«Ежелгі дәуір әдебиеті» «Алып Ер Тұңға» дастаны


Шешімі: Еңлік пен Кебекті өлім жазасына кесулері, соңғы тілек. Эпилог



Pdf көрінісі
бет46/228
Дата05.03.2024
өлшемі3.69 Mb.
#494339
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   228
Әдебиет пәнінен барлық шығарма талдау 1 (2)

Шешімі: Еңлік пен Кебекті өлім жазасына кесулері, соңғы тілек.
Эпилог: Автордың соңғы сөзі.
«
Кейіпкерлері:
Кебек - Тобықтының Жуантаяқ руынан шыққан Тоқтамыстың інісі, он бесінде аты шыққан жас батыр, «Ол Ке-
бек мықты болған жас басынан», «жасы бала болса да, жаны отты», «Атты, жаяу бәріне бірдей мықты, Көзі өт-
кір, қара торы жігіт екен, Орта бойлы: тапалдау, кең иықты. Ел қамы үшін өлуге жанын салып, Соғыс десе тұр-
майды қойса байлап. Жауға батыл, жақынға және әдепті, Кішіні іні, үлкенді ағатайлап...»
Тоқтамыс - Кебектің Жуантаяқтан шыққан ағасы, Кебекті қасынан тастамайтын болған.
Нысан абыз - шын дәулескер бақсының өзі, балгер, айтқаны дәл келетін сәуегей.
Еңлік - Матайдан шыққан, Ақынның бойжеткен қызы. Өзі қаламаған жанға атастырылған, өз болашағын ой-
лайтын өжет мінезді қыз.
Кеңгірбай(ел Қабеке деп ат қойған) - Тобықтының биі, ел ішінде өте қадірлі, сөзі қабыл болатын дуалы ауыз-
ды Әнет бидің ұрпағы.
Көбей - Кеңгірбай мен елдің арасындағы сөзді алып жүретін жүрік би, Кеңгірбайдың жұмбақтап айтқан жауа-
бын тез шешкен.
Матақ, Кембай - Көбейден кейінгі елдің басты адамдары.
Есен - найман батыры.
Жомарт, Еспембет - найманның елшілері.
«
Маңызды деректер:
Тобықты - Орта жүз Арғын тайпасының руы.
Жуантаяқ - Тобықты руынынң ішіндегі бір тармақ.
Матай - найман руының ішіндегі бір тармақ.
Найман - Орта жүз руы.
Арғын - Орта жүздің руы.
Кіріспеде «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» оқиғасы, жұтқа ұшыраған ел жайы, жауларын жеңіп Шыңғы-
стауға келген Тобықтының осы жерді мекен етіп отырған найман-матаймен арадағы жер дауы суреттеледі.
«Ақыл деген денеге егулі дән».
Қалқаман қиссасында Ақтабан шұбырынды 1723 жылы болған делінген.
Жер-су аттары мен тарихи есімдер: Сырдан қалмақ қуып, ел Шуға көшеді, Саумал көлді сұлап жатады(Осы
жерде сөз сөйлеген Шақшақ Жәнібек: «Ақтабан шұбырынды мұның аты, біз де кегімізді алармыз...» - дейді). Ба-
тырлар алған жерлер: Есіл, Нұра, Сарысу, Қарқаралы, Шалқар көл, Ұлытау. Қыстамақ болған жер: Ор, Елек, Ой-
ыл, Қиыл. Жаз жайлауы - Мұғалжар. Кіші жүз көшкен жер - Орал жақ(таққа мінген Әбілқайыр, 1731 жыл шама-
сы).Жеті момын өткен жер: Ырғыз, Торғай. (Ұлы жүзде үлкен хан - Әбілмәмбет: «Қалмақпен соғысам,» - деп ха-
бар салды, Орта жүзден Сәмеке хан аттанды). Бұл соғыстар өтіп, қалмақтардың сыбағасын берген кезең - Абы-
лай хан келген кез.
Қалмақтар мекен етіп алған жерлер: Тарбағатай, Шыңғыстың жан-жағы, осы кещде жаман сасып, Нұржайсаң
мен Шәушектен өте қашқан. Атақоныс - Арқаны босатады. Қалмақпен шабысуға Мамай келіп, босап қалған
Шыңғысқа көздері түседі. Атғай, Қарауыл мен Бәсентиін көшпейді. Шыңғысты Матай алады. Қанжығалы орта
жолда қалады.
1780-ге тақалғанда Мамай батыр елді бастап, Орда, Көкен, Ащысу, Доғалаңға келеді. Батыры көп Жуантаяқ
қырды алып, Бөктерге таласады. Қабекең өрлеген жер - шөбі шүйгін малға жайлы жер ғой деп Шидің бойы.
Билер: Кеңгірбай, Қараменнде.
Айтылған жыр: «Қалқаман-Мамыр».
Кебек - Жуантаяқ, Тобықты руынан, тұлпары - Қозыкүрең.
Кебекке Нысан абыздың айтқаны: «Ажалың - биік қабақ сұрлау қыздан...»
Қарашада алғашқы қар жауып, қансонарға шыққан Кебек түлкі аулап жүргенде құсты жоғалтып алып, әзер таба-
ды. Қатты боран басталып, адасып қалады.
Жолай Хақан өзеніндегі Матай үйіне түседі. Осы күні Боқтыбай қыстаған, Қаражартас деген жер. Үй іші жатпақ


түгіл, тамағын жеп болмапты, үй ішінде шал мен кемпір, тағы бір малшы бала мен бойжеткен қыз ғана екен.
Кебекті сынап, түнде оятып, өз мұңын шаққан жан: Еңлік.
Еңлікті сақал-мұрттан нышаны жоқ, ұйқыдан бас көтермейтін, күндіз ескі жұрттан асық іздейтін, есіктегі күңге
дейін тәжім ететін жанға атастырыпты.
Кебектің уәжі: Соғысқа ылтау таппай отырған Тобықты мен Матай арасын бұзып алмаймыз ба деген күдік.
Соңында «Сен өлген жерде мен де өлемін,» - деп серттеседі.
Табысатын жерлері - Қаражартас. 6 айдай уақыт өткенде екі ел арасы бітімге келгенін естіп, екі жас қашып ке-
теді. Таң атпай Ордаға жетіп барып, ағаштан балаған қып арша жауып, бекініп, бір дарада жатып алады.
Қойш Еңліктің жоғалғанын естіртіп, Матай елінен шу шығады, бір Матайдың ілулі тұрған түлкіге көзі түсіп,
ақырында Кебектің қызды алып қашқаны аян болады.
Қабекеге Көбей ақыл сұрап келгенде айтқаны: «Ей, Көбей, сұңқар қалай, тауық қалай? Тоқтамыс жолаушылап
кетіп еді, Сол келгенше өтпей ме уақыт талай?»
Наймандар Тобықтының малына шапқандықтан, тобықтылар ақыр соңындаНайманды ертіп, Кебектің жатқан
жерін айтып береді.
Еңлік-Кебек үш айдай бір дарада жатқанда, айы толып, бір ұл табады. Екеуі сол баланы ермек қылады. Қыз ояу,
Кебек ұйықтап жатқанда жау келеді, балалары бесігімен қала береді. Өздері қашып бара жатқанда, Еңлік ауып
кетде, Кебек мінгестіріп алуға аттан түскенде оларды ұстап алады.
Байлап алып тамам найман жиылған Ащысуға алп келеді. Еңлік үш тілек тілейді: «Кебекпен аз ғана араздастыр,
өген соң бірге қосып таспен бастыр, мына Тобықты баласын өлтірмей, Кеңгірбай биге тапсыр».
Екі жасты ат құйрығына байлап өлтіреді, «Матайлап» ұран салып, өлтіріп бір төбеге қойып кетеді. Еңлік-Кебек
моласы бүгінде Таймас пен Ералының арасында.
Бала шеткі Ақшоқы басында күн батқанша жылап қала береді...


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   228




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет