Жылқы жылы Орынбордың әскери губернаторы Эссенге ата-мекенімізді
қайтарып бер деп хат жазды. Бұған еш жауап келмеді. Эссен жауап орнына қа-
зақтарды құмға қарай сырғыта түсу үшін есаул Падуровты бас етіп арнаулы
жасақ шығарды.
Азғантай адаммен аттанған Падуров қолға түсті. Эссеннің қылығын қор-
лық санаған Жоламан Петербургтағы Бірінші Александр патшаның өзіне
әбілғазының әрінғазы сұлтаны мен Сырым батырдың баласы Жүсіпті
уәкіл етіп жіберді. Патша бұларды қабылдамады, әрі Петербургтен қайта
шығартпай қойды.
Бір жыл өткеннен кейін Жоламан Эссенге тағы хат жазды, өзінің ата-ме-
кен жері жайындағы өтінішін айта келіп, әрінғазы мен Жүсіпті, Орынбор
түрмесінде жатқан Құндақ баласы Төленбайды қоя берсе, есаул Падуровты
босататынын білдірді. Бұл хат та жауапсыз қалды. Бір ай өткеннен кейін
әбден күйінген Жоламан Эссенге үшінші хатын жолдады… Әскери губерна-
тор бұл жолы да жөнді жауап бермеді, тек қолындағы тұтқындардың төлеуі
деп үш жүз жиырма жеті сом ақша жіберді «және бұдан былай қарай ара-
мыздағы келіссөз Серғазы хан арқылы жүргізілсін» деді сол сүлесоқ қал-
пында.
Бұл қорлыққа шыдай алмаған Жоламан ақырында атқа қонды. Соңынан
сарбаздарын ертіп, үш жыл бойы Елек маңайына салынған бекіністер мен
жаңа орнап жатқан қалаларды шабуылдаумен болды.
Жоламан батырдың ойы: «Көп қорқытады, терең батырады.»
Қазақ ат қоюға қандай шебер. Адамның бойындағы бір жақсылығын, не
кемістігін тауып алады да соған сәйкес не мазақтайтын, не кекесін, немесе ма-
дақтайтын бір ат таба қояды. Қара Бура дегендері - Хорунжий Карпов.
Карабин мылтықтың оқтауы жылдам болмағанмен, ол кездегі ең мықты
қару. Жоламан сарбаздарында бұл мылтық атымен жоқ. Жігіттердің қо-
лында сойыл-шоқпар, садақ. Тек кейбіреулерінде ғана Хиуа шеберлері істе-
Достарыңызбен бөлісу: |