Жеңіскүл Керімқұлды жеке шақырып алып, құшақтаған жерге түсіп қалған
болар деп көшенің ортасынан нағашы-жиен екеуі жерден іздей бастайды.
Бұл кезде жұрт ошарылып қалмасын деп, тамада жігіт өзбек, орыс, қазақ ту-
ралы анекдот соқты. Дала күңгірттеніп, іңір сөніп бара жатқан кез екен. Қа-
ланың көшелері қап-қараңғы. Ресторанның алдына ілінген жалғыз шамның
жарығы бозалаң. Алагеуім қараңғыда не іздеп мандырасың. Нағашы-жиен
бір-бірімен сағыныса көріскен жерді Жеңіскүл перламутр-седеп туфлиінің
істік тұмсығымен жерді түрткілегенде, седеп туфли әбден шаң-топырақ бол-
ды. Жеңіскүл оны да елеген жоқ. Бриллиант табылса, туфли садақа, оның
тұмсығымен кеніш қазуға да пейіл.
Осы кезде миллиционер кез болады,
Достарыңызбен бөлісу: