«Ежелгі дәуір әдебиеті» «Алып Ер Тұңға» дастаны


тұсында комиссияның құрамында болып, шекара сызығы жүретін межені



Pdf көрінісі
бет128/228
Дата05.03.2024
өлшемі3.69 Mb.
#494339
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   228
Әдебиет пәнінен барлық шығарма талдау 1 (2)

тұсында комиссияның құрамында болып, шекара сызығы жүретін межені
нақты айқындауда, қырғын болып кететін талай қиын-қыстау сәттерде
шешімін тауып отырады. Неден болса да тайынбауға дайын тұрған қарулы
қазақтар ға істің мән-жайын түсіндіріп, қантөгістен сақтап қалады. Ал шекара
бойына жақын отырған қазақтардың екі елдің ішінен өздері таңдаған жағынан
өріс-қоныс берілу мәселесінің шешілуіне де ықпал жасайды. Ши-амбының
орнына келген Мәтен-амбының саясатына Демежан бірден қарсы шығып,
жайылым жерді жөнсіз егіншілікке айналдыруға, сондай-ақ егіншілік жерлер
мен суды халдайлардың иелігіне беруге батыл қарсылық білдіреді. Тоған
салдыруға үкімет тарапынан рұқсат қағазы бар екендігін көре тұра, бұған жол
бергісі келмеген халдайлардың жүрегін қайта ру үшін кеуде соққан белсендісі
Дохалдайдың тоқпақтай айдарын тай күзегендей дәл түбінен борт еткізіп кесіп
алады. Мәтен-амбының парақорлығын әшкерелейді. Мәтен-амбы өз қылмысын


қалайда жасырып қалу үшін қолдан келген қастығын аямай, ең алдымен Қызыл
баланың Ысқағымен келісіп, оны қаруландырып, Демежанға жабылатын
жаланың себепкері ретінде пайдаланады. Келісім бойынша ертеңінде одан да
көп полицеймен тергеушілер тобын әкеліп, өздері көмген дайын өлікті «тауып
алған» болып, Демежанды дереу тұтқындайды. Сөйтіп алдауға түскен өкіл
Демежанға тағылған айыптың ақ-қарасын ашудың орнына халдайлармен ауыз
жаласып, істі жауып кетеді. Деемежанның ісі ақ болғанымен, осындай қолдан
жабылған жаланың құрбаны болып, 1907 жылы көктемде дарға асылады.
Бірақ Демежандай халық батырының рухы сөз түсінетін, сөз ұстайтын, ерін
ардақтайтын елде мәңгі өлмейтінін автор Әсет ақын аузымен айттырады.
«Тағдыр» романының негізгі сюжетін құрайтын басты оқиғалар:
Демежан сияқты халық қайраткерін дарға асып өлтірген патшалық Цин
өкіметінің 1911 жылға дейінгі бірне-ше ғасырға созылған өткен тарихы,
халқының құрамы, салт-санасы, өмір сүру дағдысы романда тарихи құжаттар
негізінде ретімен кіріктіріліп, осы арқылы сол кезеңнің қоғамдық-әлеуметтік
жағдайлары мен уақыт ты ны сы жан-жақты көркем айналымға түсуі;
Шыңжаңның Тарбағатай аймағындағы қазақтардың орналасу тәртібі мен билік
жүйесі, ел билеуші амбы,үкірдайлар мен зәңгілердің образы;
романдағы бас кейіпкердің есімін төртуыл елінің үкірдайы Керімбай
қарындасы Гүлдерайымнан туған баланыөз баласы Сүйежанға ұйқастырып,
Демежан қоюы;
Демежан он жасқа толғанда әке орнына әке болған Керімбайдың аймақ
әміршісі Ши-амбыға қарасты мектеп-ке қытайша оқуға беруі;
бас кейіпкердің оқу бітірген соң тілмаш болуы, одан шекара бөлісіне қатысуы,
әкесі қайтыс болғаннан кейіноның орнына төртуыл еліне үкірдайлық қызметке
сайлануы;
елді диқаншылыққа үйретіп, Демежан займкесінің атағы жер жаруы;
Демежанның өз қолымен отырғызатын жалғыз тал қарағашының үлкен бау-
бақшаға айналуы;
Тарбағатайдың теріскейіндегі (Зайсан) атағы екі өлкеге де кеңінен жайылған
атақты бай Құрман қажының қы-зы, әйелі Бибі ханымның ағайын арасына,
абысын-ажынға жайлылығы, қайырым-мейірімі, балаларын алаламай дұрыс
тәрбиелеуі, осының бәрі жиналып келіп Демежан беделін биікте те беруі.
Бибінің сабыр-тағаттан айырылу себебі: ертең ауылға аттанамыз деген хабар.
Жас келіншек бұл сапарға көптен бері дайындалып жүреді, базарлығын да алып
қойғаан. Барлығын сары ала сандыққа салған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   228




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет