Сыртқы саясат - мемлекеттің халықаралық қарым-қатынаста ұстанған бағыты. Ол осы мемлекеттің өз қағидаттары мен мақсаттарына сәйкес басқа мемлекеттермен жасайтын қарым-қатынастарын реттейді. Сыртқы саясаттың негізгі өзегі – ұлттық мүдде. Ол ұлттың еркін және тәуелсіз мемлекет есебінде сақталуын, өмір сүруін, сыртқы қауіптен қорғануын, ұлттық әл – ауқаттың өсуін, халықаралық аренада мемлекеттің экономикалық және саяси позициясын қорғауды қамтиды. Сыртқы саясат - мемлекеттің халықаралық қарым-қатынаста ұстанған бағыты. Ол осы мемлекеттің өз қағидаттары мен мақсаттарына сәйкес басқа мемлекеттермен жасайтын қарым-қатынастарын реттейді. Сыртқы саясаттың негізгі өзегі – ұлттық мүдде. Ол ұлттың еркін және тәуелсіз мемлекет есебінде сақталуын, өмір сүруін, сыртқы қауіптен қорғануын, ұлттық әл – ауқаттың өсуін, халықаралық аренада мемлекеттің экономикалық және саяси позициясын қорғауды қамтиды. Сыртқы саясат мемлекеттің ішкі саясатымен тығыз байланысты. Сондай-ақ, мемлекеттің географиялық жағдайы, оның стратегиялық маңызы, этнодемографиялық құрылымы, тарихи қалыптасқан дәстүрлері, жер қойнауының байлығы сияқты факторлар да оның халықаралық қауымдастықтағы беделі мен мәртебесін, сыртқы саясаттың қадау – қадау принциптерін анықтауда шешуші роль атқарады. Қазақстан Республикасы тәуелсіздік жолына түсіп, өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтыруға бағыт алғаннан бергі уақытта дүниежүзілік қоғамастықта лайықты орын алуға барынша қызмет істеп келеді. Бүгін таңда әлемнің 150 – ге жуық мемлекеті оның тәуелсіздігін танып, 100 – ден астам елмен дипломатиялық қарым – қатынас орнатты. Оның Еуропа мен Азияның түйілісіне орналасуы, табиғи тұрған байлығы, ұлан – асыр аумағы, көп ұлтты этнодемографиялық құрылымы – сыртқы саясатты анықтаудың түйінді негіздері болып табылады. Қазақстан сыртқы саясатында ТМД, АҚШ, Қытай, Батыс Европа, Түркі елдері бағытында - көпвекторлы саясатты ұстанады.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
2. Пляйс Я.А. Политология : Учебник. - М: ИНФРА-М, 2019. - 414. - ISBN 978-5-16-014758
1. Әбсаттаров, Р.Б. Саясаттану негіздері. Екі томдық [Электронный ресурс]. Т. 1: оқу құралы / Р.Б. Әбсаттаров; ҚР Білім және ғылым министрлігі- Алматы: Қарасай, 2012.- 424 б.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!
Достарыңызбен бөлісу: |