Vol. 1, No. 1 - Januar 2023
16
1) ұғымдық психикалық құрылымдардың жүйесінің құрушы рөлі;
2) үй жағдайында бақылау немесе эксперимент процесінде білім алушылар
орындайтын
эксперименттік
тапсырмаларды
орындаудың
жалпылама
тәсілдерін
қалыптастыруға екпін;
3) тапсырмалар кешенінен үй жағдайында бақылау немесе эксперимент
процесінде білім алушылар орындайтын эксперименттік тапсырмаларды жүйелі
пайдалану.
Әдістеме келесі іс-әрекеттердің реттілігін қамтиды:
Физикалық білімнің негізгі элементтерін бөліп көрсету (ұғымдар, заңдар,
қағидаттар);
Білім алушылардың үй жағдайында бақылау немесе экспериментті
орындау кезінде қалыптасатын базалық іскерліктер жиынтығын негізінде
тапсырмаларды құрастыру;
Физика курсының бір тақырыптық бөлімін пайдалана отырып,
оқушылардың үй жағдайында бақылау немесе эксперимент барысында
орындайтын тапсырмаларды таңдау (құрастыру).
Орта мектепте физиканы оқыту процесінде үй жағдайында бақылау немесе
эксперимент бойынша білім алушылардың іс-әрекеттілігін ұйымдастыруға
арналған эксперименттік тапсырмалар мысалдарын келтіреміз.
Физиканы оқыту кезінде үй жағдайында бақылау немесе эксперимент
ұйымдастыру
үшін
білім
алушыларға
ұсынылатын
эксперименттік
тапсырмалар
кешенін
пайдаланудың
әдістемелік
жүйесінің
негізгі
құраушыларын кешенінің тапсырмаларын қолдану кезеңдеріне сәйкес келесі
блоктар түрінде бөліп көрсетеміз (1-кесте).
Бұл әдістемелік жүйені енгізу барысында оқыту процесін дұрыс
ұйымдастыру үшін бірқатар жалпы педагогикалық шарттарды сақтау қажет.
Бірінші және басты шарт - оқушылардың оқуға деген ынтасын тәрбиелеу.
Алғашқы сабақтардан бастап танымдық қызығушылықты және оқытудың
уәждемесін дамытуға бағытталған жағдайлар жасау,
оқушыларға ғылыми
таным әдістерін не үшін меңгеру керектігін түсіндіру, оларды өз бетінше іздеу
мен зерттеуге бағыттау қажет.
Екінші шарт, оқушыларды жаңа нәрсеге үйреткен кезде, онда ол әрдайым
тиісті дайындықта болуы тиіс, яғни баланың өзекті дамуының жаңа деңгейі
«оның жақын даму аймағында» жатуы тиіс.
Үшінші шарт - оқушыны оқумен асыра жүктеуге болмайды, жаңа білімді
меңгеру қабілеттілігі өз шектеріне ие болады, тапсырмалардың күрделілік және
мөлшері дәрежесіне жеке көзқарас қажет.
Төртінші шарт - оқыту жүргізілетін нақты бағдарламаны әзірлеу қажет.
Бесінші шарт келесідей. Сәтті оқыту үшін мұғалім мен оқушы арасындағы
жақсы, достық
қарым-қатынас болуы тиіс, сонымен қатар мұғалім
оқушылардың бағдарламаны табысты меңгеруіне өзі мүдделі болуы тиіс.
Qazaq
Journal of Young Scientist
17
1-кесте. Эксперименттік тапсырмалар кешенін пайдаланудың әдістемелік
жүйесі
Достарыңызбен бөлісу: