«Ежелгі дәуір әдебиеті» «Алып Ер Тұңға» дастаны


Ақиық, мұзбалақпын жерге түспес



Pdf көрінісі
бет38/228
Дата05.03.2024
өлшемі3.69 Mb.
#494339
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   228
Әдебиет пәнінен барлық шығарма талдау 1 (2)

Ақиық, мұзбалақпын жерге түспес, 
Кең колтық арғымақпын алқымы іспес. 
Басайын аптығынды тез шық, Сара, 
Сен түгіл, әкендеймен болдым істес. 
Бұл үйде Сара бар ма, отыр неғып? 
Қарсы ұшпай, тотықұстай қанат қағып. 
Жел қабыз, жез тағалы еніреумін, 
Қара тер шыққан сайын кетем ағып…
Қыз ұялғанынан көріспеген соң, Біржанның айтқаны:
…Баласы Қожағұлдың Біржан салмын, 
Сен түгіл, сенен артық құмар маған. 
Жалымнан ұстаған қызда арман қалмас, 
Жібек жал арғымақпен тұмарланған. 
Алмайтын еркек тілін жының бар ма, 
Адам деп сөз айтамын. Сара саған?! 
Сонда Сараның берген жауабы: 
Ей, Біржан, кімге дәрі амандығың, 
Сөз білсең, бұ да сенің жамандығың. 
«Қиссасу-л-Әнбиеден»
естімеп пе ен? 
Белгілі мәлім болды надандығың. 
Адамды топырақтан жаратты хақ, 


Надандығың білінсін, бұл сөзге бак. 
Хауаға бұрын барған Адамата, 
Бұл салттан кетпекшісің қалай аттап? 
Данышпан, білгіш қой деп ойлаушы едім, 
Арғын да жүр екен ғой жоқты мақтап… 
Сонда Біржан сөйлейді: 
…Атадан Біржан сал боп тудым артық. 
Ұраным - «Ер Қарқабат, Алтай-Қарпық»
Аққумен аспандағы ән қосамын,
Қозғасам ашы күйді түптен тартып.
Қырмызы, асыл бекзат бар мінезім,
Кетер ем еркек болсан бір-ақ тарпып.
Бар еді қыз сыйлайтұғын бір мінезім.
Самғаймын бәйге атындай артып-артып.
Көкшетау дуанына даңкым барған,
Мен - Біржан, алтын тудай айқындалған.
Есіткелі, Сара, сені үш жыл болды
,
Сері едім төңірекке құлаш салған.
Түлкінің жүгірісін қыран байқар,
Ұялсан, сөзің емес маған айтар.
Қандыкөз, май жеп алған ақиықпын.
Сен түгіл, қасқыр көрсе бір-ақ шайнар…
Сонда Сараның айтқаны: 
Ей, Біржан, жасын үлкен, өзің аға, 
Қымбаттығым белгілі, білсең баға. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   228




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет