«Ежелгі дәуір әдебиеті» «Алып Ер Тұңға» дастаны


Сәмен - Ожардың мән-жайды айтып берген досы. Көштің жолын білетін, жөн көрсетіп келе жатқан жан. Генс -



Pdf көрінісі
бет149/228
Дата05.03.2024
өлшемі3.69 Mb.
#494339
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   228
Әдебиет пәнінен барлық шығарма талдау 1 (2)

Сәмен - Ожардың мән-жайды айтып берген досы. Көштің жолын білетін, жөн
көрсетіп келе жатқан жан.
Генс - Орынбор генерал-губернаторы
Есіркеген - Семейде төрт жыл орысша оқыған атақты Масан бидің немересі,
көп нәрсенің мағынасын түсінгісі келетін жас жігіт. Петербургтегі кадет корпу-
сына түспек. Есіркеген Кенесары ауылының үстімен жүріп, кетерінде Күмісті
бір көріп қалуды армандап келеді.
Абзал ақсақал - көш басқарған инабатты қария, көш бастаған адамдардың бірі.
Лебедев - суық мылтықты, кәрлі қылышты әскер жасағын басқарып келген жи-
рен мұртты есаул.
Шыңғыс - Қоңырқұлжа аға сұлтанның кіші баласы сары ала түймелі тілмаш
жігіт. Уәлиханның ұрпағы.
Жоламан батыр -  қарттардың ішіндегі қапсағай денелі, қара сақалды, орта
жасқа келіп қалған тұлғалы кісі, көзі қырағы. Құбыла жаққа қадалып қалған.
Оның үстінде темір торлы шолақ сауыт. Басында темір тор далбағай. Сауыты-
ның жеңі шынтағына ғана жетеді. Білегін ішінен киген көк барқыт пешпентінің


жеңі жауып тұр. Оюланған көк барқыт кең балақ шалбар. Аяғында күмістеген
кең қонышты саптама етік. Сауытын ышқырланып алған. Күміс белбеуінде жез
сағалы, қынына алтын жалатқан көк семсер. Сол қолының шынтағына ілген бо-
лат қалқан. Қазір қауіпсіз бір тыныштық шақ болғандықтан шетіне зер ұстаған
көк барқыт шапанын иығына жамыла салған… Бұл — осы көптің қолбасшысы.
Табын руының биі, мың жылқы айдаған сұлтан Тіленші ұлы Жоламан батыр
еді.
Хабаршы жігіт(Байтабын) - Ат үстіндегі қара торы, жас қайыңдай берік, шы-
мыр денелі жігіт. Байтабын үлкен апасынан туған Кіші жүздің Есентемір руын-
дағы жалғыз жиені еді. Жанындай жақсы көретін. Әйтсе де ел қамын ойлаған
Жоламан, қиын-қыстау қатерлі нартәуекел іске көбінесе Байтабынды жұм-
сайтын. Өйткені Байтабын шексіз батыр, епті, айлакер. Тапсырған істі тап-тұй-
нақтай етіп орындап қайтады. Бірақ өзгеге сыр бермегенмен, Жоламан да Байта-
бын оралғанша жанын қоярға жер таппайтын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   228




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет