Әдістемелік құралдың міндеттері


Төменде берілген көмекші сөздерге фонетикалық талдау жаса



бет37/45
Дата09.06.2024
өлшемі202.86 Kb.
#502468
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   45
171289153944 (1)

9. Төменде берілген көмекші сөздерге фонетикалық талдау жаса.
Үй ішіне, жазып алған екен, тау астында, оқып бер.
Дескриптор Білім алушы
- берілген көмекші сөздерге фонетикалық талдау жасайды


10. Өлеңді түсініп оқып, есте сақтаңыз.


Дескриптор Білім алушы
- өлеңді түсініп оқиды
- есте сақтайды

11. Төмендегі шылауларды дұрыс формаға қойып, мәтін мазмұнына қарай орналастырып, сөйлем құраңыз.


Мен, бен, қарай, пен, және, шейін, әрі, да, де, үшін, сияқты, шамалы, біресе, я, яки, қарай, таман, әлде, не, немесе, жуық, тарта, соң, бұрын, болмаса, ма, ме, біресе, ше, -ау, бірақ, -ай, қой, алайда, дегенмен, сонда да, әйтпесе.




Дескриптор Білім алушы
- шылауларды дұрыс формаға қояды

  • Мәтін мазмұнына қарай орналастырады

- сөйлем құрастырады

12. Мәтін мазмұнына сәйкес төмендегі орны ауысқан сөздерді өзара байланыстыр.


Батыс Жетісудағы оңтүстіктегі өздеріне қараған иеліктеріне қалаларға (Созақ, Сығанақ, Сауран), алғашқы қазақ хандары Дешті талаптанушы барлық хандарды жеңіп, өз иеліктерін ұлғайтты. сүйене отырып, Қыпшақтағы өкімет билігіне
Дескриптор Білім алушы
- мәтін мазмұнына қарай ауысқан сөздерді өзара байланыстырады


13. Мақал-мәтелдерді оқып, мағынасын түсіндір.


1. Диқан жерді анасындай сүйеді, жер диқанын баласындай сүйеді.
2. Егіншіні кетпеннің жүзі асырайды.
3. Малды баға білмеген пайданы таба білмейді.
4. Жұмысы жоқтың ырысы жоқ.
5. Ата кәсіп балаға нәсіп.
6. Күндіз қойын күтерсін, кешке жүнін түтерсің.
7. Тігіншіні инесі асырайды.
8. Диқан бабаның кетпенінен,
Шопан атаның таяғынан.
9. Орақшының жаманы орақ таңдайды.
10. Еңбек етсең ерінбей,
Тояды қарның тіленбей.
Дескриптор Білім алушы
- мақал мәтелдерді оқиды

  • Мағынасын түсіндіреді



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет