылыми мақала мен тезистер жазып шығару.



Курстың теориялық мазмұны.

Философия мен әдіснама философиялық білімнің ғылыми саласы.

Ғылымдағы философиялық пәні. Оның ғылым мен философиялық байланысы. Әдіснамалық конценциясы мен мәселесінің көп жақтылығы. Философия ғылымның мәселелері мен нәтижесі. Ғылым мен философия үшін оның мәні.

Ғылымды игерудегі өзгешелік пен өзара байланытықтың негізгі аспектілері. Ғылым тарихының дамуын бағалау пән ретінде. Философия тарихы мен ғылым тарихының өзара байланыстағы ерекшеліктері. Философия ғылымының әдіснамалық негізі.

Мәдениет пен өркениеттегі ғылым.

Мәдениет жүйесіндегі ғылым. Ғылымның қоғамдағы ролі мен функциясы. Ғылым мен философия. Ғылым мен философия байланыс тарихы. Ғылыми жетістіктерге философиялық түсініктеме: негізгі позициялары, ғылым мәселелерінің қорытындысы, ғылымдағы философия функциялары.



  1. Ғылымның дамуындағы философиялық концепцияның әсері. Әлемді діни көзқараста тануға ғылым әсері. Дін мен ғылым диалогы.

  2. Ғылымның әлеуметтік статусы және дінге деген түсініктің динамикалық өзгешелігі. Ғылым мен білім. Ғылымның әлемдік тану аспектісі. Ғылым өндіруші күш. Ғылым мен құндылық. Ғылымның аксиологиялық статусы. Ғылымдағы жекелік. Ғылым тарихының әлеуметтік жағы. Ғылымдағы әлеуметтік табиғат мәселе ретінде. Ғылыми сана тарихындағы философия. Ғылымның шығармашылығындағы философияның ролі. Ғылымның философиялық және әдіснамалық мәселелері. өзіндік зерттеу аясынды. 20 ғасырды философиясымен (А. Эйнштейн, Н.Бор, М.Борн, В.Гейзенберг) тығыз байланыс. Ғылым концепциялары. Ғылымның мен әдіснамасының негізгі қатынастары.

  3. Ғылымның қазіргі концепциясының жіктелісі: неопозитивизм, ғылыми зерттеу логикасы, ғылым онтологиясы, ғылымның постпозитивтік бейнесі.


Ғылымның тууы. Ғылымның тарихи динамикасының негізгі этаптары.

Ғылымның туындауының мәселелері. Ғылымның тууы практикалық тәжірибенің жалпыламасы мен білімнің негізгі түрінің қалыптасуы. Ғылым мен аңыз. Ғылым мен технология. Месопотамия, Египет, Қытай, және Үнді мәдениеттері: өркениетті тіректері, дамудың технологиялық жоспары, қолданбалы сипаттама және математикалық, астрономиялық, медициналық білімнің практикалық мақсаттары.

Ертедегі Греция ғылымның тууған орны. Грек мәдениетіне шығыс аңыздарының әсері мен білімі. Антикалық логика мен антикалық математика: тарихи, мәдени және ғылыми негізі.

Шығыстың орта ғасырдағы ғылымы. Орта Азиядағы, таяу және Орт а Шығыс мәдениетінің ғылыми танымдылық дамуы ортағасыр дәуірінде. Математикалық білім мен алгебра, медицина, логика және т.б. білімдердің дамуы (әл-Хорезми, әл- Фараби, Ибн Сина, т.б.)

Жаңаевропалық ғылымның құрылу тарихы алдында. Табиғаттың математикалық ерекшелігі мен тәжірибелі әдістердің туу ұйғарымдары «Г. Галилей, Ф. Бэкон, т.б.) Философияға ғылыми ойлардың әсері. (Декарт, Лейбниц, Кант).

Қазіргі заманғы ғылым туралы сұрақтар батысевропалық өркениеттіліктің тууы сияқты. Ұйымдасқан ғылым ретіндегі пәннің тууы. Техникалық ғылымның қалыптасуы. Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымның орын алуы. Әлеуметтік және тарихи білім.

Ғылыми қызметтің ерекше мамандыққа айналуы. Ғылым әлемінің өзгеруі мен қазіргі ғылым ерекшеліктері. Ғылым бірлігі мен оның жеке бөлімдерінің өзара байланысы.

Ғылым дамуындағы негізгі кезеңдер: классика, неклассика, неонклассика.

Жаратылыстану, техникалық ғылым, әлеуметтік пәндер: пәндік орын, салыстырмалы талдау.

Ғылыми білімнің құрылымы.

Ғылыми білім күрделі дамудағы жүйе ретінде. Ғылыми білімнің көпжақты түрлері. Ғылымдағы теориялық және эмприкалық, фундаментальды және қолданбалы түрлері. Ғылымның интеграциялы және дифференциялық негізгі тенденциялары. Зерттеудің пәнаралық бағдарламасы. Ғылымдардың негізгі мәселелері. Негігі ғылымдардың типологиясы. Ғылыми теория ғылым компоненті сияқты. Ғылымның философиялық негізі. Ғылыми пәннің құрылымы. Әлемнің ғылыми және философиялық бейнесі. Әлемнің ғылыми бейнесінің тарихи қалыптасуы. Ғылыми классификаиясының мәселесі.



Ғылыми төңкеріс. Ғылымның рационализмі.

Ғылым динамикасы. Ғылым тарихының үлгілері. Ғылымды дамытудың және ғылыми білімнің концепциялары. Ғылыми төңкерістің өміршеңдігі. Ғылыми төңкерістің құрылымы. Ғылыми төңкеріс ғылым негізінің қайта құрылуы. Ғылыми төңкерістің әдіснамасы.Ғылыми төңкерістің концепциялары. Ғылымның қайта құрылымындағы төңкеріс факторлары. Ғылыми төңкерістер мен парадигмалар. Парадигма және ғылыми қоғамдастықтың құрылымы. Ғылым динамикадағы төңкеріс пен дәстүр. Ғылыми рационализмнің түсініктемесі, спецификасы, концепциялары.



Ғылымның қазіргі этаптарының ерекшелігі.

Ғылымының қазіргі постнеклассикалық сипаттамасы. Ғылыми зерттеудің жаңа стратегиялары мен жүйенің синергетикалық дамуды игерілуі. Синергетиканың пән аралық принциптері. Зерттеу қызметінің бағалануы. Ғылым эпосы.XX ғ. аяғындағы ғылымның этникалық аспектілері мен ғылымға гуманитарлық бақылау. Зерттеудегі бағалы-нейтральды дағдарыс идеалы. Сциенизм мен антисциентизм. Ғылым және парағылым, ғылымқосалқылығы. Мәдениеттегі ғылымның жаңа функциялары. Ғылымның қомақты қосымша мәтіндері. Ғылым әлеміндегі ғылыми өлшемнің ақпараттары мен өзгерісі.



Ғылымға әлеуметтік институт ретінде қарау.

Ғылыми қызметтің ұйымдастырылуы: құрылымы, белгілері, критериі. Ғылымды әлеуметтік институт секілді көрсету негізгі қарым-қатынастар. Ғылыми қызметтің институтционалды түрінің тарихи дамуы: негізгі тенденциясы. Ғылыми қоғамдардың тарихи типтері. Ғылыми мектептер мен ғылыми бағыттардың көрсетілуі. Ғылыми білім трансляциясының формалары және амалдары: тарихи динамика. Ғылыми қызметке кәсіби талап қою. Ғылыми қоғамдардың нормалары және бағасы. Ғылымның институализациясының мәні және әлеуметік жалғастығы. Ғылым және билік. Ғылым және экономика. Ғылым және нарықтық қатынас. Ғылым және әлеуметтік жауаптылық. Қазіргі қоғамдағы мемлекеттік қызметтегі ғылымның басымды бағыты.


ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ЖӘНЕ

ӘЛЕУМЕТІК-ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМНЫҢ ҚАЗІРГІ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Қазіргі ғылыми танымның құрылымындағы жаратылыстану ғылымы.

Жаратылыстану ғылымдары және мәдениет. Жаратылыстану және техникалық даму. Жаратылыстану және қоғамның әлеуметтік өмірі. Жаратылыстану және әлемнің ғылыми картинасы. Жаратылыстану білімінің неокантиандық қарсықойылған идеографикалық және номотетикалық ғылымдардың (20-сыншы, 30-шы жылдар) көрінісіндегі сипаттама және түсіндірме мәселелері.

Жаратылыстану ғылымының классификациясы. Физика жаратылыстанудың іргетасы. Физика және жаратылыстану-ғылыми синтезі және гуманитарлық білім. Осы синтездегі синергетиканың ролі. Биология және қазіргі әлем эволюциялық картинасының қалыптасуы. Биологиялық эволюциялық теориядан ең басты эволюционизмге көшу. Математика және жаратылыстану. Математика ғылым тілі. Математикалық әдістер және ғылыми танымның қалыптасуы. Космос және техногенді өркениеттің ең басты мәселелері. Астрономия және болашақ адамзаттың ғарыштық перспективасы. Космизм және космизмге қарсылық: қазіргі пікір таластар.

Техникалық ғылымның ерекшелігі, олардың жаратылыстану және қоғамдық ғылымдар мен математикаға қатысы. Алғашқы техникалық ғылымдар қолданбалы жаратылыстану болған.



Информатика пәнаралық ғылым секілді компьютерлік революцияның эпистемологиялық мазмұны.

Ақпараттық қоғамның концепциясы: П. Сорокиннен Эмануэль Кастельске дейін. Ақпараттық қоғамның бастамасы. Әлеуметтік ақпарат мәселелеріне синергетикалық қарым-қатыс. Әлеуметтік ақпараттың міндеттері және жүйелілік қоғам. Ақпараттық қоғамдағы тұлғаның мәселелері. Интернет киберкеңістігі түсінігі және оның философиялық мағынасы. Интернет жаңа әлеуметтік техниканың құралы. Интернет 21 ғ. ғылымының ақпараттық-қарым-қатынас ортасы және ең басты үздіксіз білім ортасы. Ақпараттық қауіпсіздік концепциясы: гуманитарлық құрамдас. Ақпараттанудағы шынайылық мәселлері. Ақпараттық қарым-қатынас шындығының түсінігі пәнаралық интегративті концепт секілді.



Ғылымның қоғамда, мәдениетте, адамзат тарихында пайда болу тарихы.

Философия ғылыми білімнің кіріккен түрі, оның ішінде қоғам, мәдениет, адамзат тарихы білімінде де (Платон, Аристотель, Кант, Гегель, Гоббс, Локк және т.б.). Ғылымға дейін, ғылыми емес, парағылыми, жалған ғылым және ғылымға қарсы формалар ғылымнан тыс және қоғам, мәдениет, адамзат тарихы туралы ғылымнан тыс білім. Әлеуметтік-гуманитарлық цикл ғылыми пәндерін қалыптастыру: эмпирикалық мәлімет және тарихи-логикалық реконструкция. Әлеуметтік мәдениет шарттылығы ғылыми білімнің пәнаралық құрылымында: әлеуметтану, экономика, саясаттану, мәдениет туралы ғылым қоғамның кейбір сфераларында өзіндік қатысты танымды көрсетеді. ТМД-ң әлеуметтік контекске тәуелділігі: классикалық, классикалық емес және постклассикалық емес ғылым. ТМД феномені және оның өркениетті мәні. Ресейдегі әлеуметтік ғылымдар және басқа батыстық емес елдер әлеуметтік білімді қолданудағы Ресейлік контекс және оның парадигмасының ауысымы. Посткеңестік кеңістіктегі әлеуметтік ғылымдар және еуропалық және әлемдік ғылыми қоғамдар. Қазақстандағы әлеуметтік әдіснаманың және әлеуметтік мәннің жаңа парадигмасы.



Нақты ғылымдардың философиялық мәселелері.

Ғылымның пәндік моделі. Ғылыми білімнің негізгі құрылымының бірлігі. Ғылыми білімнің эмпирикалық және теориялық деңгейі. Ғылыми теория түрлері: сипаттамалы және түсіндірме теориясы. Эмпирикалық интерпретация түсінігі мәселелері және теорияның түсіндірмесі. Ғылыми теорияның негізгі функциялары: сипаттау, түсіндіру, болжау. Ғылыми әдістің көпқырлығы және оның классификациясы, нақты ғылымның әдістері. Ғылыми теорияның логикалық схемасын тексеру.

Физика, химия, астрономия және ғарыштану, математика, информатика, биология және экология, медицина, жер туралы ғылым (география, геология), техника философияның мәселелері.

Саяси және экономикалық ғылымдар, психология, филология, әдебиеттану және лингвистика, тарих, педагогикалық ғылымдар, мәдениеттану және өнертану, әлеуметтану философиялық мәселелері. (Магистранттарды дайындау бағытына сәйкес).


Философия және әдіснама ғылымы философиялық білімнің саласы.

1.Философия ғылымының пәні. Философия ғылымының негізгі тақырыптары. Философия ғылымының мәселелері мен шешімі.

2.Ғылымның негізгі өзіндік және өзара байланыс аспектілері: статус және тарих ғылымының мәселелері.

Әдебиеттер:

1.Ғылым тарихы және философиясы. Алматы, 2008-6-12 б.
Мәдениет және жаһандану ғылымы.

1.Мәдениет жүйесіндегі ғылым. Ғылымның қоғамдағы рөлі мен функциясы.

2.Ғылымның әлемдік көзқарастағы аспектілері. Ғылымның аксиологиялық статусы.

Әдебиеттер:

1.Ғылым тарихы және философиясы. Алматы, 2008-6-12 б.
Ғылымның пайда болуы. Тарихи динамикадағы ғылымның негізгі кезеңдері.

1.Білім түрлерінің ерекше қалыптасуы және ғылымның тууы тәжірибелік пен тану ісіне қатысты.

2. Ғылымның шыққан жері - Ежелгі Герция.

Әдебиеттер: [1, б. 15 - 25] [6, б. 9 - 19]


Ғылыми білімнің құрылымы.

1.Теория және эмпирикалық, фундаменттік және қолданбалы ғылым.

2.Ғылым теориясы – ғылым компоненті. Ғылымның дүниежүзілік картиналарының тарихи түрлері.

Әдебиеттер: [1, б. 15 - 25] [6, б. 9 - 19]


Ғылым революциясы. Ғылым жаңашылдығы.

1.Ғылыми білімнің және ғылым дамуының тұжырымдамасы. Ғылым революциясының мазмұны.

2.Ғылым революциясы және парадигмалары.

Әдебиеттер: [1, б. 15 - 25] [6, б. 9 - 19]


Ғылым кезеңінің қазіргі ерекшелігі.

1.Қазіргі постклассикалық емес ғылымға мінездеме.

2.Сциентизм және антисциентизм.

Әдебиеттер: [1, б. 15 - 25] [6, б. 9 - 19]


Ғылым - қоғамдық институт

1.Ғылым қызметі: құрылымы, белгілері, шарттары..

2.Қоғамдағы ғылымның тарихи түрлері.

Әдебиеттер: [1, б. 15 - 25] [6, б. 9 - 19]


ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТІК-ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМНЫҢ ҚАЗІРГІ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Өзіндік ғылым қазіргі ғылыми білімнің құрылымында.

1.Өзіндік ғылым мен мәдениет. Жаратылыстану мен техниканың дамуы.

2.Өзіндік ғылымның жіктелісі.

Әдебиеттер: [1, б. 15 - 25] [6, б. 9 - 19]


Информатика – тәртіпаралық ғылым. Компьютер төңкерісінің эпистемологиялық мазмұны.

1.Ақпараттық қоғамның тұжырымдамасы: ақпараттық қоғамның өтуі.

2.Интернет – жаңа әлеуметтік технологияның құралы. Ақпарат қауіпсіздігінің тұжырымдамасы.

Әдебиеттер: [1, б. 15 - 25] [6, б. 9 - 19]


Қоғамда, мәдениет пен адам өмірі тарихында ғылымның анықталу тарихы.

1.Қоғамда, мәдениетте, адам мен тарихта философия ғылыми білімнің ықпалды түрі.

2.Ресейде және басқа да шет елдердегі әлеуметтік ғылым.

Әдебиеттер: [1, б. 15 - 25] [6, б. 9 - 19]


Педогогика және философиялық білім берудің философиялық мәселелері.

1.Білім берудің философиялық статусы.

2.Ұлттық білім беру: түсінік және мәселелер.

Әдебиеттер: [1, б. 15 - 25] [6, б. 9 - 19]


Нақты ғылымның философиялық мәселелері.

1.Ғылымның тәртіп моделі. Эмпирикалық және теоретикалық жүйесі.

2.Нақты ғылымның әдістері.. Физика, химия, математика, информатика, биология, экология пәндерінің философиялық мәселелері.

Әдебиеттер: [1, б. 15 - 25] [6, б. 9 - 19]


Әдебиеттер тізімі
Негізгі:

1. Ғылым тарихы және философиясы. Алматы, 2008

2.Философия : тарихы Ред..Ә. Нысанбаев А.-2007

3. Таным теориясы Ред.Ә.Нысанбаев, А.Колчигин Алматы. 2006

4. Классикалық емес батыс философиясы Алматы.2007

Қосымша:

5. Ашық қоғам философиясы(Әлемдiк философиялық мұра: 20 томдық;т. 14).-(Мәдени мұра) Алматы:Жазушы, 2007

6. Постмодерн философисы (Әлемдiк философиялық мұра) Алматы:Жазушы, 2007

7.Тарих философиясы Атымтаев К.М Алматы, 2007

8. Философия және ғылым: олардың өзара байланысы (семинар материалдары) П. 2008

9.Философия Габитов Т.Х. Алматы. 2005



10. 19-20 ғасырлардағы классикалық емес еуропа философиясы: [ барлық мамандықтың студенттерiне арналған оқу-әдiстемелiк құралы] Б. Ә. Күленов, Г. М. Қаппасова Павлодар: С.Торайғыров атындағы ПМУ, 2007


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет