Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқауларды бекіту парағы



жүктеу 368.52 Kb.
Дата12.07.2016
өлшемі368.52 Kb.

Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқауларды бекіту парағы;





Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.4/20





БЕКІТЕМІН

Оқу ісі жөніндегі проректор

____________Н.Э. Пфейфер

«___»___________201 ж.


Қ ұрастырған: аға оқытушы_________________ Шайхислам Тәкібайұлы

Құрылыс материалдарын өндіру және стандарттау кафедрасы

5В072900-Құрылыс және 5В073000-Құрылыс материалдарын,бұйымдарын және конструкцияларын өндіру мамандықтарының студенттері үшін Өндірістік гимараттар сәулеті пәні бойынша курстық жұмыс(жоба) орындауға арналған


Әдістемелік ұсыныстар және нұсқаулар

Кафедра отырысында ұсынылған

«___»______________20__ , №__хаттама
201 ж. «___»_____________ кафедра отырысында ұсынылған №___хаттама.
Кафедра меңгерушісі ______________________В.Т. Станевич
Сәулет-құрылыс факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен құпталған

201 ж. «___»_____________№ __хаттама

ОӘК төрағасы ______________ Г.А. Жукенова 201 ж. «___»_________

ОӘБ бастығы _____________ Е.Н.Жуманқұлова 201 ж. «___»__________

Университеттің оқу-әдістемелік кеңесімен құпталған

201 ж. «____»___________ № _____ хаттама



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

С.ТОРАЙГЫРОВ АТЫНДАҒЫ ПАВЛОДАР МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Құрылыс материалдарын өндіру және стандарттау кафедрасы

........................ тобының студенті ...................................................................

….................................................................. пәні бойынша курстық жоба ТАПСЫРМАСЫ



Тақырыбы:_.........................................................................................................

........................................................................................................




  1. КУРСТЫҚ ЖОБАНЫҢ (ЖҰМЫСТЫҢ) МАЗМҰНЫ


.....................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................

2 ДЕРЕК КӨЗДЕРІ, БЕРІЛГЕН МӘЛІМЕТТЕР

.......................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................



3 КУРСТЫҚ ЖОБАНЫ (ЖҰМЫСТЫ) ОРЫНДАУ ЖӘНЕ ҚОРҒАУ КЕСТЕСІ

бөлімдер

КЖ –ны орындау уақыты (апталар) (%)

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

1

КЖ тапсырмаларын беру

=

=





































КЖ – ны қорғау

2







=

=































3













=




























4
















=

=






















5






















=

=
















6




























=

=










7


































=







8





































=

=

4 КУРСТЫҚ ЖОБАНЫ(ЖҰМЫСТЫ) ОРЫНДАУ БАРЫСЫНДА ПАЙДАЛАНУҒА ҰСЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1 .........................................................................................................................

2 .........................................................................................................................

3 ........................................................................................................................

4 ........................................................................................................................

5 ........................................................................................................................



Тапсырманы алдым: «___» ___________ 20 ж._________________

(қолы)


Курстық жобаның (жұмыстың) жетекшісі _______Шайхислам Тәкібайұлы

Кафедра меңгерушісі __________________ т.ғ.к,доцент, Станевич В.Т

Кіріспе.Курстық жобаның мақсаты

  1. Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс мамандығының студенттері ғимараттық сәулеттік – құрылыстық жабаны орындайды. Бұл жобаны орындаған студент теориялық білім негізіндегі көркем сәулетті, көлемдік – жобалау, құрылымдық шешімдерді істей алады.

  2. Істеліп жатқан жобада соңғы құрылыс материалдардан таңдауау талап етеледі. Жобалауға арналған бастапқы мәліметтерден студент көрсеткен құрылыс мекен жайы жөнінде жеке тапсырма алады. Берілген ғимараттың жобалау нормаларын зерттейді және ғимараттың ішкі бөлшектерін атқаратын қызметіне байланысты 3 топқа бөлінеді: негізгі, қосалқы, даяшылық (қызметтік). Осы бөлмелердің негізгі өлшемдерін жол, бөлме аралық байланыстарды анықтау жоба жұмысының негізгі мақсаты болып саналады.

  3. Жобаның құрылымдық шешімдерін қабылдаған кезде нормативтік өлшемдер бойынша бағандардың құрылымдық жобалау , тіреуаралық өлшемдерді ереже бойынша таңдауға ерекше назар аудару қажет Ғимарат сәулеті оның қызметін мақсатына сай және қарапайым бөлінген пішіндік қатынастармен орындалған болуы тиіс.

Курстық жобаның құрамы

Сызба бөлімі.

  1. Ғимарат орнының бас жоспары техникалық көрсеткіштері және желдің бағыты масштаб 1:500; 1:1000.

  2. Негізгі қасбет М1:100 қабырға панелдері немесе блоктары айқын көрсетіледі.

  3. Қайталанатын бойлық қабаттардың жайғасымы (жоспары) 2-ден кем емес 1:100, 1:200 масштабтармен орындалады.

  4. Бойлық және көлденең қималар М 1:100

  5. Іргетастың қабатаралық жабын және төбежабындарының сұлба түріндегі жайғасымы (план) М1:200

  6. Жекеленген түйіндердің құрылымдық детальдары (3-4)

  7. Қабырғаның және төбежабынның жылу техникалық есебі

  8. Көлемдік жобалау шешімдерінің технико- экономикалық көрсеткіштері

9.Әкімшілік-тұрмыстық ғимараттың есебі және жобасы

Құрылыс орнының бас жоспарын құруға қойылатын талаптар



  1. Жобаланатын ғимаратты орналастыру үшін жер бедері және климаттық ерекшіліктер есепке алынады. Құрылыс алаңы ғимараттың атқаратын қызметіне байланысты қабылданады. Бас жоспарда құрылыс салу қабаттандыру, көгальдандыру, кешенді істер шешіледі, және негізгі ғимрат орны анықталады. Бас жоспардың сызбаларында горизонталь және тік элементтердің жоспары құрылады.

  2. Сызылған терреториялық үстінен қабырға 100мм болатын тор ось тер жүргізіледі. Горизонталь осьтер А әрпімен, вертикаль осьтер Б әріптерімен белгіленеді ( мысалы ОА, 1А, 2А, ......; ОБ,1Б, ..... белгіленді мұндағы ОА, ОБ, кординат бас)

  3. Құрылыс координаттарының нүктелері ОА + 51,100, ОБ+15.00 түрінде белгіленеді. Сызбада тік жоспар шығару жазықшаның үстінгі жағына горизонталь жоспар шығару жазықтығының астынғы жағына орналасады. Жеке жобаланатын ғимараттарды жән үймереттерді қызыл сызықпен немесе шоғырландырғыш базистерге қосқанда құрылыс сәйкесі сызбаға салынады.

Тік жоспарлау элементтері – бұл жермен байлау болып саналады. Шартты түрде орын бедері 150.00,150.50....горизонтальді түсіреміз (3,1 сурет) 0,50 және 1.00м-лік белгілер жуанаралық сызықтармен көтерілетін жағына қайтады. Сосын ғимаратты қызыл және қара бұрыштың белгілерін анықтайды. Қызыл – беттін алымына, қара – бөліміне жазылады . бас жоспарда істелінетін келесі жұмыс терреторияны абаттандыру және көгалдандыру. Бас жоспарды ойын алаңдарығ, көгалды алаңдар, кіші сәулетті пішіндер, тратуар, жолдар, жарысты жолдары, автотұрақтар сызылады.

Бас жоспардың технико-экономикалық көрсеткіштері



Атаулары

М4

%

1

алаң

1203 7,5

1000

2

Құрылыс алаңы

1413

11,7

3

Көгалдандыру алаңы

5615

46,6

4

Жолдар ауданы

4285

35

5

Жолдар ауданы



















Желдің негізгі бағыты

Қаңтар

Шілде

С

СВ

В

ЮВ

ЮЗ

СЗ

СВ

В

ЮВ

Ю

ЮЗ

З

СЗ








































Құрылыс орны туралы бастапқы мәліметтер

Бір қабатты өнеркәсіптік ғимаратқаа ірі өлшемді ауыр технологиялық бұйымдармен жабдықталған жоғарғы динамикалық жүктемелермен, қатты дыбыс тербелістерінде жұмыс істейтін, металлургия және машина жасау ауыр өндірістерінің бөлімдері мен цехтерін жайғастыруға арналған ғимарат.

Құрылыс алаңы Хорьков қаласында орналасқан. Құрылыс климаттық аймағы – Ів. Қар қыртысы (аймақ) – ІІІ (100кг с/см2). Ең суық 5 күндік температурасы – t=-23С. Ылғалдылық зонасы – құрғақ. Құрылыс алаңы – сейсмикалық емес.

Тапсырмада берілген нұсқа (вариант) -

Ғимараттың технологиялық сұлбасы,жоспары:
Өндірістік кәсіпорынның цехтың атауы: .................................

Аралық өлшемдері : А = м; Б = м; В = м;

Аралық биіктігі: НA = м; НБ = м; НВ = м.

Ғимараттың ұзындығы : L3= м.

Көтергіш крандар : Qб = т; Qаа = т;

Есептелген ішкі температурасы : + .



Әкімшілік-тұрмыстық ғимаратты есептеуге және жобалауға арналған мәліметтер:

Барлық жұмысшылар саны -

Бір ауысымдағы ең жоғарғы жұмысшылар саны -

Әйел жұмысшылардың үлесі -

Әкімшілік инженнер-техникалық қызметшілер саны -

Өндірістік жұмыстың күрделілік тобы -

Жұмысшылардың шеберлік дәрежесі -

Ғимрат жайғасымы (жоспары)

Ғимрат жайғасымы(жоспары) бұл- жобада ұсынған бір қабатты өнеркәсіптік ғимараттың жоғарыдан тік төмен бағыттағы 0,000 деңгей бойынша нақты өлшемдерден 1:400 масштабпен кішірейттіліп сызылған көрінісі. Ғимараттың таңдаған жайғасымы тік төртбұрыш пішінді. Оның жалпы ұзындығы және ені алғашқы мәліметтерден алынады. Жайғасым сызбалары белгіленген реттілікпен орындалады. Алдымен сызба қағазға шоғырландырғыш торларды немесе қабырғалар мен тіреулердің (бағандар мен ) ұстындар осьтік сызықтарын түсіреді, сосын көтеруші және қоршаушы құрылымдық: қабырға, арақабырға, бағандардың өлшемдері бойынша ғимарат жайғасымы cызылады.

Бағанаралық өлшемдер ортаңғы және шеткі бағанаралық өлшемдерден құралады. Бұл өлшемдер өндірісте жобаланған көтеруші тасымалдаушы крандардың жүк көтеру қуатына байланысты таңдалады және ось жерлері анықталады. Бұл жобада шеткі екі аралықта 12х12м ортанғы аралықта 12х24м осьтері белгіленген.

Бағандарды көлденең қималары тік төртбұрыш пішінді 400х400мм және ортанғы бағандардың қимасы 400х600мм өлшемдер таңдалады.

Көлденең және бойлық осьтердің түйілістерінде баған орындары көрсетіледі. Ғимарат жайғасымының белгіленген аралықтарында аспалы және көпір кранның орналасуы , олардың жүк көтеру қуаттары шартты белгілермен көрсетіледі.

Жайғасым сызбасында жобада ұсынған өндіріс технологиялық сұлбасы негізінде ғимарат ішіндегі цех бөлімдердің шекаралары белгілініп, аттары жазылады. Сыртқы және ішкі есіктер белгіленіп стандарт бойынша таңдаған өлшемдері белгіленеді. Егер цех бөлімдердің жобасында темір жол рельстері ұсынылса, ол тиісті шартты белгілермен көрсетіледі.

Ғимараттың құрылымдық ерекшелігіне байланысты температуралық және шөгім жіктері жанама әкімшілік – тұрмыстық ғимараттардың баған,қабырға іргетастары аралық өлшемдері ажыратылып белгіленеді.

Аралықтардың ұстындары 400х600 мм, іргетастың еңу тереңдігі -1650 және -1950 мм

Ғимараттың ұзындығы 108 м болғандықтан бір температуралық жік қарастырылған. Жобада темір- бетонды қырлы жабындар қолданылған. Олардың өлшемдері 6х12м болатын темірбетонды рамалар жобады қолданылады.

Ғимарат жоспарының ерекшілігіне байланысты көлденең және бойлық кескіннің қима сызықтары белгіленеді.

Сыртқы қабырға қалыңдығы жылутехникалық есептеулерден алынады.

Қадам және өткіндердің өлшемдеріне сәйкес бойлық және көлденең осьтер үзік сызықтармен көрсетіліп, реттік шартты таңбалары қойылады.

Қабырғаларда және арақабырғаларда есік және терезе ойықтары көрсетіледі.

Ғимраттың ішкі бөлімінде негізгі бөлмелердің ені, тереңдігі, қабырғалар және арақабырғалардың қалыңдығы бөлмелердің атауы, терез ойықтарының өлшемдік маркаларын көрсетеді м: (ОР 15-21) – терезелік рама биіктігі 1,5м ені 2,1м.

Жобаны бастау үшін алдымен жоғарыда айтқандай оның жайғасымы(планы) сызылады.Бұдан кейін жайғасымы бойынша ғимараттың бойлық және көлденең қима кескіндері көрсетіледі.

Жобаланатын ғимараттың көлденең және бойлық бағыттағы көтеруші құрылымдардың түйілісін көрсететін өзара қиылысқан сызықтарды шоғырландырғыш осьтер немесе координациалық осьтер деп атайды.Шоғырландырғыш осьтер жайғасымда және қимасызбаларда белгіленген реттілікпен көрсетіліп, өлшемдері қойылады.

Шоғырландырғыш осьтердің бойлық бағыттағы аралық өлшемі- қадам(шаг) деп аталады.

Оны алфавит реті бойынша бас әріптермен белгілейді. Ал ендік бағыттағы өлшемдерін аралық(пролет) немесе өткін деп атайды. Аралық немесе өткін өлшемдері реттелген санмен белгіленеді. Ғимарат қабаттарының биіктігі төменнен жоғары қарай әр қабаттан еденнен еденге дейінгі биіктік алынады.Нөлдік деңгей ретінде бірінші қабат еденінің таза деңгейі есептеледі.

Шоғырландырғыш(разбивочных) осьтерді байлау ережелері.

Құрылыс жүйелерінде ғимаратты жобалағанда көтеруші құрылымдардың түйілістерін анықтайтын, шоғырландырғыш осьтермен байлау өлшемдерін көртететін арнайы ережелер қолданылады.Ірі панелді ғимараттарда ішкі қабырғалардың шоғырландырғыш осьтері оның геометриялық осімен дәл сәйкеседі.Сыртқы қабырға осьтерінің, қабырғаның ішкі қырына дейінгі орналасу қашықтығы бір және екі қабатты бетон панелдер үшін 80 мм,үш қабатты болса-110мм,бетон емес материалдардан дайындалған панелдерде-50мм,кірпіш және ұсақ блоктардан істелген ғимараттарда сыртқы қабырға осінің оның ішкі бет жазықтығымен байлау қашықтығы-100мм,ішкі қабырға бетімен байлау қашықтығы-120 мм. Шоғырландырғыш осьтер аралығындағы қашықтықтар L1, L2, L3 берілген модульдік қашықтық L0 –ге интервалдық қашықтықты қосу арқылы төменде көрсетілген формулалармен анықталады:

-сыртқы және ішкі қабырғалар осьтерінің аралығы:

L1 = L0 +0,5Δ1 ;

-ішкі қабырғалар аралығы:

L2 = L0 +0,5Δ1 ;

-қалыңдығы әр түрлі ішкі қабарғалар аралығы:

L1 = L0 +0,5(Δ1+ Δ1) ;



сурет. Ғимарат жосарында шоғырландырғыш осьтерінің көтеруші қабырғалармен байланысуы.

а) Шоғырландырғыш осьтердің ғимараттың кірпіш қабырғасымен байланысы;

б) Көлемді блокты ғимараттар қабырғасымен байланысы



Сыртқы қоршау құрылымдарының жылу техникалық есептеулері және сыртқы қабырға,жабын құрылымдарының қалыңдығын анықтау

Жылдың суық мезгілінде барлық сыртқы қоршау құрылымдар үшін жылу техникалық есептеулер істегенде құрылыс ауданы, пайдалану жай күйі, ғимараттың қолдану мақсаты, денсаулық – тазалық талаптары, бөлмелердің ішкі температурасы және сыртқы ауаның суық маусымдағы температуралары есепке алынады.

Ішкі қоршау құрылымдарының (қабырға, арақабырға, аражабын) жылу техникалық есебі температуралар айырымы  жоғары болғанда ғана істеледі.

Салқын, суық аймақтарда салынатын ғимараттардың жылу қорғанысы үшін негізгі есептік көрсеткіштер ҚР ҚНжЕ (ІІ-3-79*) «Құрылыс жылутехникасы» - стандарттар құжатында көрсетілген.

Құрылыс тәжірибесінде бір қабатты қоршау құрылымдар үшін тығыздығы 400-100кг/м3-қа дейін жеңіл, ұяшықты бетондар, көп қабатты қоршау құрылымдар үшін тығыздығы 40 – 100 кг/м3 болатын пенопласт және минералды мақта түріндегі белсенді жылуоқшаулағыштар қолданылады.

Жылу – техникалық есептеулері үшін берілетін негізгі деректер:

Құрылыс ауданының суық,салқын мезгілдеріндегі сыртқы ауаның есептік параметрлері

Жылу техникалық есеп «Құрылыс жылутехникасы ҚР ҚЖжЕ 2.04-03-2002 сәйкес жылу техниканың есебінің көрсеткіштері алынады.

Ғимараттың қоршаушы құрылымдарының(қабырғаның және жабынның) жылу техникалық есебі құрылымдардың қалыңдығы және қоршау материалдарының жылу өткізу кедергісінің шартты шамасына байланысты есептеледі. Бұл жерде нақты есептелген жылу өткізу кедергісі R, талап бойынша көрсетілген кедергіден кем болуы тиіс. Яғни, R ≤.

Ғимараттың өндіріс цехтің немесе бөлменің қыс мезгіліне қажетті жылумен қамту ерекшілігіне байланысты талап етілген жылу кедергісі келесі өрнекпен көрсетілген.

Бір қабатты және көпқабатты бәртекті қоршау құрылымының жылулық есептеу. Жобаланатын ғимараттың өндірістік цехтың немесе бөлменің қос мезгілінде қажетті жылумен қамтылу ерекшілігіне байланысты жылу кедергісі келесі өрнекпен анықталады.

Осы шартқа байланысты алдымен талап кедергіні төменде келтірілген формуламен анықтайды:



=

t- бөлменің ішкі температурасы ҚР ҚжЕ МЕСТ 12.1-005-88

t- қоршаған қабырғаның ішкі бетінің және ішкі ауаның нормативті температурасы ҚР ҚЖжЕ ІІ – 3-79

n – қоршаған құрылыстың сыртқы бетінің сыртқы ауамен қатынасына тәуелді коэффициент

 – қоршау құрылымының ішкі бетінің жылу қамту коэффициент. ҚР ҚНжЕ ІІ -3. 79. Қабырғалар е, едендер, қабырғалар биіктігі мен қырларының биіктігі қатынастары (һ/а болғанда 

 - қоршау құрылымының ішкі бөліктің және ішкі ауаның арасындағы нормативтілік температуралық түсім

ЖМТГ (ГСОП) жылыту маусымының тәуліктік градусы

Үлгі есептеу:ЖМТГ(ГСОП) = ( 16 – (-5,2)·203 = 4558 гр/тәул

ҚНжЕ кестеден интерполяция әдісі арқылы анықтаймыз:

4000 гр/тәул – 2,5 Вт/(м2*0с); 6000 гр/тәул – 4000 = 2000 0,5/2000= 0,00025

6000 гр/тәул – 3 Вт/(м2*0с); 3 – 2,5 = 0,5

4558 гр/тәул – 4000 гр/тәул = 558 гр/тәул

558 * 0,00025 + 2,5 = 2,6395 Вт/(м2*0с); R0эн = 2,6395 Вт/(м2*0с);

2,6395 > 0,46 шарт орындалды



кесте.Таңдау бойынша жобаланған үш қабаттан тұратын қабырға материалдарының ҚНжЕ анықтамаларынан алынған жылу техникалық көрсеткіштері



Наименование слоя

δ,м

γ, кг/м3

λ,

Вт/(м*0с)

S, Вт/(м2*0с)

R,

м2*К/Вт

D

1

Бетон ерітінді

0,05

2500

1,74

16,7

0,03

0,5

2

Газобетон



300

0,11

1,68

1,8

3,0

3

Бетон ерітінді

0,05

2500

1,74

16,7

0,03

0,5

Үшқабатты жеңілбетон қабырғаның есептік сұлбасы.


- қабырға қабаттарының көлемдік салмағы

Қабырғаның жылылағыш қабатының қалыңдығы және қабырға қабаттарының жылу беру кедергісінің нақты есептік мәні келесі шартты теңдеулер бойынша анықталады



Ro = 

=

Ro = 

мұндағы: н - сыртқы қабырға және жабынның жылу қайтару коэффициенті н=23 Вт/(мС)



 - қабырғаның жылылағыш қабатының қалыңдығы ;

 - жылылағыш қабат материалының жылу өткізгіштік коэффициенті;

 - бір немесе көп қабатты қоршау құрылымдары үшін есептеледі

Ғимаратта бөлмелік ылғалдылықты тәртібі сыртқы және ішкі ауданның көрсеткіштеріне байланысты төмендегі кесте бойынша көрсетіледі:



Ауа ылғалдылығы, (%)

Ішкі ауа температурасы

t≤12°С

12°С≤t<24°С

24°С

Құрғақ %

<60

<50

<70

Қалыпты %

60<<75

50<<60

40<<50

Ылғалды %

75<

60<<75

50<<60

Сулы %

-

>75

>60

Қабырға қабаттары материалдарының физикалық көрсеткіштері



Қабат материалдары

Тығыздығы





S



R=

1

Цементті сылақ

1800

0,8

8,65

0,01

0,0121

2

Керамзит-бетон

1000

0,3

3,95

-

-

3

Декаративті бетон

2400

1,25

12,5

0,03

0,024

кесте – төбе жабынының жылу-техникалық есебіне арналған үлгі



Қабаттың атауы

δ,м

γ,

кг/м3



λ,

Вт/(м 0С)



S

Вт/(м2 0С)



1

Қырлы плита

0,025

2500

2,04

18,95

2

Буоқшаулығыш битум мастика

0,003

1400

0,27

6,80

3

Жылытқыш пенополистерол

Х 0,14

150

0,06

0,99

4

Цемент-құмды тартпа

0,05

1800

0,93

11,09

5

Суоқшаулағыш 3 қабат рубероид

0,009

600

0,17

3,53

Ғимараттың көлденең кескіні

Бойлық және көлденең кескіндер ғимарат жайғасымына сәйкес сызылады (біріншінің қабаттың жайғасымда 1-1 және 2-2 қима кесіндер көрсетілуі тиіс.

Сызба жұмысы координациялық торы орналастырудан басталады. Кескін сызбасының шетінен сырт жағында 15-20мм қашықтықта тік сызықтың өлшемдері ( шығыңқы іргетас, терезе және есік ойықтары , төбе жабынның биіктігі жазылады). Кескін сызбаның ішкі жағына әрбір қабаттың еден деңгейіннің сандық белгілері жазылады.

Қиманың астыңғы жағына бірінші және сыртқы деп аталатын ені горизонталь сызық көрсетіледі. Мұнда сырқы және ішкі капиталды қабырғалардың немесе жеке тіреу бағандардың осьтік арақашықтықтары жазылады. Екінші горизонталь өлшемдік сызықта жайғасымда көрсетілгенге сәйкес маркалары және таңбалары бар аралық өлшемдер қойылады. Кескін сызбада қабылданған барлық құрылымдық өлшемдер айқын көрсетілуі тиіс.

Жертөресіз ғимараттардың кескіндерінде іргетас аралықтары немесе таспалы іргетастыың жоғарғы бөлігі ғана сызылады, одан төменгі топырақ құрылымдық элементтер көрсетілмейді.

Ғимараттың көлденең кескіні жоспарда белгіленген қимасызық бойымен тік бағыттағы көлемдік жобалау өлшемдерін анықтайды. Ғимараттың көлденең қимасы 1:200 масштабпен сызылады. Бастапқы мәліметтерде берілген крандардың жүк көтеру қуаты және ғимараттың аралық өлшемдеріне байланысты бағандардың биіктіктері құрылымдық өлшемдері таңдалады. Сонымен қатар арқалықтар мен фермалардың түрлері, құрылымдық өлшемдері ҚР ҚНжЕ құжатттарынан және белгіленген оқулықтардағы анықтамалардан анықталады. Алдымен бағандардың биіктіктері және өлшемдері қабылданғаннан кейін краснасты арқалықтардың биіктігі белгіленеді және арқалық, ферма үстінде орналасын темірбетон тақталары жабын қабаттардың толық тізбесі реттілік бойынша көрсетіледі. Қабырға панельдері және терезе панельдерінің және жарықтандыру,желдету фонарлардың биіктігі стандартты өлшемдерден алынады. Көлденең қима кескінде крандардың ұзындығы ені өлшемдері анықтамалық мәліметтерден алынады. Қабырға және баған араларындағы қос баған және қос іргетас орналасатын орындарда ось аралық өлшемдер байлау ережелерінің өлшемдерінен белгіленеді.

Ғимараттың аралық биіктіктерінің түсімі 3,2м –ден асса қос ось аралық өлшемдерімен көрсетіледі. Жобада темір- бетонды қырлы жабындар қолданылған. Олардың өлшемдері 6х12м болатын темірбетонды рамалар жобады қолданылады.

сурет Көпір крандардың көпір асты жол осьтерін шоғырландыру осьтерімен байлау өлшемдері.



а )— жүк көтеру қуаты 50 т-ға дейінгі крандарда;

б) — жүк көтеру қуаты 50 т-дан жоғары крандарда;



в) — кран асты жолдарының бойлық өткінін құру кезінде

кесте Кранның көтеру қуатына байлыланысты бағанаралық өлшемдер және аралық биіктіктрді таңдау кестесі



Ғимараттардың түрлері

Аралық

өлшем,(м)



Бөлменің биіктігі (м)

3,6

6,0

7,2

8,4

9,6

10,8

12,6

14,4

16,2

18,0

Крансыз және жүк көтеру қуаты 5т-ға дейін аспалы краны бар ғимарат

6

+

+

























9

+

+

























12

+

+

+

+

+
















18




+

+

+

+

+

+










24




+

+

+

+

+

+

+







30




+

+

+

+

+

+

+

+

+

36







+

+

+

+

+

+

+

+

көтеру қуаты 50т-ға дейін электр,көпір краны бар ғимарат

18










+

+

+

+

+







24










+

+

+

+

+

+

+

30
















+

+

+

+

+

36
















+

+

+

+

+

көтеру қуаты 20т-ға дейін қолмен басқарылатын көпір краны бар, бір аралықты ғимарат

9




+

+

+



















12




+

+

+

+
















18




+

+

+

+
















Көпір крандардың көтеру қуатына және аралық өлшемдеріне байланысты аралық биіктіктері.

Электр көпір крандары бар ғимараттар

Қолмен басқарылатын көпір крандары бар ғимараттар

Көтеру қуаты,(Т)

Аралық биіктігі(м)

Көтеру қуаты,(Т)

Аралық биіктігі(м)

10

8,4; 9,6; 10,8; 12,6; 14,4,,

3,2 , , ,

6,0; 7,2; 8,4;

20

9,6; 10,8; 12,6; 14,4 , ,

5

6,0; 7,2; 8,4;

30

12,6; 14,4; 16,2; 18,0

8

6,0; 7,2; 8,4;

50

12,6; 14,4; 16,2; 18,0

12,5 , , , ,

7,2; 8,4; 9,6;

Ғимараттың бойлық кескіні

Бойлық кескін жайғасымда көрсетілген қима сызық бойынша 1:400 масштабымен сызылады. Бойлық кескінде ғимараттың бойлық бағыттағы құрылымдық өлшемдерінің биіктігі бойынша көлемдік жобалау шешімдері көрсетіледі. Мұнда көтеруші ферма арқалық аралық өлшемдері жабын панельдерінің ұзындықтары ортаңғы және шеткі бағандарының биіктігі бойынша құрылымдық өлшемдері, кранасты арқалықты аралықтың ұзындығы, және ғимарат қаңқасының орнықтылығын қамтамасыз етуге арналған шеткі және ортаңғы байлаубиіктіктері көрсетіледі. Сызбаның шеткі жағына еден деңгейі және биіктігі бойынша іргетасты арқалықтың және жабын арқалықтарының орналасу деңгейлері көрсетіледі.

Ұсынылған жобадағы бойлық кескін бойынша көрсетілген құрылымдық элементтердің өлшемдері:

Жабын тақтасының ұзындығы - м, қалындығы – мм.

Кранасты арқалығының жалпы ұзындығы – 6м, кранасты арқалықтың биіктігі – 0,8м.

Ғимараттың қасбеті

Бұл жобаланған ғимараттың сыртқы беттік көрінісі 1:200 масштабпен сызылады. Бұл бойлық немесе көлденең бағыттағы көріністер болув мүмкін. Мұнда ғимараттын сыртқы горизонталь және тік бағыттағы барлық мәліметтері (қабырға, терезе, есік жабын айқын көрсетілетін көркем – сәулеттік ерекшіліктерімен толықтырылады. Қабырға панельдері, терезе, есік, бакон ойықтарының орналасу деңгейлері сызбаның шеткі жағына белгіленеді. Қасбетті сызбада ғимараттың жер бетінен төменгі бөлігі көрсетіледі.

Ұсынылған жобадағы қасбеттік өлшемдері қасбеттік өлшемдер: қасбет ұзындығы – 1 ден 19 – ға дейінгі ось аралық өткіндер. Ғимараттың жалпы биіктігі - 13,8м, терезе биіктігі – 2,4м, ал ұзындығы – 3м деп стандарт бойынша қабылданды. Сыртқы панельдер биітігі бойынша 2,4м өлшемімен және 1,8 панель қабылданды.

Іргетастар


  1. Іргетастар жайғасымдағы көтеруші және өзі көтеретін қабырғалардың қатты қабырғалардың жертөле қабырғаларының бағандардың астындағы іргетас блоктарының жастықшаларының орналасуы үзік сызықтармен көрсетіледі. Барлық құрылымдық элементтерге маркалар қойылады және блок жастықшалардың модульдік шоғырландырушы осьтермен байлау құрылымдық өлшемдері көрсетіледі. Сызбаның ішкі жағына іргетас табанының деңгейі көрсетіледі. Оны тағайындау кезінде қабырғадан , бағаннан түсетін түсетін жүктемелер, ғимарат қабаттарының саны, тік көтеруші құрылымдарының қадам өлшемдері есепке алынады.

  2. Қадалы іргетастарда ростверк жіңішке контур сызықтармен көрсетіледі қадалардың орналасуы үзілген сызықтармен белгіленеді. Сызба суретте қада аралық қашықтықтар роствергтің координациялық оське байлауды көрсетеді.

3.Стакан түріндегі іргетастар. Темір бетон баған және іргетас арқылы астындағы стакан түріндегі іргетастарды сызғанда координациялық осьтерге байлау өлшемдері және іргетастың ену тереңдігі,стандарттық өлшемдері көрсетіледі

Аражабын және жабын

Аражабын жайғасымда құрама арқалық элементтердің, көлемдердің орналасу сұлбалары көтеруші қоршау шы және қатты қабырғалардың шектеулік аражабындар астындағы тік көтеруші құрылымдардың қырлары үзік сызықтармен көрсетіледі.

Сонымен бірге жабынның және аражабынның орналасу жоспарында бакондардың лоджий немесе эркерлердің сәулеттік жобалау шешімдеріне сәйкес құрылымдық шешімдері көрсетіледі. Аражабын элементтерінің сыртқы қабырғалармен анкерлік байлау элементтері көрсетілуі желдеткін блоктар өтетін орындарын ерекше бөлінеді және онда сақтау орын қарастырылады.

Түйіндер және детальдар

Құрылымдық детальдар: біріктіру детальдарын (бағанаралық бағандарды бөлмеарқалармен біріктіру бекіту) детальдар қабырға панельдерін тік және горизонталь түйілістері .

Арақабырғаладың қабырғалармен және аражабындармен түйіністері карниз блоктарының бекіністері төбе детальдары, баспалдақтың құрылымдық детальдары. Детальдармен түсіндірмелермен қамтамасыз етілуі тиіс.

Жобалық сызбада құрылымдық элементтердәң біріктіру жүйілістерін бөліністерін жалғанатын тараптарды температуралық және деформациялық тіліктерді қабаттық құрылымдардың араласуын өлшемдерін үлкейтіп анықтау мақсатында нұсқаған, көрсетілген нүктелерден 3 немесе одан көп түйіндер мен детальдық сызбалар көрсетіледі. Түйіндер және детальдарды сызғанда 1:10, 1:20 үлкейтілген масштабтар қолданылады.

Ұсынылған жобада : сыртқы қабырға мен жабын түйістерінің, сыртқы қабырға мен іргетас түйіндерінің баған және ферма түйіндерінің сызбалары көрсетілген. Мұндағы өлшемдер, құрылыс нормалары және ережелеріндегі стандарттық көрсеткіштерін алынған.

Жобада көрсетілген түйіндер: бағанның жабынға тірелгенін көрсетілген, қабырға мен қырлы жабынның тірелгені және төселген қабаттар, қоставр мен кранның детальмен қосылып тұрғаны көрсетілген және іргетастың жер асты тереңдікте орналасуы көрсетілген.





Қабырға панелдерін бағанға бекіту деталдары:
а) — екі бұрыштама арқылы; б) —иілімді анкер және фиксатор пластинкамен; в )— жасырын ілгек

және скобамен; / —қабырға панелі; 2 — бұрыштамалар 125X14 мм, ұзындығы100 мм; 3— баған ;

4 — герметикалық мастик; 5 —серпінді тығыздағыш ; 6 — стержень диаметрі 14 және

ұзындығы 200 мм; 7 — пластинка 100X50X6 мм; 8 — пластинка ілгек 80X55X14 мм; 9 — стержень

диамет­рі 14 және ұзындығы 100 мм; 10 — пластинк қапсырмасы ( скоба) 120X34X12 мм







Аспалы панелді қабырғаның детальі :

кран астындағы арқалық ;





Әкімшілік тұрмыстық ғимараттың үлгіесебі
Киім ілгіш: Ерлерге – 320 Әйелдерге – 80

Душ 1 кабинаға 15/12 адам: Ерлерге – 21 Әйелдерге – 7

10 адамға 1 қол жуғыш: Ерлерге – 32 Әйелдерге – 8

50/40 адамға 1 аяқ жуғыш: Ерлерге – 7 Әйелдерге – 2

18/7 адамға 1 дәретхана: Ерлерге – 18 Әйелдерге – 12

Қоғамдық тамақтану бөлмесі 4 адамға 1 орын. Жұмысшылардың 60% асханада, 20% буфетте, 10% үйден әкеліп тамақтанса, 10% демалыста немесе әр түрлі себептермен болмайды деп жоспарлаймыз.







Әдебиеттер:

1. Шершевский.ИА. Конструрирование промышленных зданий сооружений.-Москва.:Архитектура-с,2010.-315с

2.Дятков С.В.,.Михеев А.И Архитектура промышленных зданий. -М.:АСВ.2010.-582 с.

3.Ахдам Гиясов. «Конструирование гражданских зданий.» Москва.2004 ,-410 с.

4. Дятков С.В. Архитектура промышленных зданий. -М.:Транспорт, 1981-352с.

5.Казбек-Казиев З.А. «Архитектурные конструкции.»Москва. 2009 г.



Қосымша

1. Шубин Л.Ф. «Архитектура гражданских и промышленных зданий. Том V. Промышленные здания», М, Стройиздат, 1977 г.

2. СНиП 23.01 – 99 Строительная климатология М., 1999.

3. СНиП 31.03 – 2001. Производственные здания. М., 2001.


3. СНиП 2-3-79. Строительная теплотехника. М., 1986.

4.Конструкции гражданских зданий. Под редакцией Т. Г. Маклаковой.- М.: Стройиздат, 1986.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет