Қайыршы бала - Шашы өсіп кеткен. Сірә, үшінші, төртінші сыныптың ба-
ласы. Үсті-басы подвалда түнеп шыққандай мыж-мыж. Алуа деген қарын-
дасы бар.
« Маңызды деректер:
Керімқұл жетіп келген үй: аталас ағайыны Төкеннің үйі.
Айтылған сөз: «Он үште отау иесі».
Керімқұл өзінің жасы 20-ға келген ұлы Нұркені үйлендірмек екен.
Ағайыны ойланып қалады: Өзінің әкесі Құттыбекті баяғыда он үшінде
үйлендірген екен Есей бай. Мына Керімқұлдың әкесі Қарағұл мен Есей
бай бір атадан - Тоқсанбайдан туған.
«Мұныкі де дұрыс-ау, — деп қойды ішінен ағайыны. — Адам бейшараның
ғұмыры қысқа, жүзге келсе де аз ғой. Қарға екеш қарға да үш жүз жыл жа-
сайды дейді. Менің Ботаханым отызға таяды. Әлі бойдақ. Жоқ, бұл
Керімқұлдікі де дұрыс бір жағынан».
Керімқұл мына жағы - Жасылкент, мына жағы - Мәуелі болып ағайын-
ның бәрін жинап, тойға 500 адам шақырмақшы.
«Қарға тамырлы қазақта не көп, жегжат көп».
Қаладағы ең мықты ресторан - «Аспантау».
Төрегелдінің берген сыйы - кіршіңдеу томпақ конверт.
«Ер мойнында қыл арқан шірімес» деуші еді деп, кезінде әпкесін қа-
лыңмалсыз алып кеткенін еске алады.
Жақындағы жегжаттан біраз дәмесі бар еді, бірақ көбісі бір-бір уыс гүл
ұстап келді.
Гүл әкелгендерді көрген Керімқұлдың ойы: «Ата дәстүрін білмеген алба-
стыпар, қай қазақ бұрын тойға гүл ұстап келуші еді? Гүл дегенің кәдімгі
шөп. Аш сиыр болмаса, мұндайды мал да жемейді. Бірер күннен кейін өрт
шалғандай бүрісіп, қарайып қурап қалады. Көп қабатты үйден шығарып,
қоқысқа тастап құр бекер әуре боласың».
Сарыбай грузовикпен құнан қой әкеліп, сыйға береді. Құйрықты қазақы
қой екен, Керімқұл ішінен: «Он мың болып қалар» деп есепке салды. Ораза
кезі болса, бағасы одан да жоғары көтерілер еді, бірақ Ораза айы әлі алыста.
|