Әдiстемелiк ұсыныстар титулдік парағы



Дата20.06.2016
өлшемі121.73 Kb.
#149215

Әдiстемелiк ұсыныстар

титулдік парағы





Форма

Ф СО ПГУ 7.18.2/07



Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Металлургия кафедрасы

«Асыл металдар металлургиясы» пәні бойынша

050709 «Металлургия» мамандығының студенттеріне арналған

пәнді оқыту бойынша



ӘДIСТЕМЕЛIК ҰСЫНЫСТАР

Павлодар



Әдiстемелiк ұсыныстар

бекіту парағы






Форма

Ф СО ПГУ 7.18.2/11


БЕКІТЕМІН


ММжКФ деканы

___________Т.Т.Тоқтағанов

(қолы)

«___»________20___ж


Құрастырушы: аға оқытушы Байділдаева Г.Б.


Металлургия кафедрасы



ӘДIСТЕМЕЛIК ҰСЫНЫСТАР



«Асыл металдар металлургиясы» пәні бойынша

050709 «Металлургия» мамандығының студенттеріне арналған


Кафедра отырысында ұсынылған «__» _______ 200_ ж., №__ хаттама


Кафедра меңгерушісі __________ М.М. Сүйіндіков

Металлургия, машина жасау және көлік факультетінің оқу-әдістемелік кеңесінде мақұлданған


«__»________200_ж. №___ хаттама

ОӘК төрағасы ____________ Ж. Е. Ахметов

Мазмұны

1 Кіріспе 4



2 Пәннің тақырыптық жоспары 5

3 Бақылау сұрақтары 9

Әдебиет 11

1 Кіріспе
Университетте студенттердің оқуы оқу кредиттік жүйемен жүзеге асады, мұнда пәнді меңгеруі бойынша ауғымды өздік жұмыс көлемімен түсіндіріледі.

Пәнді меңгеру бойынша студенттің жұмысына, келесі түрдегі жұмыстар кіреді:

- дәріс, тәжірибелік және зертханалық сабақтарына дайындықтар;

- дәріс, зертханалық, тәжірибелік сабақтарын және СӨЖМ-ге қатысуы;

кредиттік жүйемен оқытудың ерекшеліктерінің бірі студент өтетін сабақтың (дәріс, тәжірибелік және зертханалық) тақырыбы бойынша материалдарды меңгеріп және дайындалып келуі тиіс.

Оқытушы студентке келесі материалдарды береді: СПБ, дәріс, зертханалық, тәжірибелік сабақтарына дайындауға арналған әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулықтар, әрбір сабақта СӨЖМ және СӨЖ сұрақтары бойынша білім деңгейі сараланып отырады.

Студент бұл материалдарды қолдану, алдын ала материалдарды меңгеру арқылы сабақтың тиімді және жақсы өтуіне себепкер.

Дәріске дайындық бойынша әдістемелік нұсқаулық пәннің негізгі әдебиетін оқу графигімен ауыстырылуы мүмкін, онда қажетті материал көлемі көрсетіледі және әрбір дәріс сабағы алдында оқылуы тиісті.

Дәріс сабақтары тақырыптың қиын және қызықты сұрақтары бойынша оқытушымен студенттің диалогы түрінде өтуі мүмкін, оқыту тиімділігі және меңгеру материалының көлемі артады.

Студент СПБ –те сабақтың өту графигімен таныса алады.



2 Пәннің тақырыптық жоспары

1 тақырып. Кіріспе.

Асыл металдарды өндіру және пайдаланудьщ өсіп-жетілу тарихы бойынша қысқаша мағлұмат. Қазақстандағы, ТМД және алыс шетелдердегі асыл металдар кен орны орналаскан өңірлер. Казақстанның сыртқы экономикалық байланыс саласындағы алтынның валюталық металл ретінде ерекше ролі.



2 тақырып. Алтын кеніштері және кен тұрлері. Тау жынысты кендерді байытуға дайындау және алтынды бөліп алу әдістері.

Кендік және шашыранды кеніштер. Тау жынысты кендерді байытуға дайындау және алтынды бөліп алу әдістері.



3 тақырып. Гравитациялық байыту әдістері.

Шөктiру машиналарда, барабанды концентраторларда, қысқа конусты гидроциклондарда байыту: аппараттардың құрылымы, технологиялық көрсеткіштері, артықшылығы мен кемшіліктері.



4 тақырып. Циандау.

Циандау процесінің теориялық негізі. Циандау. Өндірістік жағдайда алтынды бөліп алу дәрежесін жоғарылатуда және жылдамдатуда әсерін тигізетін факторлар: пульпа тығыздығы, циан концентрациясы, ауалауды қарқындату.



5 тақырып. Циан ерітінділерінен асыл металдарды бөліп алу.

Бөліп алу әдістері. Алтын және күмісті мырышпен цементациялау процесінің теориялық негізі. Алтынды ион алмастыру әдісімен бөлу. Алтынды оның ерітіндісінен және пульпадан ион алмастырғыш шайырларда сорбциялау.



6 тақырып. Амальгамация.

Жалпы түсініктер. Тарихи анықтама. Амальгамация процесінің түпкі мағынасы. Ішкі және сыртқы амальгамация.



7 тақырып. Асыл металдардың аффинажы.

Шикізат және оны аффинажға дайындау. Қабылдаушы балқыту. Аффинажды хлорлау әдісі.



8 тақырып. Алтынды өндеу кәсіпорындарындағы ағынды суларды тазарту және қалдықтарды зиянсыздандыру шаралары.

Асыл металдар шоғырланған өнімдер, оларды өндеу әдістері, қолданылатын кұрал-жабдықтар.



2.1 Тәжірибелік сабақтарының мазмұны

4 тақырып. Циандау.

1,2 сабақ. Құрамында еркін алтыны бар кенді сорбциялық қайта өңдеу сұлбасын зерттеу.

3,4 сабақ. Алтын-күмісті кенді қайта өңдеу кезіндегі АМ-2Б шайырының регенерациялану сұлбасын зерттеу.
7 тақырып. Асыл металдардың аффинажы.

5,6 сабақ. Алтынды электролитті тазартудың технологиялық сұлбасын зерттеу.

7,8 сабақ. Күмісті электролиздеу арқылы анодты қайта өңдеудің технологиялық сұлбасын зерттеу.
2.2 СОӨЖ мазмұны

1 тақырып. Кіріспе.

1 сабақ. Алтынның, күмістің физикалық және химиялық қасиеттері.

Ұсынылатын әдебиеттер: [4], 88-116 б.; [6], 277-278 б.



2 тақырып. Алтын кеніштері және кен тұрлері. Тау жынысты кендерді байытуға дайындау және алтынды бөліп алу әдістері.

2 сабақ. Өндірістік маңызы бар алтын кеніштерінің генетикалық түрлері. Гидротермиялық кеніштер. Пайда болу ерекшеліктері, минералдық құрамы, кеннің негізгі-түрлері. Экзогендік кеніштер. Алтынның гидротермалдық және экзогендік кеніштердегі пішіндері. Алтынның қосалқы минералдары.

Ұсынылатын әдебиеттер: [4], 117-124 б.



3 сабақ. Алтын мен күмістің өндірістік кен түрлері. Табиғи алтын мен күмістің сипаттамасы.

Ұсынылатын әдебиеттер: [4], 148-160 б.



4 сабақ. Алтынды бөліп алу әдістері және олардың қысқаша мәліметтері. Алтын байыту фабрикаларының сұлбаларындағы кенсұрыптау: қолмен, радиометриялық, фотометриялық, кен дайындау процестеріндегі алтынды ажырату.

Ұсынылатын әдебиеттер: [4], 117-119 б.



3 тақырып. Гравитациялық байыту әдістері.

5 сабақ. Ұнтақтау цикындағы бос алтын түйіршіктерінің болмасының ерекшеліктері. Гравитациялық әдістердің ролі және оларды қолданудың шарттары.

Ұсынылатын әдебиеттер: [4], 199-211 б.



4 тақырып. Циандау.

6 сабақ. Чанды перколяционды циандау.

Ұсынылатын әдебиеттер: [4], 250-252 б.

Агитациялық циандау. Цианды қойытпақтарды қойылату мен сүзгілеу.

Ұсынылатын әдебиеттер: [4], 264-271 б.



7 сабақ. Алтын мен күмісті топтап сілтілеу.

Ұсынылатын әдебиеттер: [4], 253-264 б.; [12], 385-392 б.



5 тақырып. Циан ерітінділерінен асыл металдарды бөліп алу.

8 сабақ. Цементация үрдістің термодинамикасы және электрохимиялық табиғат.

Ұсынылатын әдебиеттер: [4], 273-277 б.; [12], 298-300 б.



8 сабақ. Алтын мен күмістің ионалмастырушылармен сорбциясы.

Ұсынылатын әдебиеттер: [4], 278-293 б.

10 сабақ. Белсенді көміртектермен алтынды сорбциялаудың тәжірибесі.

Ұсынылатын әдебиеттер: [4], 324-342 б.

11 сабақ. Амальгамация.

Амальгамация.

Ұсынылатын әдебиеттер: [4], 280-283 б.

7 тақырып. Асыл металдардың аффинажы.

12 сабақ. Алтын аффинажы.

Ұсынылатын әдебиеттер: [4], 134-139 б.

13 сабақ. Күміс аффинажы.

Ұсынылатын әдебиеттер: [4], 150-159 б.; [12], 308-309 б.

8 тақырып. Алтынды өндеу кәсіпорындарындағы ағынды суларды тазарту және қалдықтарды зиянсыздандыру шаралары.

14,15 сабақ. Асыл металдарды жолай бөліп алу әдістері.

Ұсынылатын әдебиеттер: [4], 350-367 б.



2.3 Студенттерге өз бетінше меңгеру үшін ұсынылатын тақырыптар

1 тақырып. Кіріспе.

1 тапсырма. Газдар мен ағынды суларды тазалау.

Ұсынылатын әдебиеттер: [3], 159-163 б.



2 тақырып. Алтын кеніштері және кен тұрлері. Тау жынысты кендерді байытуға дайындау және алтынды бөліп алу әдістері.

2 тапсырма. Алтын мен күмістің шикізаттық базасының жағдайы.

Ұсынылатын әдебиеттер: [3], 124-148 б.



4 тақырып. Циандау.

3 тапсырма. Циандау үрдісінің термодинамикасы. Айналмалы диск әдісімен циандау үрдісінің кинетикасын зерттеу.

Ұсынылатын әдебиеттер: [3], 231-237 б.; [11], 283-294, 300-305 б.



4 тапсырма. Қатты кендерді қайта өңдеу кезінде циандау үрдісінің кинетикасын зерттеу.

Ұсынылатын әдебиеттер: [3], 416-423 б.; [11], 305-308 б.



5 тақырып. Циан ерітінділерінен асыл металдарды бөліп алу.

5 тапсырма. Белсенді көміртектер мен ион алмастырушы шайырларды салыстыру.

Ұсынылатын әдебиеттер: [3], 342-346 б.



6 тапсырма. Алтын мен күмісті белсенді көміртектермен сорбциялау теориясы.

Ұсынылатын әдебиеттер: [3], 295-324 б.



7 тақырып. Асыл мелдардың аффинажы.

7 тапсырма. Шет елдердің тәжірибесі.

Ұсынылатын әдебиеттер: [3], 140-150 б.



3 Бақылау сұрақтары


  1. Алтын мен күмістің ортақ сипаттамасы және оларды пайдалану.

  2. Алтынның химиялық қасиеттері.

  3. Күмістің химиялық қасиеттері.

  4. Руданың (кеннің) түрлері мен кен орындары.

  5. Алтынның минералдары.

  6. Күмістің минералдары.

  7. Алтынды бөліп алу әдістері және оның қысқаша сипаттамасы.

  8. Алтын мен күмісті өндіру үшін кенді дайындау.

  9. Алтынды бөліп алу фабрикаларында алтынды сорттау.

  10. Ұнтақтау түрлері және оның артықшылықтары.

  11. Кенді дайындаудың негізгі сұлбалары.

  12. Байытудың гравитациялық әдістері.

  13. Шөктіру машинасында байфту (құралғы,құрылымы, артықшылығы жәек кемшілігі).

  14. Барабанды концентратта байыту (құралғы,құрылымы, артықшылығы жәек кемшілігі).

  15. Қысқаконусты гидроциклонды байыту (құралғы,құрылымы, артықшылығы жәек кемшілігі).

  16. Шлюзда байыту және концентрациондық үстелде байыту (құралғы,құрылымы, артықшылығы жәек кемшілігі).

  17. Амальгамация үрдісінің теориялық негізі.

  18. Амальгамация түрлері.

  19. Амальгамацияға керекті құрылғылар.

  20. Амальгамацияны өңдеудің әдістері.

  21. Асыл металл кендерінің флотациясы.

  22. Фотореагенттері және әрекеттері.

  23. Шашыранды кенорындарын байыту.

  24. Шашыранды кенорындарының түрлері.

  25. Шашырандыларды өңдеудің негізгі үрдісі.

  26. Шашырандыларды өңдеудің негізгі жабдықтары.

  27. Циандау үрдісінің мәні.

  28. Ерітілген алтын мен күмістің химизмі.

  29. Алтынды ерітудің механизмі.

  30. Циандау кезіндегі ерітілген алтын мен күмістің жылдамдығына факторлардың әсері.

  31. Сілтілеудің агитациондық технологиясы.

  32. Циандау кезінде қолднылатын жабдықтар.

  33. Циандық ерітінділерде асыл металдардың бөлінуі.

  34. Алтын мен цинктің цементациялық үрдісінің теориялық негізі.

  35. Циандаудың механикалық құрылғысы.

  36. Қойыртпақтың пневмомеханикалық құрылғысы.

  37. Қойыртпақтың пневмотикалық құрылғысы.

  38. Қоюландыру, үрдістің интенсификациясы,құрылғы.

  39. Фильтрация, құрылғы.

  40. Шаю,құрылғы.

  41. Цементация үрдісінің интенсификациясы.

  42. Алтынды ион алмасу әдісімен бөліп алу.

  43. Сорбцияның химизмі және механизмі.

  44. Сорбциялық үрдістерге арналған құрылғы.

  45. Ионит регенерациясы.

  46. Тиомочевидті ерітіндіде алтынды тұндыру.

  47. Активті (белсенді) көмірмен сорбциялау.

  48. Жылтырлатылған ерітіндіде активті (белсенді) көмірмен асыл металдарды сорбциялау.

  49. Қойыртпақтағы асыл асыл металдарды активті (белсенді) көмірмен сорбциялау.

  50. Алтынды бөліп алу фабрикаларында ағызылған суды тазарту.

  51. Сынап және цианидпен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасы.

  52. Гравитациялық концентраттан алтынды бөліп алу.

  53. Флотационды концентраттан алтынды бөліп алу.

  54. Үймелі сілтілеу.

  55. Асыл металдар аффинажы.

  56. Аффинажға дайындау.

  57. Аффинаждың хлорлық әдісі.

  58. Алтынның электролиттік тазарту

  59. Күмістің электролиттік тазарту

  60. Аффинаждың қыщқылдық әдісі.

  61. Цианитті тұнбаны өңдеп алу.

  62. Ион алмасу.

4 Әдебиеттер
1 Байділдаева Г.Б. Асыл металдар металлургиясы: зертханалық сабақтарына арналған әдістемелік нұсқаулықтар / құраст. Г.Б. Байділдаева, З.Б. Каршигина, А.Ж. Таскарина. – Павлодар: С. Торайғыров атындағы ПМУ, 2008. – 16 б.

2 Байдильдаева Г.Б. Металлургия благородных металлов. Методические указания к лабораторным работам для студентов металлургических специальностей / сост. Г.Б. Байдильдаева, З.Б. Каршигина, А.Ж. Таскарина. – Павлодар: ПГУ им. С. Торайгырова, 2006. – 16 с.

3 Воскобойников В.Г. Общая металлургия [Текст]: Учебник для вузов. 6-е изд., перераб. и доп. / В.Г. Воскобойников, В.А. Кудрин, А.М. Якушев. – М. : ИКЦ «Академкнига», 2005. – 768 с.

4 Котляр Ю.А. Металлургия благородных металлов. Учебник в 2-х томах / Ю.А. Котляр, М.А. Меретуков, А.С. Стрижко. – М. : МИСиС «Руда и металлы», 2005. – 432 с.

5 Муканов Д. Металлургия Казахстана: состояние, инновационный потенциал, тренд развития. – Алматы, 2005. – 290 с.

6 Уткин Н.И. Производство цветных металлов. – 2-е изд. – М. :Интермет Инжиниринг, 2004. – 442 с.

7 Баргенков В.В. Основы сорбционной технологии извлечения золота и серебра из руд. – М. : Металлургия, 1982.

8 Меретуков М.А. Процессы жидкостной экстракции и ионообменной сорбции в цветной металлургии. – М. : Металлургия, 1978.

9 Меретуков М.А. Металлургия благородных металлов. Зарубежный опыт / М.А. Меретуков, A.M. Орлов. – М. : Металлургия, 1991.

10 Милованов Л.В. Методы химической очистки сточных вод / Л.В. Милованов, Б.П. Краснов. – М. : Недра, 1967.

11 Плаксин И.Н. Металлургия благородных металлов. – М. : Металлургия, 1975.

12 Севрюков Н.Н. Общая металлургия / Н.Н. Севрюков, Б.А. Кузьмин, Е.В. Челищев. – М. : Металлургия, 1976. – 568 с.



13 Чугаев Л.В. Металлургия благородных металлов под. ред. Л.В.Чугаева. Учебник для вузов. 2-е изд. перераб. и доп. / Л.В. Чугаев, И.Н. Масленицкий, В.Ф. Борбат. – М. : Металлургия, 1987. – 432 с.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет