Әдістемесі айтбаева Ж. М


I кезең – ұйымдастырушылық - дайындық  1  2  3  4  Блок 1



Pdf көрінісі
бет3/5
Дата18.07.2024
өлшемі0.66 Mb.
#502992
1   2   3   4   5
2 Айтбаева Ж.М

I кезең – ұйымдастырушылық - дайындық 




Блок 1: 
ұйымдастырушы
лық 
Блок 
2: 
таныстырушы 
Блок 3: 
Жаттығушы
Блок 4: 
Бақылаушы-
диагностикалық 
1) 
Мақсатты 
тұжырымдауды 
ұйымдастыру;
2) Жұмыс орнын 
дайындау;
3) 
үй 
жағдайындағы 
эксперименті үшін 
дәптерлерді 
ресімдеу 
1) үй жағдайында 
эксперименттік
жұмыстарының 
түрлерімен 
танысу (бақылау, 
үй тәжірибесі); 
2) 
бақылау, 
эксперимент және 
т.б. 
құрылымымен 
танысу;
3) 
процестерді 
сипаттау 
формаларымен 
танысу 
(мәтін, 
сурет, 
өлшеу 
кестесі, график);
4) 
логикалық 
пайымдаулар мен 
ақыл-ойдың 
тәсілдерімен 
танысу 
1) 
қарапайым 
аспаптарды 
жасауға арналған 
тапсырмалар 
(таразылар, 
динамометр);
2) 
қарапайым 
өлшеуді, 
есептеулерді 
жүргізе 
білуге 
арналған жаттығу 
тапсырмаларын 
орындау;
3) 
мұғалімнің 
тапсырмасы 
бойынша 
оның 
нұсқауларына 
сәйкес 
тәжірибелерді 
орындау 
4) 
өлшеу 
дағдылары 
мен 
іскерліктерін 
қалыптастыру 
бойынша 
зертханалық 
жұмыстар
1) 
Өлшеуіш 
іскерліктерін
тексеру бойынша 
бақылау жұмысы 
II кезең – Зерттеушілік-іске асырушы 
Блок 1: 
Жаттығушы 
(ішінара өздік) 
Блок 2: ішінара-
ізденушілік 
Блок 3: 
ізденушілік 
Блок 4: 
Бақылаушы-
диагностикалық 
1) 
мұғалімнің 
тапсырмасы 
бойынша 
оның 
1) 
эксперимент 
немесе 
мәліметтері 
1) 
мұғалімнің 
тапсырмасы 
бойынша дербес 
1) 
зерттеу 
құрылымын 
мен 
ақыл-ой 
іс-


Vol. 1, No. 1 - Januar 2023
 
 
18 
нұсқауларын 
нақты 
орындау, 
логикалық 
пікірлерді 
пысықтау, 
құбылыстарды 
талдауда 
жаттықтыру;
2) нақты тәртіп 
бойынша, 
бірақ 
нәтижелері 
болжанбайтын 
эксперименттерді 
орындау.
жетіспейтін
зерттеу жүргізу;
2) оқушылармен
вариативті және 
жеке 
тапсырмаларды 
таңдауы.
зерттеулер 
жүргізу;
2) өз тәжірибелері 
мен зерттеулерін 
ойлап құрастыру
және жүргізу;
3) 
мұғалімнің 
алдын 
ала 
нұсқауларынсыз 
аспаптарды 
дайындау.
әрекеттілігінің 
логикалық 
тәсілдерін 
меңгеруін 
тексеруге арналған 
бақылау 
үй 
эксперименттері 
және фронтальді
зертханалық 
жұмыстар 
III кезең - Шығармашылық-жалпылаушы: 
Блок 1: зерттеушілік 
Блок 2: Бақылаушы-
диагностикалық 
1) 
физика 
курсының 
тақырыптары 
бойынша жалпылама сабақтарға арналған 
топтық тапсырмалар;
2) 
зерттеу 
сипатындағы 
жеке 
шығармашылық тапсырмалар. 
1) 
эксперименттік 
сипаттағы 
қорытынды бақылау жұмысы; 
2) үйге берілетін эксперименттік 
бақылау жұмысы. 
Оқушылардың үй жағдайында эксперимент жүргізуді ұйымдастыру 
әдістемесі оқушылардың пәнге деген тұрақты және берік қызығушылықтарын 
қозуда және қолдауда болуы тиіс. Физика ғылымы мен үй тәжірибесі бірден 
оқытудың бірінші сатысында тұрақты танымдық қызығушылықтың көзі бола 
алмайды. Алғашқы қызығушылықты қалыптастыру үшін сыныпта және үйге 
берілетін қызықты тәжірибелерді жүргізу керек, бірақ тұрақты қызығушылық 
балалардың негізгі үш сабағын: ойындарды, практикалық іс-әрекеттілікті және 
ойлау іс-әрекеттілігінің тұрақты процесін қолдануды қамтамасыз ете алады. 
Эксперименттің физика ғылымында рөлі қандай болса, мектеп физикасында 
да ол сондай рөлге ие болуы қажет. Мектепте физика оқыту практикасына 
оқушылардың тұрмыстық (күнделікті) тәжірибені пайдалана отырып, 
зерттеушілік әдісті енгізуге болады және енгізу қажет.
Үйге берілетін эксперименттік тапсырмаларын келесі шарттарды сақтай 
отырып ең сәтті нәтиже береді: 
1. 
Бағдарлама 
тақырыптары 
бойынша 
тапсырмаларды 
мұқият 
ойластырылып бөлу.
2. Оқушылардың үй жұмысының басқа түрлерімен қатар жүйелі түрде 
қолдану. 


Qazaq 
Journal of Young Scientist

19 
3. Тапсырмаларды орындаудың міндеттілігі мен жете түсінуі.
4. Үй тәжірибені және бақылауды орындауды құрылымдау.
Үй жағдайындағы эксперименттер мен зертханалық жұмыстарды 
ұйымдастыру – сыныпта орындалатын жұмыстарды ұйымдастырудан келесідей 
ерекшеленеді: 
1. Оқушыларға таныс көптеген аспаптар мен құрылғыларды қолдануға 
мүмкіндік береді;
2. Фабрикалық құрал-жабдықты қажет етпейді. Барлық тәжірибелер мен 
бақылаулар үй жағдайында қолда бар құралдармен орындалады және 
мүмкіндігінше үйде қолдан жасалған қарапайым аспаптар дайындалады. 
3. Педагогтар мен ата-аналар оқушыларды қарапайым үй жағдайындағы 
физикалық зертхананы құруға ынталандырады.
Оқушыны өз зертханасын құруға ынталандырудың себептері айқын. Егер 
оқытушы эксперимент жоспарлап, кейін өзі жүргізсе, мектепте экспериментті 
жүргізуге қарағанда ол неғұрлым берік түсінігін алады. Зертхананы әрбір екі 
оқушы үшін немесе шағын топ үшін құруға болады. Үй зертханасын 
ұйымдастыру үшін оқушыларға эксперимент жүргізетін үстел, аспаптарды 
сүрту үшін сүлгі, қарапайым өлшеу аспаптары, құрал-саймандар, жабдықтарды 
сақтауға арналған жәшік (картон қорап) қажет. 
Келесілерді ескеру қажет: 
 Үйге берілетін эксперименттік есептер сыныптағы міндетті 
экспериментті алмастырмайды, тек оларды толықтырып кеңейтеді; 
 Үй жағдайындағы эксперименттік жұмыстарын жүргізуді мұғалім 
дайындап, ұйымдастыруы тиіс;
 Үй жағдайында аспаптарды құрастыру бойынша тапсырмаларға назар 
аудару керек;
 оқушылардың үй жұмысына жаңа материалды зерттеуге дайындауға, 
яғни тақырыпты алдын-ала зерттеуге, сондай-ақ материалды бекіту мен 
қайталауға арналған тапсырмаларды енгізу орынды; 
 оқу материалмен үй жағдайындағы эксперименттік жұмыстарды 
орындаудың логикалық байланысын, сондай-ақ оқушылардың эксперименттік 
сипаттағы үй тапсырмаларын орындауын бақылауды ашатын тапсырмаларды 
тұжырымдау және оқушылардың жүргізген жұмыс нәтижелерін талқылау үлкен 
рөл атқарады;
 ынталандырудың ұйымдастырушылық және эмоционалдық топтарын 
қолдану оқушылардың танымдық қызығушылығы мен ойлауын дамытуын үй 
жағдайындағы эксперименттік жұмыстарының ынталандырушы әсерін 
күшейтеді. 
Үй жағдайындағы эксперименттік жұмыстың тиімділігін арттыру үшін 
физикадан үй тәжірибелері мен бақылаулар үшін арнайы дәптерлерде 
зертханалық жұмысты жүргізу ұсынылады. Әрбір тапсырма бойынша оқу 


Vol. 1, No. 1 - Januar 2023
 
 
20 
бақылауының құрылымына немесе оқу зерттеулерінің құрылымына сәйкес 
жоспар бойынша есеп жазу қажет. 
Үй жағдайындағы эксперименттік жұмыстарды орындау тыныш жағдайда 
өтеді және сабақта болатын уақытпен шектелмейді. Әр баланың жұмысты 
аяғына дейін жеткізуге мүмкіндігі бар. Сонымен қатар, мұғалім әр оқушының 
іскерлігінің қалыптасқан деңгейін ескере отырып, «оқыту қиын, бірақ күш 
жетерлік болуы тиіс» деген қағиданы басшылыққа ала отырып, жеке 
тапсырмаларды бере алады. Бұл ретте тапсырмаларды орындауда жақсы 
ынталандырма және көмек мұғалімнің ұжымдық және жеке кеңестері болып 
табылады. 
Консультациялар жалпы және жеке болуы мүмкін. Оқушылар эксперимент 
жүргізу бойынша көмекке жүгіну үшін консультациялар қажет. Мұғалім 
міндетті түрде көмектесу керек, бірақ бұл көмекті баланың өзінің әрі қарай ой 
іс-әрекеттілігін ынталандыратындай көлемде көрсету керек, мұндай көмек 
(немесе кеңес) жеке болуы мүмкін.
Үй тапсырмаларының жалпы жүйесінде үй жағдайындағы эксперименттік 
жұмыстарының орны мен мәнін ұсыну үшін оқушы үйде белгілі бір үйлесімде 
орындайтын негізгі оқу жұмыстарының түрлерін қарастыру керек. Бұл түрлер:
1) оқулық мәтінімен жұмыс істеу; 
2) есептерді шешу;
3) эксперименттік сипаттағы тапсырмаларды орындау;
4) ғылыми-көпшілік әдебиеттерді оқу; 
5) анықтамалық әдебиетпен жұмыс істеу;
6) сыныптағы фронтальді зертханалық жұмысқа дайындық;
7) сызбаларды, сұлбаларды, суреттерді, кестелерді орындау
8) хабарламалар мен баяндамалар дайындау.
Оқу жұмысының бұл түрлері арасында белгілі бір байланыс бар. 
Оқушылардың эксперименттік үй жұмыстары барлық жұмыс түрлерімен 
байланысты. Зертханалық үй жұмыстарын орындау және тәжірибені түсіндіру 
немесе бақылау үшін оқушылар оқулыққа саналы түрде жүгінеді, анықтамалық 
әдебиеттермен жұмыс істейді, сызбаларды, кестелерді, суреттерді, графиктерді 
орындайды, кестелер мен т.б. толтырады. Эксперименттік үй жұмыстары 
оқушылардың үй тапсырмаларының барлық түрлерін орындау үшін маңызды 
ынталандырмасы болып табылады деп санауға болады. 
Бұл жұмыс түрінің орындалуына бақылауды жүзеге асырудың 
ынталандырушы маңызы зор. Эксперименттік үй жұмысы оқушылардың басқа 
жұмыстарымен қатар бағаланады. Бақылаудың үш түрін бөліп көрсетуге 
болады: ағымдық, тақырыптық, қорытынды (тоқсан, жыл ішінде).
Ағымдық тексеру оқушылардың жеке және фронтальді сұрақнама кезінде 
жүзеге асырылады. Ол әр түрлі формада жүргізілуі мүмкін: оқушылардың үй 
экспериментінің нәтижелері бойынша қорытындысын хабарлау, мұғалімнің 


Qazaq 
Journal of Young Scientist

21 
эксперименттік үй жұмысы туралы қойған сұрағына жауап беру, зертханалық 
үй жұмысын дәптерге және т.б. ресімдеуді тексеру түрінде. 
Білімдердің тақырыптық бақылауы оқу материалының белгілі бір тақырыбы 
аяқталғаннан кейін жүргізіледі. Оқушылардың эксперименттік іс-әрекеттілікті 
орындау барысында қалыптасқан білімдері мен іскерліктерін ағымдық тексеру 
нәтижелері бойынша (тоқсан бойынша) баға қойылады, бағалардың 
жинақталуы өте жоғары болады және олар тоқсандық бағаларға әсер етеді.
Сонымен, 
эксперименттік 
үй 
жұмыстары 
оқушылардың 
үй 
тапсырмаларының барлық түрлерін орындау үшін маңызды ынталандырмасы
болып табылады деп санауға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет