Әдістемелік нұсқаулардың



бет1/3
Дата09.06.2016
өлшемі332 Kb.
#124697
  1   2   3

Әдістемелік нұсқаулардың

титулдық парағы








Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/40


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті


Мемлекет және құқық тарихы мен теориясы кафедрасы
050301 «Құқықтану» мамандығының студенттеріне арналған «Қазақстан республикасының қылмыстық іс жүргізу құқығы»

пәнді меңгеру жөніндегі



ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

Павлодар




Әдістемелік нұсқауларды

бекіту парағы








Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/41






БЕКІТЕМІН

ОІ жөніндегі проректор

____________ Н.Э.Пфейфер

20__ж. «___» ___________



Құрастырушы: з.ғ.к., доцент Бастемиев Серік Қайырбекұлы


Мемлекет және құқық тарихы мен теориясы кафедрасы


050301 «Құқықтану» мамандығының студенттеріне арналған «Қазақстан республикасының қылмыстық іс жүргізу құқығы»

пәнді меңгеру жөніндегі

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
Кафедраның отырысында ұсынылды

20__ж. «___»______________, №__ Хаттама


Кафедра меңгерушісі ___________Г.Б. Ахмеджанова 20__ж. «____» ________

Тарих және құқық факультетінің ОӘК мақұлданды

20__ж. «___»______________, №____ Хаттама
ОӘК төрағасы ______________ К.К.Батталов 20__ж. «____» ________

МАҚҰЛДАНДЫ:

ЖжӘҚБ бастығы _____________ А.А.Варакута 20__ж. «____» ________

Университеттің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды

20__ж. «___»______________ №____ Хаттама

050301 «Құқықтану» мамандығының іштей оқитын студенттеріне пәнді оқуға арналған әдістемелік нұсқаулар

Заңмен реттелетін анықтау, алдын ала тергеу,прокуратура және сот органдарының қылмыстық іс жүргізу қызметтері қылмыстарды ашу мен ескертуге, қылмыстық істер бойынша сот талқылауын жүргізуге және қылмыс жасаған тұлғаларды жазалауға бағытталады және осының барлығы «Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу құқығыӘ курсының пәнін құрайды.



Пәнді оқу мақсаты:

  • студенттердің қылмыстық іс жүргізу туралы,алдын-ала тергеу органдарының қызметі туралы, прокаратура және сот туралы жүйелендірілген ой қалыптастыру;;

  • қылмыстық іс жүргізу қызметіне байланысты барлық сұоақтарға жауап беретін қылмыстық іс жүргізу құқығы ғылымының теориялық жағдайын білу;

  • Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодекс нормаларын тәжірбиелі қолдану үшін тәжірбиелік үйрену;

  • тергеу мәселелерін және мән-жайларын дұрыс щешу үшін студенттердің қабілеттілігін қалыптастыру және дамыту.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу құқығы пәнің оқыту мәселелері:

  • қылмыстық сот өндірісі сұрақтары бойынша терең білімдер алу;

  • Заң күші бар Қылмыстық іс жүргізу заңңамасын білу;

  • студенттер қылмыстық сот өндірісінің мәнің жіне мәселелерін білуі керек, қылмыстық іс жүргізу қағидалар негізін, дәлелдемелер теориясын, сотқа дейінгі іс бойынша іс жүргізу тәртібін, ақпаратты тексеру өндірісінен бастап, дайындалып жатқан және жасалған қылмыс және қылмыстық іс қозғалуы туралы, сот талқылауы туралы, аппеляциялық және кассациялық сот сатыларындағы істі қарау және үкімнің орындалуы туралы, жаңадан ашылған мән-жайларға байланысты іс бойынша іс жүргізуді қайта бастау, қылмыстық істердің жеке категориялары бойынша іс жүргізу негіздері туралы дұрыс ой қалыптастыру;

  • соттық-тергеу мәселелерін шешуге үйрету.

«Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу құқық» курсын оқу нәтижесінде студенттің білуі керек:

  • Қылмыстық іс жүргізу құқық теориясының құрлымын және мазмұның, тергеуде немесе қылмыстық істі қарастыру кезінде қолданылатын қылмыстық іс жүргізу нормаларының әсері;

  • қылмыстық іс бойынша іс жүргізу мазмұны және тәртібі;

  • қылмыстық іс жүргізу актілерін құрастыру әдістері;

  • қылмыстықісті тергеу және қарастыру кезінде туындайтың кедергілерді шешу үшін қолданылатын қағидалар, ережелер,әдістер.

Білу керек:

  • қылмыстық істі тергеу және қарастыруда қылмыстық іс жүргізу заңнамасының нормаларын қолдана білу;

  • қылмыстық іс жүргізу құжаттарын сауатты құруды білуі керек.


1-тақырып Қылмыстық іс жүргізу құқығының түсінігі, мәні және мәселелері

Қылмыстық іс жүргізу құқығының ұғымы және оның құқықтық жүйесіндегі орны. Қылмыстық іс жүргізудің пәні, мақсаты, міндеттері мен мазмұны және оны құқықтық реттеу. Қылмыстық іс жүргізу құқығының жүйесі. Қылмыстық іс жүргізу құқығының басқа салалары және ғылыми пәндермен ара қатынасы. Қылмыстық іс жүргізудің түрлері.

Қылмыстық іс жүргізу және сот төрелігі. Қылмыстық іс жүргізу мемлекеттік қызметтің түрі ретінде. Қылмыстық іс жүргізу қызметтерінің құрылысы, оның сатылары. Қылмытсық іс жүргізу сатыларының дербестілігі мен өзара байланыстылығы.

Қылмыстық іс жүргізу құқықтық қатынастары: түсінігі, түрлері. Қылмыстық іс жүргізу нысанының түсінігі, түрлері. Қылмыстық іс жүргізу актілері: түсінігі, маңызы, түрлері. Тергеу және сот іс әрекеттерінің хаттамалары, олардың құқықтық мәні мен түрлері. Қылмыстық іс жүргізудегі іс жүргізушілік шешімдер түсінігі мен құқықтық негіздері. Шешімдердің заңдық және фактілі негіздері. Іс жүргізу шешімдерінде құқықтың басқа да салаларының нормаларын қолдану.


Тақырыпты оқығанда мына сұрақтарға көңіл бөлу қажет:

  1. Қылмыстық іс жүргізудің түсінігі және мәселелері

  2. Қылмыстық іс жүргізу сатылары олардың түсінігі және мазмұны

  3. Қылмыстық іс жүргізу қызметі және қылмыстық іс жүргізу құқық қатынастары түсінігі, мәні, мазмұны.

  4. Қылмыстық іс жүргізу түрлері олардың түсінігі, мағынасы,мәні.

  5. Қылмыстық іс жүргізу функциялары олардың түсінігі және түрлері.

  6. Іс жүргізу кепілдіктері түсінігі және мағынасы.

Бақылау сұрақтары:



  1. «Қылмыстық іс жүргізу» түсінігіні мазмұнына қандай элементтер кіреді

  2. «Қылмыстық іс жүргізу»,»қылмыстық сот өндірісі», «әділеттік» түсініктерінің байланысы қандай?

  3. Қандай негіздер бойынша қылмыстық іс жүргізу сатыларға бөлінеді?

  4. Қылмыстық іс жүргізу құқық қатынастарының спецификасының бекітілуі неде?

  5. Қылмыстық іс жүргізу түрлерінің сақталу талаптары неде?

  6. Қылмыстық іс жүргізу ғылымын пәніне түсініктеме беру

  7. Қылмыстық іс жүргізу актілерінің түрлерін атаңыз.

Әдебиеттер [1,2,3,4,5,55,56,58,59]

2-тақырып Қылмыстық іс жүргізу заңнамасы

Қылмыстық іс жүргізу құқығының қайнар көздерінің ұғымы мен түрлері. Қазақстан Республикасының Конституциясы қылмыстық іс жүргізудің қайнар көзі ретінде. Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңнамасы, оның қалыптасуы мен дамуы. Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі, оның міндеттері, жалпы сипаттамасы және құрылысы. Қылмыстық іс жүргізу заңнамаларын демократияландыру мен жетілдірудің басты бағыттары және оның 2002 жылғы Қазақстан Республикасының құқықтық саясаты концепциясына сәйкес келуі. Қылмыстық сот ісін жүргізу мәселелеріне қатысты басқа да нормативтік құқықтық актілері.

Қылмыстық іс жүргізу нормалары, олардың түсініктері, негізгі белгілері, Қылмыстық іс жүргізу нормаларының негізгі түрлері. Қылмыстық іс жүргізу нормасының құрылымы.

Қылмыстық іс жүргізу заңының уақыт тұрғысында, кеңістікте және тұлғаларға қатысты қолданылуы.

Қылмыстық іс жүргізу заңының аналогия бойынша қолданылуы. Қылмытсық іс жүргізу реттеу механизмдерге сендіру, мәжбүрлеу және жауапкершілік. Қылмыстық сот ісін жүргізудің имандылық бастаулары.

Қылмыстық іс жүргізу кепілдіктерінің түсінігі, олардың маңызы мен түрлері. Қылмыстық іс жүргізу функциялары, олардың түрлері мен қарым қатынастары.


Тақырыпты оқығанда мына сұрақтарға көңіл бөлу қажет:

  1. Қылмыстық іс жүргізу құқығының қайнар көздерінің түсінігі және түрлері.

  2. Қылмыстық іс жүргізу кодекс құрылымы. Басқа қылмыстық іс жүргізу заңы. Оның жалпы сипаттамасы.

  3. Қылмыстық іс жүргізу нормаларының құрлымы және түрлері.

  4. Қылмыстық іс жүргізу заңының уақыт бойынша қолданылуы.

  5. Қылмыстық іс жүргізу заңының кеңістікте қолданылуы.

  6. Қылмыстық іс жүргізу заңының тұлғалар бойынша қолданылуы.

Бақылау сұрақтары:



  1. «Қылмыстық іс жүргізу заңнамасы» терминінің мазмұның қандай нормативтік құқықтық актілер құрайды?

  2. Қылмыстық іс жүргізу заңының уақыт бойынша қолданылу астарында не түсіндіріледі?

  3. 1958 ж. Женева конвенциясына қатысты континенталдық шельф өзіне нені құрайды?

  4. Қазақстан Республикасының аумағында шет мемлекеттің қылмыстық іс жүргізу құқығын қандай жағдайларда қолданылуы мүмкін?

Әдебиеттер[1,2,3,4,5,6,7,8,9,55]


3-тақырып Қылмыстық іс жүргізу принциптері

Қылымыстық іс жүргізу принциптерінің ұғымы мен маңызы. Қылмыстық сот ісін жүргізу принциптерінің жүйесі. Қылмыстық іс жүргізу принциптері мен міндеттері арасындағы қарым қатынас. Принциптердің жүйесі – қылмыстық сот ісін жүргізуді дамытудың методологиялық негізі ретінде.

Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген қылмыстық іс жүргізудің принциптері. Қылмыстық іс жүргізу кодексінде бекітілген принциптері мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғау. Жеке адамның абыройы мен мен қадір-қасиетін құрметтеу. Қылмыстық істер бойынша іс жүргізу кезінде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау. Жеке өмірге қол сұғыспаушылық. Хат жазудың, телефон арқылы сөйлесудің, почта, телеграф және өзге де хабарлар құпиясы. Тұрғын үйге қол сұғылмаушылық. Меншікке қол сұғылмаушылық. Кінәсіздік презумциясы. Қайта соттауға және қылмыстық ізге түсуге жол бермеу. Сот әділдігін заң мен сот алдындағы теңдік негіздеріндегі жүзеге асыру. Судьялардың тәуелсіздігі. Сот ісін жүргізудегі тараптардың мен тең құқықтылығы негізінде жүзеге асыру. Судьялардың тәуелсіздігі. Сот ісін жүргүзудегі тараптардың мен тең құқықтылығы негізінде жүзеге асыру.

Мән-жайын жан-жақты толық және объективті зерттеу. Дәлелдемелерді ішкі сенімі бойынша бағалау, куәлік айғақтар беру міндетінен босату. Білікті заң көмегіне құқықты қамтамасыз ету. Жариялылық. Қылмыстық сот ісін жүргізу әрекеттері мен шешімдеріне шағымдану бостандығы.


Тақырыпты оқығанда мына сұрақтарға көңіл бөлу қажет:

  1. Қылымыстық іс жүргізу принциптерінің ұғымы мен маңызы.

  2. Қылмыстық сот ісін жүргізу принциптерінің жүйесі.

  3. Қылмыстық іс жүргізу принциптері мен міндеттері арасындағы қарым қатынас.

  4. Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген қылмыстық іс жүргізудің принциптері.


4-тақырып Қылмыстық ізге түсу

Қылмыстық ізге түсудің түсінігі мен мазмұны. Қылмыстық ізге түсуді жүзеге асырудың жалпы шарттары. Қылмыстық ізге түсудің нысандары. Жеке, жеке жариялы және жариялы істер бойынша ізге түсу және айыптау.

Жариялық және диспозитивтік принциптері.

Қылмыстық ізге түсуді болдырмайтын жағдайлар. Қылмыстық ізге түсуді жүзеге асырмауға мүмкіндік беретін мән-жайлар. Жәбірленушімен бітісуі және келтірілген залалды өтеу арқылы қылмыстық істі қысқарту.

Қылмыстық ізгк түсу органдары және олардың өкілеттіктері. Қылмыстық істі қозғаудан бас тарту және қылмыстық істі қысқарту туралы қаулыны шығару бойынша қылмыстық ізге түсу органдары мен соттың міндеттері.

Тақырыпты оқығанда мына сұрақтарға көңіл бөлу қажет:




  1. Қылмыстық ізге түсудің түсінігі мен мазмұны.

  2. Қылмыстық ізге түсуді жүзеге асырудың жалпы шарттары.

  3. Қылмыстық ізге түсудің нысандары.

  4. Жеке, жеке жариялы және жариялы істер бойынша ізге түсу және айыптау.

  5. Жариялық және диспозитивтік принциптері.

  6. Қылмыстық ізгк түсу органдары және олардың өкілеттіктері.


5-тақырып Қылмыстық іс жүргізуге қатысушылар

Қылмыстық іс жүргізуге қатысушылардың ұғымы, олардың жіктелуі. Қылмыстық іс жүргізу қатысушылары мен субъектілері түсініктерінің ара қатынасы.

Сот қылмыстық сот ісін жүргізуді жүзеге асырушы мемлекеттік орган ретінде. Қылмыстық іс жүргізудегі прокурор, оның іс жүргізу жағдайы мен өкілеттіктері. Тергеуші, оның іс жүргізу жағдайы. Тергеу бөлімінің бастығы, оның іс жүргізу жағдайы. Анықтау органы, түрлері, міндеттері және өкілеттіктері. Анықтаушы, оның іс жүргізушілік жадайы. Анықтау органының бастығы, іс жүргізушілік жағдайы.

Өзінің және басқалардың құқықтары мен мүдделерін қорғайтын қылмытсық іс жүргізу қатысушылары. Қылмыстың жасалуына сезікті: түсінігі, іс жүргізу жағдайы. Айыпталушы: түсінігі, іс жүргізу жағдайы.

Жәбірленуші: оның іс жүргізу жағдайы. Жеке айыптаушы, оның іс жүргізушілік жағдайы.

Азаматтық талапкер, оның іс жүргізу құқықтары мен міндеттері. Азаматтық жауапкер, оның іс жүргізу құқықтары мен міндеттері. Азаматтық жауапкер ретінде таныла алатын тұлғалар.

Қорғаушы, оның өкілеттіктері және қылмыстық іс жүргізуге қатысу міндеттері. Қорғаушы ретінде қылмыстық сот ісін жүргізуіне қатыса алатын тұлғалар. Қорғаушыны шақыру, тағайындау, ауыстыру, оның еңбегіне ақы төлеу.

Кәмелетке толмаған сезіктігнің, айыптаушының заңды өкілдері. Жәбірленушінің, азаматтық талапкер мен жеке айыптаушының өкілдері. Азаматтық жауапкердің өкілдері.

Қылмыстық іс жүргізудегі басқа да тұлғалар: түсінігі, түрлері, маңызы.

Куәнің іс жүргізу жағдайы.


Тақырыпты оқығанда мына сұрақтарға көңіл бөлу қажет:

  1. Қылмыстық процеске қатысушылар түсінігі, олардың топтастырылуы

  2. Қылмыстық процесті қатысушылары мен субъектілеріні түсініктеріні байланысы.

  3. Сот қылмыстық сот өндірісін жүзеге асырушы мемлекеттік орган ретінде.

  4. Қылмыстық процестегі прокурор, оның мәселелері.


6-тақырып Қылмыстық іс бойынша іс жүргізу

Өзара іс әрекет етудің іс жүргізушілік нысандары. Өзара әрекет етудің ұйымдастырушылық нысаны. Тергеушінің қоғамдастықпен өзара әрекет етуі. Тергеушінің сарапшылық бөлімшелермен өзара әрекет етуі.

Қылмыстық іс бойынша іс жүргізу түсінігі. Алдын ала тергеуді тоқтата тұру. Аладын ала тергеуді тоқтата тұру шарттары. Алдын ала тергеуді тоқтатқаннан кейін тергеуші әрекеттері. Айыпталушыны іздестіру. Тоқтата тұрған алдын ала тергеуді қайта бастау.

Қылмыстық істерді біріктіру. Қылмыстық істерді бөлектеу. Қылмыстық істерді қысқарту. Қылмыстық іс қысқартылғаннан кейін тергушінің іс әрекеті. Қылмыстық істі қысқартутуралы қаулыға шағым беру.

Іс жүргізу мерзімінің түсінігі. Іс жүргізу мерзімдерін есептеу тәртіптері. Іс жүргізу мерзімдерін сақтау мен ұзарту. Өтіп кеткен мерзімді қалпына келтіру.
Тақырыпты оқығанда мына сұрақтарға көңіл бөлу қажет:


  1. Өзара іс әрекет етудің іс жүргізушілік нысандары.

  2. Өзара әрекет етудің ұйымдастырушылық нысаны.

  3. Тергеушінің қоғамдастықпен өзара әрекет етуі.

  4. Тергеушінің сарапшылық бөлімшелермен өзара әрекет етуі.

  5. Қылмыстық іс бойынша іс жүргізу түсінігі.

  6. Алдын ала тергеуді тоқтата тұру.

  7. Қылмыстық істерді біріктіру. Қылмыстық істерді бөлектеу.

  8. Іс жүргізу мерзімінің түсінігі.

  9. Мәселелрді шешу.


7-тақырып Қылмыстық іс жүргізудегі мүліктік мәселелер. Іс жүргізу мерзімдері

Қылмыстық іс жүргізудегі қаралатын азаматтық талаптардың пәні, оны ұсынудың негіздері және іс жүргізу тәртіптері. Қылмыстық іс жүргізудегі азаматтық талаптың құқықтық негізі. Азаматтық талапкер ретінде тану. Зиянды өтеудің негіздері, шарттары, мөлшері және тәсілі туралы ережелерді қолдну.

Айыптау және ақтау үкімдерін тағайындағанда, қылмыстық істі қысқартқан жағдайда азаматтық талапты шешу. Азаматтық талап бөлігінде соттың үкімі мен қаулысын орындау.

Қылмыстық іс бойынша өндіріс барысында кеткен шығындарды өтеу мен қеңбек ақы төлеу.

Қорғаушының заң көмегіне ақы төлеу, аудармашыға, маманға, сарапшыға ақы төлеу. Жәбірленушіге, азаматтық талапкерге, азаматтық жауапкерге және олардың заңды өкілдеріне, жеке айыптаушының қорғаушысына және өкіліне, куәгерге, аудармашыға, маманға, сарапшыға, куәға шығындарды өтеу.

Іс жүргізу шығындары: түсінігі, түрлері. Іс жүргізу шығындарын өндіріп алу негіздері мен түрлері. Іс жүргізу шығындарын өтеудің негіздері мен өндіру тәртіптері.

Іс жүргізудегі мерзімдерінің ұғымы, маңызы және түрлері. Іс жүргізу мерзімдерін санау тәртібі. Іс жүргізу мерзімдерін ұзарту мен қалпына келтіру тәртібі. Қылмыстық іс жүргізудегі мерзімдерді өткізіп алудың іс жүргізу құқықтық салдары.
Тақырыпты оқығанда мына сұрақтарға көңіл бөлу қажет:


  1. Қылмыстық істі біріктірудің мағынасы мен мәні.

  2. Қылмыстық іздерді біріктірудің негізі, шарттары сондай-ақ іс жүргізу тәртібі.

  3. Қылмыстық іс бойынша іс жүргізу түсінігі.

  4. Қылмыстық істі тоқтатудың түсінігі және мәні.

  5. Іс жүргізу мерзхімдері түсінігі

  6. Іс жүргізу мерзімдерін есептеу тәртібі.

  7. Қылмыстық процестегі мерзімді өткізіп алудың іс жүргізу-құқықтқ салдары.

Әдебиеттер [1,4,6,8,33,48,51,59]
8-тақырып Ақтау. Қылмыстық іс жүргізуді жүргізуші органның заңсыз іс-әрекеттерімен келтірілген зиянды өтеу

Қылмыстық іс жүргізу құқығындағы ақтаудың ұғымы мен маңызы. Ақталуға жататын тұлғалар. Ақтау негіздері.

Қылмыстық іс жүргізуді жүзеге асыратын органның заңсыз іс-әрекеттерімен келтірілген зиянды өтетін алуға құқығы бар тұлғалар. Анықтау, алдын ала тергеу, прокуратура және сот органдарының заңсыз іс әрекеттері арқылы азаматқа келтірілген зиянның түсініг, мен түрлері. Өтелуге жататын зиян, оның трлері мен мөлшері.

Зиянды өтеу құқығын тану. Мүліктік зиянды өтеудің іс жүргізу тәртібі. Моральдік зиян зардаптарын жою.

Азаматтар мен заңды тұлғаларға келтірілген зиянды өтеу тәртібі, ақталушының бұзылған құқықтарды қалпына келтіру.
Тақырыпты оқығанда мына сұрақтарға көңіл бөлу қажет:


  1. Айыпталушы (сезікті) ретінде тартылған адамды кінәсіз деп тану жолымен ақтау.

  2. Зиянды өтеттіруге құқылы тұлғалар.

  3. Зиянды өтеттіру құқығын тану.

  4. Азаматтар мен заңды тұлғаларға зиянды өтеттіру.

Әдебиеттер [1,4,6,9,62,65]

9-тақырып Қылмыстық іс жүргізуге қатысушы адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету

Қылмыстық іс жүргізуге қатысушы тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. 5 шілде 2000 жылғы «Қылмыстық іс жүргізуге қатысушы тұлғаларды мемлекеттік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының заңы.Мемлекеттік қорғауға жататын тұлғалар. Қауіпсіздік шаралар түрлері.

Сот талқылауына қатысатын тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Судьялар, прокурорлар, тергеушілер, анықтаушылар, қорғаушылар, мамандар, сарапшылар, сот приставтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Қылмыстық процеске қатысушы жәбірленушілердің, куәлердің, айыпталушылардың және басқа да тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын ұйымдастыру. Қауіпсіздік шаралары. Сот талқылауына қатысушы тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.


Тақырыпты оқығанда мына сұрақтарға көңіл бөлу қажет:

  1. Сот талқылауына қатысатын тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

  2. Судьялар, прокурорлар, тергеушілер, анықтаушылар, қорғаушылар, мамандар, сарапшылар, сот приставтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

  3. Қылмыстық процеске қатысушы жәбірленушілердің, куәлердің, айыпталушылардың және басқа да тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын ұйымдастыру.



10-тақырып Қылмыстық іс бойынша іс жүргізуге қатысу мүмкіндігін жоққа шығаратын жағдайлар. Қарсылық білдіру және өтініш жасау

Қылмыстық іс жүргізуге қатысудың шеттеуге өтініші жасау және қарсылық білдіру. Қылмыстық іс жүргізуге қатысудан босату. Судьяға қарсылық білдіру. Прокурорға қарсылық білдіру. Тергеуші мен анықтаушыға қарсылық білдіру. Куәгерге қарсылық білдіру. Сот отырысы хатшысы мен сот приставына қарсылық білдіру. Аудармашы мен маманға қарсылық білдіру. Сарапшыға қарсылық білдіру.

Қорғаушыны, жәбірленуші өкілін, азаматтық талапкерді немесе азаматтық жауапкерді қылмыстық іс бойынша өндіріске қатысудан шеттеу.

Қылмыстық іс жүргізу қатысушы ретінде тану құқығы, құқықтары мен міндеттерін түсіндіру және олардың мүмкіндіктерін қылмыстық іс жүргізуді жүзеге асыратын органдардың қамтамасыз етуі.

Өтініш. Қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді жүзеге асырушы мемлекеттік органдарының және лауазымды тұлғалардың шешімдеріне, әрекеттеріне шағындану. Ұстауға немесе қамауға алынған тұлғалардың шағым беру тәртібі.

Шағым беру мерзімдері. Шешімдерді орындауды шағым берілуіне байланысты тоқтата тұру. Прокурор шешіміне шағымды сотта қарау тәртібі.


Тақырыпты оқығанда мына сұрақтарға көңіл бөлу қажет:

  1. Қылмыстық іс бойынша іс жүргізуге қатысудың мүмкіндігін жоққа шығаруға қарсылық білдіру және өтініш білдіру.

  2. Қылмыстық процеске қатысудан босату туралы.

  3. Судьяға қарсылық білдіру. Прокурорға қарсылық білдіру. Тергеушіге анықтаушыға қарсылық білдіру. Куәгерге қарсылық білдіру. Сот отырысының хатшысы мен сотты приставына қарсылық білдіру. Аудармашы мен маманға қарсылық білдіру

  4. Қылмыстық іс бойынша қорғаушыны процеске қатысудан босату.


Бақылау сұрақтары:

  1. Қылмыстық іс бойынша қылмыстық ізге түсуді жүзеге асыратын судьялар және лауасымды адамдардыңң қатысу мүмкіндігін шеттететің негіздерін атаңыз.

  2. Қылмыстықұ іс бойынша қай кезден бастап кім сезікті болып саналады?

  3. Қорғаушы қай кезден және қандай жолмен қылмыстық процеске кіріседі?

  4. қылмыстық іс бойынша қорғаушыныңң, куәгердің, сот отьырысынң хатшысының және тағы басқаларының процеске қатысушылардың іс жүргізуге қатысу мүмкіндігін шеттету негіздерін атаңыз.

Әдебиеттер[1,4,6,13,20,21,22,58]
11-тақырып Қылмыстық іс жүргізудегі дәлелдемелер теориясының негізгі ережелері

Дәлелдемелер ұғымы. Дәлелдемелік құқығы және оның дәлелделер теориясындағы орны. Дәлелдемелер теориясының методологиялық негіздері.

Таным теориясы – дәлелдемелер теориясының негізі. Қылмыстық іс бойынша ақиқаттың түсінігі, мазмұны және сипаты. Қылмыстық іс бойынша ақиқатты анықтаудың іс жүргізу кепілдері. Дәледеудегі практиканың түсінігі мен маңызы.

Дәлелдемелердің қайнар көздері. Дәлелдемелердің жіктелуі, оның теориялық және практикалық маңызы. Дәлелдемелердің қасиеттері. Дәлелдемелердің қатыстылығы, іске жіберілуі және растығы. Қылмыстық іс бойынша дәлелдеудің пәні: түсінігі, мазмұны және маңызы. Қылмыстық іс бойынша дәлелдеу шегінің түсінігі мен маңызы. Дәлелдеусіз анықталатын мән жайлар.

Дәлелдемелердің жіктелуі.

Дәлелдеу пәні мен шектері.

Дәлелдемелер мен жедел-іздестіру жолымен алынған іс жүргізушілік емес ақпаратпен арақатынасы.
Тақырыпты оқығанда мына сұрақтарға көңіл бөлу қажет:


  1. Дәлелдемелер құқығының және дәлелдемелер теориясының түсінігі және мазмұны.

  2. Қылмыстық іс жүргізудегі объективті шындықтың мазмұны және сипаттамасы.

  3. Дәлелдеудің мәні- шектері.

  4. Дәлелдемелер дің түсінігі, мәні.

  5. Дәлелдемелердіңң жіктелуі.

  6. Сарапшының қорытындысы. Заттай дәлелдемелер.

  7. Дәлелдеу процесінің субъектілері.

  8. Дәлелдемелер көздеріні мтүсінігіжәне түрлері.

  9. Сезіктінің, айыпталушының, жәбірленушінің, куәгердің айғақтары.

  10. Іс жүргізу әрекеттерінің хаттамалары, құжаттары.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет