- Процессордың разрядтылығы.
- Сыртқы шина арқылы процессорға ақпарат түседі-мәліметтер және командалар. Бұлар арифметика логикалық құрылғыда өңделеді. Процессордың схемаларының разрядтылығы қаншалықты көп болса соншалықты ақпаратты тез өңдейді.
- Процессордың жиілігі (frequency).
- Разрядтылықтан басқа процессорда маңызды қызмет атқаратын ол тактылық жиілігі. Ол мегагерцпен есептеледі. Бір мегагерц ол секундына миллион такт болады. 100 МГц - секундына жүз миллион такт болып есептеледі. Бір тактыда процессор қандайда бір фрагментті есептейді. Сондықтан тактылық жиілік қаншалықты жоғары болса, процессор түскен мәліметтерді соншалықты тез өңдеп беретін болады.
Достарыңызбен бөлісу: |