Жазылмаса дерт қиын,
Іске аспаған серт қиын.
Ақылыңнан адасып,
Өзің түскен өр қиын,
Тентек болса ұл қиын,
Не істеріңді біле алмай
Ашиды сонда бос миың.»
«
Түсінік: Кім жақын? Не қиын? Не қымбат? деген сауалдарға түсінікті тілде жауап бер-
ген. Бәрінен де әйелің жақын болатынын айтып, Отан, ата-ананың, апа мен әке, елдің, ұят
пен ардың, жардың ең қымбат екенін сөз қылады. Іштен шыққан жау, бітпейтін дау, ауыр
сөз, жзылмас дерт, іске аспаған серт ең қиын дүниелер екенін айтып, одан сақтануға
шақырады.
«СЫРЫМНЫҢ ДАНАЛЫҒЫ»
Бала би мен Сырым:
«Үгітті ұққанға айту керек, ақылды жұққанға айту керек.»
«Ат шабысына қарай шабады, ер намысына қарай шабады.»
«аста тұз тәтті, адамда дос тәтті.»
Негізі Сырым Даттан ағайынды он бір, бірақ өзі былай деп жауап береді: «Мен ағайынды еке-
умін: біреуі -өзім, екіншісі - халқым.»
«Сөз анасы -құлақ, су анасы - бұлақ, жол анасы - тұяқ, дін анасы - ұят.»
«Өтірік пен шынның арасы - төрт елі. Көз бен көргеннің арасы, құлақ пен естігеннің арасы
неше шақырым деп мені алдамаңыз.»
«Дау мұраты - біту, сауда мұраты - ұту, жол мұраты - жету, қыз мұраты - кету»
«
Түсінік Сырым Бала бидің қойған сұрақтарына шешендікпен жауап берген және барлық
сөздің бір астары бар екенін байқауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: